Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8676 тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-К бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 қарашада № 5008 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1480) санында жарияланған);
      2) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 153-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 шілдеде № 5718 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1546) санында жарияланған).
      3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Орынханов

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының 
2013 жылғы 8 тамыздағы 
№ 324 бұйрығымен бекітілген

Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес әзірленген.
      2. Көтермелеу білім және ғылым жүйесі, білім және ғылым саласындағы басқа да ұйымдар қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
      3. Қызметкерлерді еңбектегі табыстары, білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу түрлері белгіленеді:
      1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі;
      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі;
      3) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі;
      4) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы;
      5) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғысы.

2. Марапаттау материалдарын қарау және беру (айыру) тәртібі
(ведомстволық наградалардан)

      4. Білім және ғылым саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдар мен мекемелердің ұсынысы;
      2) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі марапаттау парағы;
      3) ғылыми (педагогикалық) кеңес, алқа шешімдерінен үзінді (жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен мекемелер үшін).
      Ұсыныс хатқа және марапаттау парағына кандидатураны ұсынып отырған мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
      5. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары марапаттау материалдарын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ұсынады.
      6. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен мекемелер Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне марапаттау материалдарын жолдайды. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері марапаттау материалдарын Министрліктің кадр қызметіне ұсынады.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, республикалық білім беру ұйымдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар Министрлікке марапаттау материалдарын ұсынады.
      8. Білім және ғылым саласындағы қызметкерлерді марапаттау туралы ұсыныстар мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу жағдайы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбек сіңірген жылдарға жетуі бойынша қаралады.
      9. Марапаттау материалдары Министрліктің Ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) отырысында қаралады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) қарауына енгізіледі.
      10. Төсбелгімен марапаттау Министрдің бұйрығымен жүзеге асырылады.
      11. Комиссия білім саласы қызметкерлерін көтермелеуге объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде құрылады. Комиссияның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
      12. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде білім және ғылым саласы қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс енгізілген сәттен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Егер Комиссия мүшелері дауысының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      13. Комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) білім және ғылым саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс қанағаттандырылсын;
      2) білім және ғылым саласының қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс қабылданбасын;
      3) қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныс материалдарды толықтырып ресімдеу үшін кері қайтарылсын.
      14. Комиссияның қарауына ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені енгізу үшін:
      1) мемлекеттік органның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босату;
      2) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуы негіз болып табылады.
      15. Ведомстволық наградалармен марапатталған адамдар осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен тиісті ведомстволық наградалардан айырылады.
      16. Ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені шешу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) наградадан айыру туралы ұсыныс;
      2) мемлекеттік органдардың беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі немесе соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің көшірмесі.
      17. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны Министрдің тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мемлекеттік органға қайтарады.
      18. Ведомстволық наградалармен, Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау, Министрліктің Алғысын жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу жағдайы бойынша тапсырылады.
      19. Ведомстволық наградалармен, Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау, Министрліктің Алғысын жариялау салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының өзіне табыс етіледі.
      20. Әрбір марапатталушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бір мезгілде Министр қол қойған тиісті куәлік беріледі.
      21. Төсбелгімен марапаттау қайта жүргізілмейді.

3. Ведомстволық наградалармен марапаттаудың негіздемелері
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі

      22. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, облыстық (аудандық), олардың республикалық халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін білім беру органдары мен ұйымдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі

      23. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен отандық ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктер деңгейіне шығуына ықпал ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелері, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік басқа ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, жаңа техника мен технологияларды жасауға және қазіргілерін жетілдіруге қосқан зор үлесі, зор практикалық маңызы бар әзірленген жаңа технологиялары, ғылым мен мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктері аясында ғылыми-зерттеу процестерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі елеулі табыстары, білікті ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлаудағы жоғары жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын нығайту мен дамытудағы жоғары жетістіктері үшін 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

      24. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің өз бетімен дамуын, олардың оқуын дараландыруды қамтамасыз ететін сабақтарды, білімді бақылауды ұйымдастырудың және өткізудің белсенді нысандарын және әдістерін және жаңа интерактивтік технологияларды оқу процесіне енгізгені, білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық қызметіне басшылық жасаудағы табыстары, өңірлік, республикалық, халықаралық білім және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктері, білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулері, білім беру жүйесінің оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық және ғылыми біліктіліктерін арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы сіңірген еңбегі, оқу әдебиетін әзірлеудегі және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы жетістіктері, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырудағы, материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамытудағы және нығайтудағы жетістіктері үшін білім беру ұйымдарында 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі және жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар (педагог қызметкерлер үшін) қызметкерлер марапатталады.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Құрмет грамотасымен марапаттаудың негіздемесі

