Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі департаменті (Е.Е. Джұмашев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | С. Сарсенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_________________ Т.Дүйсенова
2013 жылғы "___" ____________
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілді |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағида жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2017 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Қағидалар автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде мүгедектер үшін қолжетімді көліктік ортаны қамтамасыз етудің жалпы тәртібі мен шарттарын анықтайды.
3. Қағидалар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
4. Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау кезінде "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автомобильдер, сондай-ақ "Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2273-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Автокөлік құралдарымен мүгедектерді тасымалдау бойынша
қызметтер көрсету тәртібі
5. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Автобустар мүгедектерге автобусқа колжетімділігін қамтамасыз ететін рампалармен немесе кресло-арбадағы мүгедектерді автобусқа (автобустан) көтеруге (түсіруге) арналған жабдықтармен жабдықталады.
3. Мүгедектерге такси қызметтерін
ұйымдастыру және көрсету
19. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Инватакси қызметтерін көрсету тәртібі
22. Инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады.
23. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс инватаксиі бар, қызметтерді көрсетуге қажетті персоналдың жұмысына арналған жағдайлар, соның ішінде мүгедектерден тапсырыс қабылдауға арналған, өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған, өтінімдерді қабылдау үшін ұялы байланысты қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған диспетчерлік қызметі бар ұйымда орналастырылады.
24. Инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта айтылады, ол соның ішінде:
инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі;
инватаксидің тәулік бойы күндізгі және түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс режимі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.12.2020 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Инватакси қызметтерін көрсету үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады.
26. Инватакси қызметтерін алуға құқығы бар, бірақ кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектерді тасымалдау жағдайында инватакси қызметтерін көрсету үшін мүгедектерге жеңіл автомобиль көлігін пайдалануға жол беріледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2017 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен27. Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.12.2020 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Мүгедектерге және бала-мүгедектерге инватакси қызметтерін көрсетуге көрсетілімдер:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетілімдер;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 44 бұйрық) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер болып табылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2017 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.12.2020 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.29. Мүгедектік белгіленген мерзімге берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мүгедектерге инватакси қызметтерін көрсетуге негіздеме болып табылады.
Қызметтерді алу үшін мүгедек инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) № 44 бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.
2), 4), тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы мүгедекке қайтарылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2017 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен30. Инватакси қызметтері осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесіне сәйкес көрсетіледі.
31. Инватакси қызметін алушылар санатын және Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кеңейтуге болады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2017 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен32. Инватакси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектерге инватакси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібінде көрсетіледі.
33. Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі.
34. Инватакси қызметтерін көрсету тапсырыс қабылдау, мүгедекті қарсы алу, тұратын жерден инватаксиге дейін мүгедекті тасымалдауға жәрдемдесу (еріп жүретін адам болмаған жағдайда), сондай-ақ отырғызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда), мүгедекті және еріп жүретін адамды (болған жағдайда) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін жеткізу кіреді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2017 № 657 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен35. Тапсырыс беру кезінде мүгедек мынадай деректерді: тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), сапар күнін және уақытын, белгіленген пункттің нақты мекенжайын, тапсырыс берушімен байланысу үшін телефонын, өзге де қосымша ақпаратты (жолаушылардың санын, жүк көлемін және жай-күйін, поездың, автобустың, ұшақтың келу/кету уақытын және сол сияқты) атайды.
36. Диспетчер инватакси маршрутын жасау кезінде өтінім уақытын түзетеді және оны мүгедекпен келіседі.
37. Қызметтерді көрсету кезінде инватаксидің жүру бағыты бойынша бір мезгілде бірнеше мүгедектердің өтінімін орындауға жол беріледі.
38. Өтінімді алып тастаған жағдайда мүгедек бұл туралы тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерлік қызметке хабарлайды.
39. Инватакси тапсырыс орнына келгені туралы хабарланғаннан кейін инватакси мүгедекті 20 минут күтеді. Одан кейін тапсырыс алынады, инватакси келесі тапсырысқа кетеді, өтінім орындалды деп есептеледі.
40. Маршрут бағытын өзгерту қажет болған жағдайда мүгедек бұл туралы диспетчерге алдын ала телефон арқылы хабарлайды. Егер сапар мекенжайының өзгеруі инватакси маршрутымен сәйкес келмесе, диспетчер мүгедекке тапсырыс беру мекенжайын өзгертуден бас тартады.
41. Егер мүгедек белгіленген уақыттан кешігетін болса, ол бұл туралы диспетчерге телефон арқылы хабарлайды. Диспетчер тапсырыс уақытын ауыстырады немесе мүгедектің кешігуі инватакси қызметтерін көрсету кестесіне кедергі келтірсе, тапсырысты алып тастайды.
42. Инватакси салонында мүгедекке арналған бір орынға 20 килограмм салмақтан аспайтын багажды тасымалдауға рұқсат беріледі.
43. Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері бар мүгедекті немесе мүгедек баланы сапарда бір адам еріп жүреді. Еріп жүретін адам үшін сапар тегін.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.12.2020 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Мүгедектің ғимарат ішінде қозғалуына, орын ауыстыруына, мүгедектің жүгін/заттарын/ сөмкелерін тасуға көмек көрсету, сондай-ақ қандай да бір нәрсені сатып алуларды жүзеге асыру жүргізушінің міндетіне кірмейді.
45. Белгіленген пунктке келгеннен кейін мүгедек инватакси жүргізушінің өтініміне қол қояды, организм қызметтерінің бұзылуы салдарынан мүмкіндігі болмаған жағдайда, еріп жүретін адам қолын қояды.
46. Адамның өтініші бойынша бордюр, саты, баспалдақ және басқа да тосқауылдардан өтуге көмек көрсету түріндегі кедергілерден жүргізушінің келісімімен ғана орындалады.
47. Жүргізуші салонда қалып қойған, ұмытылған мүгедектің заттарының сақталуына жауап бермейді.
Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларына қосымша |
Инватакси қызметтерін
көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген
пункттердің тізбесі
1) мүгедектің жұмыс орны;
2) мүгедектің оқу орны;
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
4) сот, прокуратура;
5) әлеуметтік сала объектілері;
6) заң консультациялары;
7) нотариус;
8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
9) әуежайлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.