РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында, «Ақмола облысы әкімдігі мен мәслихаттың қарауына Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы ұсыныс енгізу туралы» Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № А-3/101 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 наурыздағы № С 15-6 шешімі, «Аршалы ауданы Волгодонов селолық округінің Береке селосын басқа ауылдық санатқа ауыстыру жөніндегі ұсынысты енгізу туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № А-67 қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 13/6 шешімі, «Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық орналасуын өзгерту бойынша ұсыныс енгізу туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 173 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 5С-17-3 шешімі, «87-разъезді жабу және оны Атбасар ауданының Тельман селолық округінің Тельман селосының құрамына қосу туралы ұсыныстар енгізу туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № а-6/317 қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С 16/4 шешімі, «Есенкелді ауылдық округін, Борисовка, Новосельский, Сепе, Сочинский селолық округтерін өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № а-13/715 қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 5С 12/5 шешімі, «Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша ұсыныс енгізу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № а-6/345 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 5С-16/2 шешімі, «Ақмола облысы Бурабай ауданының «17 разъезд» және «19 разъезд» елді мекендерін басқа қоныстар санатына көшіру туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № а-6/346 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 5С-16/3 шешімі, «Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округін қайта құрылуы туралы ұсынысты енгізу туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № а-12/275 қаулысы мен Егіндікөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 5С 21-2 шешімі, «Еңбекшілдер ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу туралы» Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № а-3/134 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 мамырдағы № С-16/2 шешімі, «Ерейментау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № а-3/155 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 5С-13/8-13 шешімі, «Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № а-11/514 қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/2 шешімі, «Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № а-4/194 қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 17/11 шешімі, «Жарқайың ауданының кейбір ауылдық округтерінің қайта құрылуы туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № А-6/194 қаулысы мен Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 5С-21/2 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ақкөл ауданы бойынша:
Наумовка селолық округінің Филипповка ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Наумовка селолық округінің Филипповка қонысының тұрғындары Наумовка ауылдық округі Наумовка ауылының құрамына енгізілсін;
2) Аршалы ауданы бойынша:
Волгодонов селолық округінің Береке ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Волгодонов селолық округі Береке қонысының тұрғындары Волгодонов селолық округі Қойгелді ауылының құрамына енгізілсін;
3) Астрахан ауданы бойынша:
Каменка селолық округі Каменка ауылы болып қайта құрылсын;
4) Атбасар ауданы бойынша:
Борисовка селолық округі Борисовка ауылы болып қайта құрылсын;
Новосельский селолық округі Новосельское ауылы болып қайта құрылсын;
Сепе селолық округі Сепе ауылы болып қайта құрылсын;
Сочинский селолық округі Сочинское ауылы болып қайта құрылсын;
Есенгелді ауылдық округі Есенгелді ауылы болып қайта құрылсын;
Тельман селолық округінің 87-разъезд ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Тельман селолық округінің 87-разъезд ауылының тұрғындары Тельман селолық округі Тельман ауылының құрамына енгізілсін;
5) Бурабай ауданы бойынша:
Наурызбай селолық округі Наурызбай батыр ауылы болып қайта құрылсын;
Кенесары селолық округінің 17-разъезд және 19-разъезд ауылдары басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Кенесары селолық округің 17-разъезд және 19-разъезд ауылдарының тұрғындары Кенесары селолық округі Кенесары ауылының құрамына енгізілсін;
6) Егіндікөл ауданы бойынша:
Бауман селолық округі Бауман ауылы болып қайта құрылсын;
7) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Еңбекшілдер селолық округінің Атансор ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Еңбекшілдер селолық округінің Атансор ауылының тұрғындары Еңбекшілдер селолық округі Еңбекшілдер ауылының құрамына енгізілсін;
Кеңащы селолық округі Кеңащы ауылы болып қайта құрылсын;
Заозерный селолық округі Заозерное ауылы болып қайта құрылсын;
Краснофлотский селолық округі Краснофлотское ауылы болып қайта құрылсын;
Мамай селолық округі Мамай ауылы болып қайта құрылсын;
8) Ерейментау ауданы бойынша:
Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылы болып қайта құрылсын;
9) Есіл ауданы бойынша:
Красивинский селолық округінің Тасоба ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Красивинский селолық округі Тасоба ауылының тұрғындары Красивинский селолық округі Красивое ауылының құрамына енгізілсін;
Знаменский селолық округінің Елтай ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Знаменский селолық округі Елтай қонысының тұрғындары Знаменский селолық округі Знаменка ауылының құрамына енгізілсін;
Знаменский селолық округі Знаменка ауылы болып қайта құрылсын;
Юбилейный селолық округі, оның құрамына Біртал селолық округінің Ейское ауылы енгізіліп қайта құрылсын;
Интернациональное, Біртал және Алматы ауылдарының шекараларында орталығы Интернациональное ауылы болып Интернациональный ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын;
Юбилейный селолық округінің шекарасы Интернациональное ауылын Юбилейный селолық округінің әкімшілік бағынысынан Интернациональный ауылдық округінің әкімшілік бағынысына беру арқылы өзгертілсін;
Біртал селолық округі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
10) Жарқайың ауданы бойынша:
Шойындыкөл селолық округі Шойындыкөл ауылы болып қайта құрылсын;
Пятигорское селолық округі Пятигорское ауылы болып қайта құрылсын;
Гастелло селолық округі Гастелло ауылы болып қайта құрылсын;
Құмсуат селолық округі Құмсуат ауылы болып қайта құрылсын;
Бірсуат селолық округі Бірсуат ауылы болып қайта құрылсын;
Львовское селолық округі Львовское ауылы болып қайта құрылсын;
Үшқарасу селолық округі Үшқарасу ауылы болып қайта құрылсын;
Пригородное селолық округі Пригородное ауылы болып қайта құрылсын;
Тасөткел селолық округі Тасөткел ауылы болып қайта құрылсын;
Тассуат селолық округі Тассуат ауылы болып қайта құрылсын;
Далабай селолық округі Далабай ауылы болып қайта құрылсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі Қ. Айтмұхаметов
Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы Н. Ысқақов
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Н. Дьячек