2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау жүйесі біліктілігінің салалық негіздемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 772 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау жүйесі біліктілігінің салалық негіздемесі
1. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау жүйесі біліктіліктің салалық негіздемесі (бұдан әрі -БСН) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 16 қарашадағы № 174 (2356) Заң газетінде; 2012 жылғы 24 қарашадағы № 408-409 (27227-27228) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін, сегіз біліктілік деңгейін қамтиды.
2. БСН біліктіліктерді қатар салыстыруды қамтамасыз ете отырып, кәсіби стандарттарды (бұдан әрі – КС) әзірлеу үшін біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шкаласын анықтайды және мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және біліктілік беру жүйесі үшін негіз болып табылады.
3. БСН-да нәтижелердің жалпы сипаттамасы беріледі, егжей-тегжейлі нақтылау КС-да жүзеге асырылады.
4. БСН қолданушылардың түрлі топтарына (жұмыс берушілер, білім беру ұйымдары, азаматтар, жұмысшылар) арналған және мыналарға:
1) КС мен білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде жұмысшылардың, түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқарас тұрғысынан сипаттауға;
2) барлық кәсіби білім деңгейлерінің жұмыскерлері мен түлектерінің біліктілігін анықтаудың бағалау материалдары мен процедураларын әзірлеуге;
3) нақты бір біліктілік деңгейін алуға, карьералық өсуге алып келетін әртүрлі білім траекторияларын жоспарлауға мүмкіндік береді.
5. БСН-да қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
2) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы тарапынан мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды реттеудің құқықтық және институционалдық тетіктерінің жиынтығы;
3) біліктіліктің салалық негіздемесі – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
4) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақыт бір саласында біліктілік пен өкілеттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
5) білім – оқу мен жеке тәжірибенің арқасында ақпаратты игеру, бағалануы тиіс болатын оқу мен жұмыс саласына жататын фактілердің, қағидаларының, теория мен практиканың жиыны;
6) икем – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімін қолдану және өкілеттілікті байқату қабілеті (логикалық, интуициялық, шығармашылық және практикалық ойлауды қолдану);
7) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығы бойында алынуы және тиімді қолданылуы мүмкін білім мен дағдылар;
8) өкілеттілік – білгілі бір біліктілік деңгейінің кәсіби қызметінің міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін субъект қызметінің сапасы;
9) БСН 1-қосымшасына сәйкес құрылымда рәсімделген шеңберлік конструкция болып табылады.
6. БСН әрбір біліктілік деңгейіне арналған сипаттауан, кәсіби қызметтің жалпы сипаттамасынан тұрады:
1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды анықтайды, кәсіби қызметтің келесі ерекшеліктеріне:
қолданылатын ақпараттың көлемі мен күрделілігіне;
инновациялық білімдеріне;
олардың абстрактілік (теориялық және практикалық білімі мен дағдыларының арақатынасы) дәрежесіне тәуелді болады. Оның көріну дәржесі (бірінен екіншісіне өту) құрамдас көрсеткіштердің бірінің (кез келгенінің), екеуінің немесе үшеуінің өзгеруімен байланысты болуы мүмкін.
2) икем мен дағдылар – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және икемдерге қойылатын талаптарды анықтайды және кәсіби қызметтің келесі ерекшеліктеріне:
кәсіби міндеттерді шешу әдістерінің көптігіне (алуан түрлілігіне), бұл әдістерді таңдау немесе әзірлеу қажеттігіне;
жұмыс жайының белігісіздік дәрежесіне және оның дамуының болжамсыздығына тәуелді болады. Аталмыш көрсеткіш кешенді болып табылады. Оның көріну дәрежесі (бір біліктілік деңгейінен екіншісіне өту) құрамдас көрсеткіштердің бірінің (кез келгенінің), сондай-ақ екеуінің де өзгеруімен байланысты болуы мүмкін;
3) тұлғалық және кәсіби өкілеттіліктер – бұл көрсеткіш қызметкердің құзіретінің ауқымдылығын және келесі үш негізгі көріну дәрежесіне ие жауапкершілігін анықтайды:
басшылық аясындағы қызмет;
дербес атқарушылық қызмет;
басқаларға басшылық ету.
Құзіреттер мен жауапкершіліктің ауқымдылығы қызметтің ауқымымен, мүмкін қателіктің ұйым, облыс, сала үшін құнымен, оның әлеуметтік, экологиялық, экономикалық салдарларымен және ұқсас салдарларымен, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі қызметтерін (мақсатты болжамдау, орындаушыларды (қызметкерлерді, жұмысшыларды) ұйымдастыру, бақылау, уәждеу) іске асырудың толықтығымен байланысты.
7. БСН-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидасы біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай үздіксіздігі және сабақтастығы, оларды сипаттаудың ашықтығы болып табылады.
8. Біліктілік деңгейі нақты білім беру бағдарламасын және/ немесе практикалық тәжірибені игерудің нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті қосымша жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мүмкін болады.
Біліктілік деңгейі жұмыста практикалық тәжірибе жинақтау, өз бетінше оқу және оқыту шамасына қарай өсуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың түрлі нысандарын есепке алу жүйенің салалық біліктілігі ішінде өтетін болады.
Қызметкердің білімі мен практикалық тәжірибесін есепке алу, біліктілікті арттыру курстары арқылы жекелеген білім траекториясын жасау біліктілік деңгейлерінің жоғарысына қарай да, көлденеңі бойынша да қозғалуға мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлерін білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесі деңгейлерімен салыстыру БСН-ге 2-қосымшаға сәйкес біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша анықталады.
9. Денсаулық сақтау жүйесі біліктіліктерінің салалық негіздемесі (БСН) денсаулық сақтау саласының қызметкерлердің өкілеттіліктеріне қоятын біліктілік талаптарының құрылымдалған сипаттамасын қамтиды.
БСН Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңберінің (ҰБШ) негізінде әзірленді және мына кездерде:
денсаулық сақтау жүйесінің: медициналық қызмет;
фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы; денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару салаларындағы салалық кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарын әзірлеуде;
денсаулық сақтау саласының қажеттіліктеріне сәйкес еңбек нарығын дамыту, кадрлық ресурстарды және медициналық білім беру жүйесін дамыту стратегиясын қалыптастыруда;
денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің ашық әрі басқарылатын еңбекақы жүйесін құруда қолданылады.
10. БСН Ұлттық біліктілік жүйесін құру шеңберінде денсаулық сақтау саласының салалық кәсіби стандарттарын әзірлеумен айналысатын сарапшыларға, әзірлеушілерге, жұмысшы топтарының мүшелеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс берушілеріне, басшыларына және мамандарына, медициналық ұйымдардың кадр қызметтеріне және медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған.
БСН мемлекеттік және салалық саясаттың ел азаматтарын денсаулық сақтау жүйесінің сапалы, жоғары технологиялық, тиімді қызметтерімен қамтамасыз етудегі құралы болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесінің өндірістік қызметінің өнімдері болып:
медициналық көмек;
дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз ету;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және қоғамдық денсаулықты қорғау;
медициналық білім беру және ғылыми жетістіктер;
денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік реттеу және қадағалау табылады.
Денсаулық сақтау жүйесі
біліктілігінің салалық негіздемесіне
1-қосымша
Денсаулық сақтау жүйесі біліктілігінің салалық
негіздемесінің құрылымы
ҰБШ деңгейлері |
БСН деңгейлері |
Қызмет саласы: мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет |
||
Білім |
Білік пен дағды |
Тұлғалық және кәсіби құзыреттер |
||
1 |
1 |
Нұсқама немесе жұмыс орнында оқыту процесінде алған негізгі жалпы білім. |
1) белгілі жағдайда стандарт тәжірибелік тапсырмаларды орындау; |
1) жеке жауапкершілік; |
2 |
2 |
Кәсіби даярлау процесінде және өз бетінше алған білім. |
1) стандарт және біртекті тәжірибелік міндеттерді шешу; |
1) жеке жауапкершілік; |
3 |
3 |
Кәсіби даярлау процесінде және өз бетінше алған практикаға бағытталған кәсіби білім. |
1) стандарт және біртекті практикалық міндеттерді шешу; |
1) тапсырмаларды орындауға жеке жауапкершілік; |
4.1 |
Кәсіби білім процесінде алған мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) 1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласының негізгі күрделілік санатындағы практикалық міндеттерін шешу; |
1) мейіргерлік және дәрігерге дейінгі орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және негізгі күрделілік санатындағы мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жоспарлау; |
|
4.2. |
Кәсіби медициналық білім, мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласында екінші санатқа дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибесі негізінде мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласының екінші күрделілік санатындағы практикалық міндеттерін шешу; |
1) мейіргерлік және дәрігерге дейінгі орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және екінші күрделілік санатындағы мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жоспарлау; |
|
4.3. |
Кәсіби медициналық білім, мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласында бірінші санатқа дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибесі негізінде мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласының бірінші күрделілік санатындағы практикалық міндеттерін шешу; |
1) мейіргерлік және дәрігерге дейінгі орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және бірінші күрделілік санатындағы мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жоспарлау; |
|
4.4. |
Кәсіби медициналық білім, мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласында жоғары санатқа дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибесі негізінде мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласының жоғары күрделілік санатындағы практикалық міндеттерін шешу; |
1) мейіргерлік және дәрігерге дейінгі орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және жоғары күрделілік санатындағы мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметті жоспарлау; |
