Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/550 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 3957 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2009 жылғы 11 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Қосымшаға сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";
      қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі".
      2. Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/668 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3632 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2013 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы";
      2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы келісілсін.";
      2-қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы".
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Айтмұхаметов