"Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 937 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8987 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Қоса беріліп отырған «Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 қарашадағы  
№ 937 бұйрығымен бекітілген

«Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу»
кәсіби стандарты

1. Жалпы бөлім

      1. «Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
      1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
      2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
      3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
      4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
      9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
      11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
      12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
      13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
      14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты мынаны анықтайды:
      1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «33.17 Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу»;
      2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
      жүк вагондарын жөндеуден қабылдау;
      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1-параграф «Вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушы»

      6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3; СБШ бойынша – 2-3;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушы;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк вагондарын, олардың түйіндері мен бөлшектерін ағымдық, ағытпа, деполық және капиталды жөндеуді орындау сапасын бақылау, вагондарды жаңғыртуды жүргізу, оларды жөндеуден кейін қабылдау;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон қабылдаушының, аға вагон қабылдаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізімі

      7. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы

      8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

      9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
      10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

      11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
      12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

«Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу»
кәсіби стандартына       
1-қосымша            

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрлері

№ р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша разряды

1

Жөндеудің жоспарлы түрлерін өткен жүк вагондарын қабылдау және вагондарды коммерциялық тексеруді жүзеге асыру

Вагон қабылдаушы (аға вагон қабылдаушы)

Вагон қабылдаушы

2-3

3-6

      Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы. 52-шығарылым, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген.

«Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу»
кәсіби стандартына       
2-қосымша            

1-кесте

1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон қабылдаушы, аға
вагон қабылдаушы еңбек жағдайларына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігінің ұйымдары, шекаралық, мемлекетаралық тапсыру, жоларалық станциялар, вагон депосы

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Мүмкін зиянды еңбек жағдайлар – көлік құралдары, механизмдер, шудың, вибрацияның жоғары деңгейлері, жұмыс аймағыныдағы ауаның жоғары тозаңдылығы

Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, ұйымдағы білім не оқу)

Кәсіптік дайындық және жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес

3

Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе ұйымдағы оқулар)

2 деңгейде 2 жыл

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім.

2 деңгейде 1 жыл

«Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу»
кәсіби стандартына       
3-қосымша            

КС бірліктерінің тізімі

1-кесте

1. «Вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушының»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Поездардың қауіпсіз қозғалысына және тасымалданатын жүктің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жою жұмыстарын басқару және коммерциялық кемшіліктерді жоюды бақылау үшін вагондарды коммерциялық қатынаста тексеру

2 Ф

Жөндеудің жоспарлы түрінен өткен вагондарды қабылдап алу

3 Ф

Есеп жүргізу

      Ескерту: Ф – Функция.

«Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу»
кәсіби стандартына       
4-қосымша            

КС бірліктерінің сипаттамасы

1-кесте

1. СБШ 2-деңгейіндегі «Вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушы»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Вагон, тасымалданушы жүктер

Қайырмалы алаң, қосалқы саты, пломба, пломбалау кітабы, коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабы

1-1 М Поездардың қауіпсіз қозғалысына және тасымалданатын жүктің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жою жұмыстарын басқару және коммерциялық кемшіліктерді жоюды бақылау үшін коммерциялық тексеру пункттері жоқ теміржол станциялары кірме жолдарындағы вагондарды коммерциялық қатынаста тексеру. Коммерциялық кемшіліктерді жойғаннан кейін вагондарға пломба ілу, пломбалау кітабына жазу. Коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабына поезд және вагондарды тексеру нәтижесін жазу.

Нұсқамалық негізінде жұмыстарды орындау әдістерін таңдау және теміржол станциялары кірме жолдарындағы вагондарды тексеру жұмыстары бойынша практикалық дағды

Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесі, теміржолмен тасымалдауда қауіпті жүктермен болатын авариялық жағдайларды жою тәртібі мен қауіпсіздік ережесі, коммерциялық тексеру пункті жұмысының технологиялық процесі туралы базалық білім.

1-2 М Поездардың қауіпсіз қозғалысына және тасымалданатын жүктің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жою жұмыстарын басқару және коммерциялық кемшіліктерді жоюды бақылау үшін ІІ класты теміржол станцияларының коммерциялық тексеру пункттеріндегі вагондарды коммерциялық қатынаста тексеру. Коммерциялық кемшіліктерді жойғаннан кейін вагондарға пломба ілу, пломбалау кітабына жазу. Коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабына поезд және вагондарды тексеру нәтижесін жазу.

Нұсқамалық негізінде жұмыстарды орындау әдістерін таңдау және коммерциялық тексеру пункттеріндегі вагондарды тексеру бойынша практикалық жеңіл тапсырмаларды орындау

Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесі, теміржолмен тасымалдауда қауіпті жүктермен болатын авариялық жағдайларды жою тәртібі мен қауіпсіздік ережесі, коммерциялық тексеру пункті жұмысының технологиялық процесі туралы базалық білім

2 Ф

Вагон

Бақылап-өлшеу құралы, қалып, Хабарлама

2-1 М Жөндеудің жоспарлы түрлерімен жөнделген вагондарды қабылдау, жөндеуделген әр вагонға хабарлама құру.

