«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң Сауда комитетi (Қ. Ертуғанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн оның ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Т.М. Жақсылықовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң бiрiншi Экономика және бюджеттік
орынбасары – Қазақстан жоспарлау министрінің
Республикасының Өңiрлiк міндетін атқарушы
даму министрі
___________ Б. Сағынтаев _____________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары – Қазақстан
Республикасының Өңiрлiк
даму министрінің
2013 жылғы 19 тамыздағы № 197/НҚ
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 08 тамыздағы № 241
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
нысан
Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын
сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағы
Тексерудi тағайындаған орган ________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы актi ____________________________________
(№, дата)
Тексерілетін субъектiнiң атауы ______________________________________
БСН _________________________________________________________________
Субъектiнiң мекен-жайы ______________________________________________
р/с |
Талаптар тiзбесi |
Иә |
Жоқ |
1. |
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын жалпы талаптарына жауап беретiн тауар биржасының электрондық сауда жүйесiнің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 1-тармағына сәйкес) |
||
2. |
Құпиялылық (жасырын) режимiн, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлiмшенің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 2-тармағына сәйкес) |
||
3. |
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен биржа саудасының үлгi ережесi негiзiнде әзiрленген биржа саудасы ережесiнің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 3-тармағына сәйкес) |
||
4. |
Тауар биржасы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 4-тармағына сәйкес) |
||
5. |
Сауданы ұйымдастыру жөнiндегi және клиенттермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 5-тармағына сәйкес) |
||
6. |
Клирингтiк орталықтың не клирингтiк орталық қызметтерiн пайдалану туралы шарттың болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 6-тармағына сәйкес) |
||
7. |
Тауар биржасының кемiнде жеті мүшесiнiң болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес) |
||
8. |
Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтар өткiзу тәртiбi туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерiн орналастыру үшiн арнайы бөлiмдi қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi өз интернет-ресурсының болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 8-тармағына сәйкес) |
||
9. |
Мына: тауар биржасы мүшелерiнiң бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкiн пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмiлелердi, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсiмдердi тiркегенi және ресiмдегенi үшiн бекiтiлген төлемдер мөлшерiнің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 9-тармағына сәйкес) |
||
10. |
Тауар биржасында биржалық төрелiктiң болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес) |
||
11. |
Кепiлдiк беру және сақтандыру қорының болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының сәйкес) |
||
12. |
Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметтi жүзеге асыру мүмкiн еместiгi туралы талаптарды сақтауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес) |
||
13. |
Тауар биржасының қызметкерлерiнiң биржалық мәмiлелерге қатысуының немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiне пайдалануының мүмкін еместігі туралы талаптарды сақтауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес) |
||
14. |
Биржалық мәмiлелердi тауар биржасының атынан және есебiнен жасаудың мүмкін еместігі туралы талаптарды сақтауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес) |
||
15. |
Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгiлеулердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы бойынша талаптарды орындауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес) |
||
16. |
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруды болдырмау мақсатында әзірленген iшкi бақылау ережелерi және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес) |
Тексерілетін субъектiнiң тексеру парағын алғаны туралы белгiсi:
20___ жылғы «___» ________ _______________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)