"Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушысының 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 бірлескен бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 260 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 302/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8945 тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 7867 болып тiркелген, 2012 жылғы № 19 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанында:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке сәйкестендіру нөмірі, Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуiн;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрі        Өңірлік даму министрі
      ______________ М. Құл-Мұхаммед        ______________ Б. Жәмішев