Нұсқамалық негізінде жұмыстарды орындау әдістерін таңдау және вагондарды қабылдау кезіндегі практикалық жұмыстар дағдысын көрсету

Түрлі типті вагондардың жүк бөлігі құрылғысы туралы, станция жұмысы туралы, вагондарды жөндеудің түрлері бойынша жөндеу кезінде нәтижеге қол жеткізу әдістері туралы базалық білім

2-кесте

2. СБШ 3-деңгейіндегі «Вагон қабылдаушы, аға вагон қабылдаушы»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Вагон, тасымалданушы жүктер

Қайырмалы алаң, қосалқы саты, пломба, пломбалау кітабы, коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабы

1-3 М Поездардың қауіпсіз қозғалысына және тасымалданатын жүктің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жою жұмыстарын басқару және коммерциялық кемшіліктерді жоюды бақылау үшін I класты және кластан тыс теміржол станцияларының коммерциялық тексеру пункттеріндегі вагондарды коммерциялық қатынаста тексеру. Коммерциялық кемшіліктерді жойғаннан кейін вагондарға пломба ілу, пломбалау кітабына жазу.Коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабына поезд және вагондарды тексеру нәтижесін жазу

Вагондарды коммерциялық тексеру пункттерінде тексерудің практикалық дағдысы. Вагондарды коммерциялық қатынаста тексеру әдістерін анықтау

Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесі, теміржолмен тасымалдауда қауіпті жүктермен болатын авариялық жағдайларды жою тәртібі мен қауіпсіздік ережесі, коммерциялық тексеру пункті жұмысының технологиялық процесі туралы білім

1-4 М Поездардың қауіпсіз қозғалысына және тасымалданатын жүктің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жою жұмыстарын басқару және коммерциялық кемшіліктерді жоюды бақылау үшін шекаралық, мемлекетаралық ауыспалы және жоларалық станциялардағы вагондарды коммерциялық қатынаста тексеру. Коммерциялық кемшіліктерді жойғаннан кейін вагондарға пломба ілу, пломбалау кітабына жазу. Коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабына поезд және вагондарды тексеру нәтижесін жазу

Вагондарды коммерциялық қатынаста тексеру және шекаралық, мемлекетаралық ауыспалы және жоларалық станциялардағы қойылған нормаларды анықтау дағдысын көрсету

Поезддар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесі, теміржолмен тасымалдауда қауіпті жүктермен болатын авариялық жағдайларды жою тәртібі мен қауіпсіздік ережесі, коммерциялық тексеру пункті жұмысының технологиялық процесі, ішкі тәртіп ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік ережелері туралы білім

2 Ф

Вагон

Бақылап-өлшеу құралы, қалып, Хабарлама

2-1 М Жөндеудің жоспарлы түрлерімен жөнделген вагондарды қабылдау, жөнделген әр вагонға хабарлама құру

Вагондарды қабылдау және жөндеудің әр түрімен жөндеу кезінде қойылған нормаларды анықтаудың практикалық дағдысы

Түрлі үлгідегі вагондардың жүк бөлігінің құрылымы, жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелері туралы білім

3 Ф

Вагон

Вагондарды жөндеу сапасын арттыру бойынша тексерістерді жүргізу жұмыстарының Жоспары

3-1 М Вагондарды жөндеу сапасын арттыру бойынша тексерістерді жүргізу жұмыстарының ай сайынғы жеке жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету

Вагондарды тексеру және қабылдау кезіндегі қойылған нормаларды орындау әдістерін өздігінен анықтау

Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесі, теміржолмен тасымалдауда қауіпті жүктермен болатын авариялық жағдайларды жою тәртібі мен қауіпсіздік ережесі, коммерциялық тексеру пункті жұмысының технологиялық процесі туралы білім. Еңбекті ұйымдастыру, ішкі тәртіп ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік ережелері, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс туралы базалық білім

3-2 М Вагон шаруашылығы Департаментіне өз міндеттері шеңберінде жүргізілетін жұмыстар туралы ай сайын есеп беру

Акт толтыра алу, жалпы үлгідегі актілерді толтыру және жүргізілетін жұмыстар туралы есеп беру әдістерін анықтау іскерлігі

Жалпы үлгідегі актілерді толтыру тәртібі туралы білім. Есеп жүргізу кезінде тапсырмаларды өз бетінше орындау

      Ескертпе: М – мақсат.

«Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу»
кәсіби стандартына       
5-қосымша             

Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне ___________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________                   Күні__________________