Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы № А-1/3 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 3617 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
      3.Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков