«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 355-356 (26416-26417), 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3 (26424) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары: мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:
«17-2. Қазақстан Республикасында тіркелген авиакомпания басқа мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын ұшу экипажының және инженерлік-техникалық құрамының мүшелеріне ЭМК беруді уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзімге беруді жүргізеді»
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрі А. Жұмағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________ Н.Ә. Әбіқаев
2013 жылғы «__» _________