Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № А-1/54 "Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/406 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қазанда № 3863 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № А-4/123 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № А-1/54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3658 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 наурызда "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігенов