Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1024 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 қаңтарда № 9059 тіркелді

Қолданыстағы

      «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiнің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1024 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының халықаралық
кеме тізілімін жүргізу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Тізілімді порттың теңіз әкімшілігі мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды тасығыштарда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
      3. Қағаз түріндегі Тізілімде барлық беттер нөмірленеді, тігіледі және Тізілімнің соңғы бетінде нөмірленген және тігінделген парақтардың саны көрсетіледі.
      4. Тізілімді теңіз портының капитаны куәландырады.
      5. Тізілімнің «Өзгерістер туралы белгілер» деген бағанына кеме туралы немесе барлық жазуды жаңартуды, сондай-ақ оған құқықтардың тоқтатылуын немесе ауысуын талап етпейтін өзгерісі туралы қосымша ақпарат жазылады.
      Мұндай мәліметтерге:
      1) егер кеменің меншік иесі (кеме иесі) жеке тұлға болса, жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), тұратын жерінің өзгеруі;
      2) егер кеменің меншік иесі (кеме иесі) заңды тұлға болса, заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері және пошталық мекен-жайының өзгеруі;
      3) кеме атауының өзгеруі жатады.

Қазақстан Республикасының
халықаралық кеме тізілімін
жүргізу қағидаларына қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі

Р/с

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгізу күні және тәртіптік тіркеу нөмірі

Кеменің атауы

Кеменің меншік иесінің атауы/ тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның мекенжайы

Кеме иесінің атауы/ тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның мекенжайы

Кеменің үлгісі мен мақсаты

Шақыру сигналы

Халықаралық теңiз ұйымының сәйкестендiру нөмiрi

1

2

3

4

5

6

7

8

жалғасы

Негізгі тіркеудің порты

Жалдау уақытына тіркеу порты

Алдағы тіркеудің порты (орны) және оның күшін жоюдың күні (егер ондайлар болса)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығына рұқсаттың қолданылу мерзімі

Кеменің бұрынғы атауы (егер ол бұрын шетелдік туын көтеріп жүзетін болса)

Жүзу ауданы

Жобаның №

Кеменің жасалған жылы мен орны

9

10

11

12

13

14

15

16

жалғасы

Корпус-тың мате-риалы

Жүк көтерімдігі (тонналар)

Жолаушылар сыйымдылы-ғы (адам)

Басты қозғалтқыштардың типі, саны және қуаты

Қозғалтқыштар-дың түрі және бұрама саны

Кеменің габариттік өлшемдері (метрлер)

Су үсті бортының биіктігі (метрлер)

ұзын-дығы

ені

шөгу

жүкпен

жүксіз

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

жалғасы

Сыйымдылық (тіркелімдік тонналар)

Құтқару шлюпкалары (саны, жалпы сыйымдылығы)

Жүрістің ең тез жылдамдығы (буындарда)

Өзгерістер туралы белгілер

Кеменің немесе жасалынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер

жалпы

таза

жүкпен

жүксіз

Ипотеканы мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректемелері, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының атауы/ тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және мекенжайы, ипотеканың аяқталу күні

Негізінде ипотеканы мемлекеттік тіркеу тоқтатылған құжаттардың деректемелері, ипотеканың мерзімінен бұрын аяқталу күні

27

28

29

30

31

32

33

34