РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:
1. Жергілікті бюджеттің есебінен деген бөлімінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3 |
Жіті фарингит/ тонзиллит/ бронхит |
0-5 жасқа дейінгі балалар |
орта ауырлық дәрежесі кезінде |
Амоксициллин, капсула, таблетка, оның ішінде диспергирленген суспензия дайындау үшін ұнтақ, ішуге арналған; |
»;
реттік нөмірлері 6,7,8,9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
6 |
Аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастар |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Варфарин, таблетка; |
Клопидогрельді қолдану тиімсіз болған кезде |
Тикагрелор, таблетка; |
|||
7 |
Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; |
Стенокардия ауыр, варианттық стенокардия, инфаркттан кейінгі кардиосклероз |
Базалық терапия: |
қосымша терапия –әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** |
таблетка, спрей, ұнтақ; |
|||
8 |
Артериялық гипертензия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; |
II-III-IV дәреже; созылмалы бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия (аралас препаратарды тағайындау кезінде монопрепарттарды тағайындауға рұқсат етілмейді) |
Базалық терапия: |
9 |
Созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі (СЖЖ) |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Базалық терапия: |
»;
реттік нөмірлері 11,12,13,14,15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
11 |
Пневмония |
18 жасқа дейінгі балалар |
Ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежесі |
Амоксициллин, таблетка, капсула, дисперсияланған таблетка; ауызға қолданылатын ерітінді дайындауға арналған ұнтақ пен түйіршіктер; |
12 |
Бронхдемікпесі |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Сальбутамол, аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді; |
Ингаляциялық глюкокортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда ауыр нысандарымен 3-18 жас аралығындағы балалар |
Монтелукаст натрия, таблетка, соның ішінде шайнауға арналған, түйіршіктер; |
|||
13 |
Созылмалы обструктивті өкпе ауруы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Асқыну мен күшею сатысында |
Фенотерол гидробромид + Ипратропия гидробромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль; |
14 |
Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы |
әлеуметтік қорғалмаған топтарға ****** |
Асқыну кезеңінде |
Омепразол, капсула; |
15 |
Крон ауруы және тән емес колит |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Месалазин, таблетка, суппозитории; |
»;
реттік нөмірлері 21, 22, 23, 24-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
21 |
Қант диабеті |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Глибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген; |
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Таңбаларымен бір реттік инсулиндік шприцтер |
|||
22 |
Қантсыз диабет |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Десмопрессин, ауыз арқылы қабылданатын лиофилизат; |
23 |
Онкология |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Қатерлі ісіктердің барлық сатысы |
Капецитабин, таблетка; |
Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия |
Морфин, инъекцияға арналған ерітінді; |
|||
24 |
Ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі*****; |
Циклоспорин, капсула; ерітінді****; |
»;
реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
26 |
Ревматоидтық артрит |
Диспансерлік есепте тұрған ересектер |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Метотрексат, инъекция үшін ерітінді; |
»;
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
29 |
Остеоартроз |
әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** |
Гонартроз, коксартроз, 2-3-сатысы |
Құрамында натрий гиалуронаты бар буын ішіне енгізуге арналған эндопротез (имплантант), стирильденген, бір рет пайдаланатын, шприцте (қатаң түрде емшара кабинетінде); |
»;
реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
36 |
Фенилкетонурия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Барлық нысандары, өмірлік терапия |
Комида мед ФКУ – А формула+LCP (11,8 гр. ақуыз 100 гр-да); |
»;
Республикалық бюджет қаражаты есебінен деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3 |
Қант диабеті |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Инсулин аспарт, картридждердегі ерітінді; |
1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар |
Жиынтығында шығыс материалдары бар инсулинді помпа; |
»;
***** - ауыстырып салынған ағзалар мен тіндерді қабылдамау қаупін болдырмау үшін науқастар өмір бойы бір өндірушінің дәрілік препараттарын қабылдайды;
******- әлеуметтік осал топ: 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жасы бойынша зейнеткерлер.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы Е. Байжүнісов