|
5 |
5 |
Кәсіби (практикалық және теориялық)медициналық білім мен практикалық тәжірибе (немесе мейіргерлік және дәрігерге дейінгі саладағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі). |
1) әртүрлі шешу тәсілдерін болжайтын мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласының практикалық міндеттерін шешу және таңдау; |
1) олардың мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметінің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
6 |
6. |
Арнайы (практикалық және (теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын медициналық білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы мейіргерлік және дәрігерге дейінгі көмекті жүзеге асыру проблемаларын шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде мейіргерлік және дәрігерге дейінгі сала қызметінің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; 2) тапсырылған учаскедегі жұмысты денсаулық сақтау ұйымының басқа учаскелерінің қызметімен келісу; |
7 |
7. |
Кәсіби немесе ғылыми білімді (оның ішінде инновациялық) және мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласындағы тәжірибені синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық және әдістемелік сипаттағы мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызмет саласының проблемаларын шешу; |
1) денсаулық сақтау ұйымы немесе бөлімше деңгейінде нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып қызметкерлердің (топтың) мейіргерлік және дәрігерге дейінгі қызметіне басшылық; |
8 |
8. |
Ғылым және мейіргерлік және дәрігерге дейінгі медициналық қызмет саласындағы ең озық деңгейдегі білім. |
1) мейіргерлік және дәрігерге дейінгі көмектің жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) халыққа мейіргерлік және дәрігерге дейінгі көмек берудің ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
ҰБШ деңгейлері |
БСН деңгейлері |
Қызмет саласы: дәрігерлік қызмет |
||
Білім |
Білік пен дағды |
Тұлғалық және кәсіби құзыреттер |
||
7 |
7.1.С |
Дәрігерлік қызмет саласының негізгі күрделілік санатындағы білікті медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің негізгі күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің негізгі күрделілік санатын жүзеге асыру; |
7.1.В |
Дәрігерлік қызмет саласының негізгі күрделілік санатындағы мамандандырылған медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің негізгі күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің негізгі күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.2.С |
Дәрігерлік қызмет саласының екінші күрделілік санатындағы білікті медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің екінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің екінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.2.В |
Дәрігерлік қызмет саласының екінші күрделілік санатындағы мамандандырылған медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің екінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің екінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.3.С |
Дәрігерлік қызмет саласының бірінші күрделілік санатындағы білікті медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің бірінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің бірінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.3.В |
Дәрігерлік қызмет саласының бірінші күрделілік санатындағы мамандандырылған медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің бірінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің бірінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.3.А |
Дәрігерлік қызмет саласының бірінші күрделілік санатындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының жоғары мамандандырылған медициналық көмегінің бірінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының жоғары мамандандырылған медициналық көмегінің бірінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.4.С |
Дәрігерлік қызмет саласының жоғары күрделілік санатындағы білікті медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің жоғары күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының білікті медициналық көмегінің жоғары күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.4.В |
Дәрігерлік қызмет саласының жоғары күрделілік санатындағы мамандандырылған медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің жоғары күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының мамандандырылған медициналық көмегінің жоғары күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.4.А |
Дәрігерлік қызмет саласының жоғары күрделілік санатындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмегінің кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, дәрігерлік қызмет саласының жоғары мамандандырылған медициналық көмегінің жоғары күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) дәрігерлік қызмет саласының жоғары мамандандырылған медициналық көмегінің жоғары күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
8 |
8. |
Ғылым және дәрігерлік қызмет саласында ең озық деңгейдегі білім. |
1) дәрігерлік көмектің жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) халыққа дәрігерлік көмек берудің ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
ҰБШ деңгейлері |
БСН деңгейлері |
Қызмет саласы: сараптамалық-диагностикалық қызмет |
||
Білім |
Білік пен дағды |
Тұлғалық және кәсіби құзыреттер |
||
4 |
4.1 |
Кәсіби медициналық білім процесінде алған сараптамалық-диагностикалық саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының негізгі күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) сараптамалық-диагностикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және негізгі күрделілік санатының сараптамалық-диагностикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
4.2. |
Кәсіби медициналық білім, дәрігерге дейінгі қызмет саласындағы екіншіге дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибенің негізінде дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының екінші күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) сараптамалық-диагностикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және екінші күрделілік санатының сараптамалық-диагностикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
