Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 593 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қазанда № 3843 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы әкімдігінің «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2012 жылғы 25 маусымдағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-186, 2012 жылдың 17 шілдесінде «Зеренді» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
      ««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Зеренді ауданы әкімдігінің «2013 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3605, 2013 жылдың 1 ақпанында «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
      ««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е.Жүсіпбеков