|
4.3. |
Кәсіби медициналық білім, дәрігерге дейінгі қызмет саласындағы біріншіге дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибенің негізінде дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының бірінші күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) сараптамалық-диагностикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және бірінші күрделілік санатының сараптамалық-диагностикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
|
4.4. |
Кәсіби медициналық білім, дәрігерге дейінгі қызмет саласындағы жоғарыға дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибенің негізінде дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының жоғары күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) сараптамалық-диагностикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және жоғары күрделілік санатының сараптамалық-диагностикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
|
5 |
5 |
Кәсіби (практикалық және теориялық) медициналық білім мен практикалық тәжірибе (немесе сараптамалық-диагностикалық саладағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі). |
1) әртүрлі шешу тәсілдерін және оларды таңдауды болжайтын, сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының практикалық міндеттерін шешу; |
1) олардың сараптамалық-диагностикалық қызметінің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
6 |
6. |
Арнайы (практикалық және теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін сараптамалық-диагностикалық қызмет. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын медициналық білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы сараптамалық-диагностикалық қызметті жүзеге асырудың проблемаларын шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде сараптамалық-диагностикалық қызметтің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
7 |
7.1. |
Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының негізгі күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының негізгі күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының негізгі күрделілік санатын жүзеге асыру; |
7.2. |
Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының екінші күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының екінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының екінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.3. |
Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының бірінші күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының бірінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының бірінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.4. |
Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының жоғары күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының жоғары күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) Сараптамалық-диагностикалық қызмет саласының жоғары күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
8 |
8. |
Ғылым және сараптамалық-диагностикалық қызмет саласында ең озық деңгейдегі білім. |
1) сараптамалық-диагностикалық қызметтің жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) сараптамалық-диагностикалық қызметтің ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
ҰБШ деңгейлері |
БСН деңгейлері |
Қызмет саласы: фармация |
||
Білім |
Білік пен дағды |
Тұлғалық және кәсіби құзыреттер |
||
4 |
4.1 |
Кәсіби медициналық білім процесінде алған, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін фармацевтикалық қызмет саласының негізгі күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) фармацевтикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және негізгі күрделілік санатының фармацевтикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
4.2. |
Кәсіби медициналық білім процесінде алған, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін фармацевтикалық қызмет саласының екінші күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) фармацевтикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және екінші күрделілік санатының фармацевтикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
|
4.3. |
Кәсіби медициналық білім процесінде алған, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін фармацевтикалық қызмет саласының бірінші күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) фармацевтикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және бірінші күрделілік санатының фармацевтикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
|
4.4. |
Кәсіби медициналық білім процесінде алған, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін фармацевтикалық қызмет саласының жоғары күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) фармацевтикалық орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және жоғары күрделілік санатының фармацевтикалық саладағы қызметті жоспарлау; |
|
5 |
5 |
Кәсіби (практикалық және теориялық) фармацевтикалық білім мен практикалық тәжірибе (немесе фармацевтикалық саладағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі). |
1) әртүрлі шешу тәсілдерін және оларды таңдауды болжайтын, фармацевтикалық қызмет саласының практикалық міндеттерін шешу; |
1) олардың фармацевтикалық қызметінің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
6 |
6. |
Арнайы (практикалық және теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін фармацевтикалық қызмет. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын фармацевтикалық білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы фармацевтикалық қызметті жүзеге асырудың проблемаларын шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде фармацевтикалық қызметтің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
7 |
7. |
Фармацевтикалық қызмет саласындағы кәсіби немесе ғылыми білімді (оның ішінде инновациялық) және тәжірибені синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, Фармацевтикалық қызмет саласының проблемаларын шешу; |
1) денсаулық сақтау ұйымы немесе бөлімше деңгейінде фармацевтикалық қызметтің нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерге (топқа) басшылық ету; |
8 |
8. |
Ғылым және фармацевтикалық қызмет саласында ең озық деңгейдегі білім. |
1) фармацевтикалық көмектің жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) халыққа фармацевтикалық көмек берудің ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
ҰБШ деңгейлері |
БСН деңгейлері |
Қызмет саласы: қоғамдық денсаулық сақтау |
||
Білім |
Білік пен дағды |
Тұлғалық және кәсіби құзыреттер |
||
4 |
4 |
Кәсіби білім процесінде алған, қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) қоғамдық денсаулықты қорғау кезінде, жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін практикалық міндеттерін шешу; |
1) қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі қызметті жоспарлау; |
6 |
6. |
Арнайы (практикалық және теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі қызмет. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын қоғамдық денсаулықты қорғау саласындағы білімге жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы қоғамдық денсаулықты қорғауды жүзеге асырудың проблемаларын шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде қоғамдық денсаулықты қорғаудың нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
7 |
7.1. |
Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы негізгі күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы негізгі күрделілік санатының проблемаларын шешу; |
1) қоғамдық денсаулықты қорғауда негізгі күрделілік санатын жүзеге асыру; |
7.2. |
Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы екінші күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы екінші күрделілік санатының проблемаларын шешу; |
1) қоғамдық денсаулықты қорғауда екінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.3. |
Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы бірінші күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы бірінші күрделілік санатының проблемаларын шешу; |
1) қоғамдық денсаулықты қорғауда бірінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.4. |
Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы жоғары күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі саласындағы жоғары күрделілік санатының проблемаларын шешу; |
1) қоғамдық денсаулықты қорғауда жоғары күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
8 |
8. |
Ғылым және қоғамдық денсаулық сақтау саласында ең озық деңгейдегі білім. |
1) қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) қоғамдық денсаулық сақтаудың ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
ҰБШ деңгейлері |
БСН деңгейлері |
Қызмет саласы: денсаулық сақтау менеджменті |
||
Білім |
Білік пен дағды |
Тұлғалық және кәсіби құзыреттер |
||
5 |
5 |
Кәсіби (практикалық және теориялық) білім мен практикалық тәжірибе (немесе денсаулық сақтау менеджменті саласындағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі). |
1) әртүрлі шешу тәсілдерін және оларды таңдауды болжайтын, денсаулық сақтау менеджменті саласындағы практикалық міндеттерді шешу; |
1) олардың денсаулық сақтау менеджменті саласындағы нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
6 |
6.1 |
Арнайы (практикалық және теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін желілік деңгей менеджменті. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын кәсіби білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы желілік деңгей менеджменті саласындағы жүзеге асырудың проблемаларын шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде желілік деңгей менеджменті саласындағы нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
6.2. |
Арнайы (практикалық және теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін желілік деңгей менеджменті. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын кәсіби білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы желілік деңгей менеджменті саласындағы жүзеге асырудың проблемаларын шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде желілік деңгей менеджменті саласындағы нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
|
6.3 |
Арнайы (практикалық және теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін желілік деңгей менеджменті. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын кәсіби білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы желілік деңгей менеджменті саласындағы жүзеге асырудың проблемаларын шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде желілік деңгей менеджменті саласындағы нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
|
7 |
7.1. |
Орта денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, Орта денсаулық сақтау менеджменті саласындағы проблемаларды шешу; |
1) аудандық/ қалалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымы немесе бөлімше деңгейінде нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерге (топқа) басшылық ету; |
7.2. |
Орта денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, Орта денсаулық сақтау менеджменті саласындағы проблемаларды шешу; |
1) облыстық/ республикалық маңыздағы қала деңгейінің денсаулық сақтау ұйымы немесе бөлімше деңгейінде нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерге (топқа) басшылық ету; |
|
7.3. |
Орта денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, Орта денсаулық сақтау менеджменті саласындағы проблемаларды шешу; |
1) республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымы немесе бөлімше деңгейінде нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерге (топқа) басшылық ету; |
|
8 |
8.1 |
Ғылым және жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау менеджменті саласында ең озық деңгейдегі білім. |
1) аудандық/қалалық деңгейдегі басқарушылық қызметтің жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) аудандық/қалалық деңгейдегі басқарушылық қызметтің ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
8.2 |
Ғылым және жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау менеджменті саласында ең озық деңгейдегі білім. |
1) облыстық/ республикалық маңыздағы қала деңгейіндегі басқарушылық қызметтің жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) облыстық/ республикалық маңыздағы қала деңгейіндегі басқарушылық қызметтің ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
|
8.3 |
Ғылым және жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау менеджменті саласында ең озық деңгейдегі білім. |
1) республикалық деңгейдегі басқарушылық қызметтің жаңа шешімдері мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) республикалық деңгейдегі басқарушылық қызметтің ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
|
ҰБШ деңгейлері |
БСН деңгейлері |
Қызмет саласы: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы |
||
Білім |
Білік пен дағды |
Тұлғалық және кәсіби құзыреттер |
||
4 |
4.1 |
Кәсіби білім процесінде алған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы негізгі күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және негізгі күрделілік санатының қызметін жоспарлау; |
4.2. |
Кәсіби медициналық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екінші санатқа дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибенің негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екінші күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және екінші күрделілік санатының қызметін жоспарлау; |
|
4.3. |
Кәсіби медициналық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірінші санатқа дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибенің негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірінші күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және бірінші күрделілік санатының қызметін жоспарлау; |
|
4.4. |
Кәсіби медициналық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары санатқа дейін біліктілікті арттыру процесінде және өз бетінше алған, денсаулық сақтау ұйымындағы практикалық тәжірибенің негізінде дәрігерге дейінгі қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
1) жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары күрделілік санатының практикалық міндеттерін шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орындаушылық қызмет: алға қойылған мақсаттарды ескере отырып міндеттерді айқындау және жоғары күрделілік санатының қызметін жоспарлау; |
|
5 |
5 |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіби (практикалық және теориялық) медициналық білім мен практикалық тәжірибе (немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі). |
1) әртүрлі шешу тәсілдерін және оларды таңдауды болжайтын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы практикалық міндеттерді шешу; |
1) олардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
6 |
6. |
Арнайы (практикалық және теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет. |
1) шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын медициналық білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы проблемаларды шешу; |
1) нақты технологиялық процесс учаскесінде немесе бөлімше деңгейінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді (топты) басқару; |
7 |
7.1. |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы негізгі күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы негізгі күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы негізгі күрделілік санатын жүзеге асыру; |
7.2. |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екінші күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.3. |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірінші күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірінші күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірінші күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
7.4. |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары күрделілік санатының кәсіби немесе ғылыми медициналық білімін (оның ішінде инновациялық) синтездеу. |
1) жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары күрделілік санатындағы проблемаларын шешу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары күрделілік санатын жүзеге асыру; |
|
8 |
8. |
Ғылым саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ең озық деңгейдегі білім. |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жаңа шешімдер мен жаңа білім алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; |
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ірі институционалдық құрылымдары деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып стратегияны айқындау, үдерісті және қызметті (оның ішінде инновациялық) басқару; |
Денсаулық сақтау жүйесі
Біліктілігінің салалық негіздемесіне
2-қосымша
Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші
Біліктілік деңгейі |
Тиісті деңгейдегі біліктілікке қол жеткізу жолдары |
1 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау |
2 |
Практикалық тәжірибе және/немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізіндегі қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту). |
3 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізіндегі техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізіндегі бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорында оқыту). |
4.1. |
Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе. |
4.2. |
Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе, екінші біліктілік санатының болуы. |
4.3. |
Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе, бірінші біліктілік санатының болуы. |
4.4. |
Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе, жоғары біліктілік санатының болуы. |
5. |
Жоғары білім (қолданбалы бакалавриат). |
6. |
Жоғары білім (академиялық бакалавриат), практикалық тәжірибе. |
7.1 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. |
7.2. |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе, екінші біліктілік санатының болуы. |
7.3. |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе, бірінші біліктілік санатының болуы. |
7.4. |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе, жоғары біліктілік санатының болуы. |
8. |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе, PhD/ғылыми дәреже (сараптамалық-диагностикалық көмек көрсететін тұлғалар үшін). |