      25. Құрмет грамотасымен білім және ғылым ұйымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар үздік ғылыми және педагогикалық қызметкерлер, ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі зор және жемісті еңбегі, білім беру және тәрбиелеу процесіне оқытудың жаңа технологияларын, нысандары мен әдістерін енгізгені және оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз еткені, іргелі және қолданбалы ғылымның өзекті проблемалары жөніндегі, оның ішінде білім беру проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді дамытқаны, өңірлік, республикалық, халықаралық білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша өңірлік жоғары оқу орындары арасындағы бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, оқушыларды, тәрбиеленушілерді, студенттерді және тыңдаушыларды практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігі мен дербестігін дамытудағы табыстары, оқытудағы зор табыстары, жоғары білікті мамандарды практикалық даярлауда, материалдық-техникалық базаларды дамытуда білім беру ұйымдарына тұрақты және белсенді көмегі үшін марапатталады.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Алғысын жариялаудың негіздемесі

      26. Алғыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі немесе білім беруді басқару органдары ұйымдастыратын жекелеген, біржолғы іс-шараларды (конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, көрмелер) өткізгені, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны, еңбек, оқу, тәрбие және әкімшілік қызметіндегі табыстары үшін үздік білім және ғылым саласы қызметкерлеріне жарияланады.

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша         

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН   

КУӘЛІК           
УДОСТОВЕРЕНИЕ        

Ішкі жағы

КУӘЛІК          
УДОСТОВЕРЕНИЕ      
№ _________        

______________________   Осы куәлік жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу
(тегі - фамилия)         ісіндегі елеулі табыстары үшін
                         «Ы. АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен
                         марапатталғандығы туралы
                         берілді.

_____________________   Настоящее удостоверение выдано в том, что
  (аты - имя)           он(а) за значительные успехи в деле обучения
                        и воспитания подрастающего поколения
                        награждена(а) нагрудным знаком
                        «Ы. АЛТЫНСАРИН»

__________________________
(әкесінің аты - отчество)

                         Министр

                         м.п.

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша         

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН   

КУӘЛІК            
УДОСТОВЕРЕНИЕ        

Ішкі жағы

КУӘЛІК           
УДОСТОВЕРЕНИЕ       
№ ______          

___________________  Осы куәлік Қазақстан Республикасының ғылым
(тегі - фамилия)     саласында қол жеткен табысы үшін «ҒЫЛЫМДЫ
                     ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен
                     марапатталғандығы туралы берілді.

__________________   Настоящее удостоверение выдано в том, что он(а)
(аты - имя)          за достигнутые успехи в области науки Республики
                     Казахстан награждена(а) нагрудным знаком
                     «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН»

_________________________
(әкесінің аты - отчество)

                      Министр

                      м.п.

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша         

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  

КУӘЛІК          
УДОСТОВЕРЕНИЕ      

Ішкі жағы

КУӘЛІК         
УДОСТОВЕРЕНИЕ     
№ ______       

__________________   Осы куәлік Қазақстан Республикасының білім беру
(тегі - фамилия)     саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ
                     ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен
                     марапатталғандығы туралы берілді.

__________________   Настоящее удостоверение выдано в том, что он(а)
(аты - имя)          за особые заслуги в области образования
                     Республики Казахстан награждена(а) нагрудным
                     знаком «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ»

_________________________
(әкесінің аты - отчество)

                    Министр

                    м.п.

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша         

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚҰРМЕТ
ГРАМОТАСЫ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА
ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ГҮЛДЕНУІНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСІ ҮШІН

______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________

МАРАПАТТАЛАДЫ

      МИНИСТР                          

                                        «__» _______ 20__ ж.

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша         

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА
ҚОСҚАН ЗОР ЖЕКЕ ҮЛЕСІ ҮШІН

______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________

АЛҒЫС
БІЛДІРЕДІ

      МИНИСТР                        

                                          «__» _______ 20__ ж.

Білім және ғылым қызметкерлерін
көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша         

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны _____________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бөлімшесінің нақты атауын көрсету қажет)
3. Жынысы ___________________________________________________________
4. Туған жылы және туған жері _______________________________________
5. Ұлты _____________________________________________________________
6. Білімі ___________________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен
марапатталған және марапатталған күні _______________________________
9. Мекен-жайы _______________________________________________________
10. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________
11. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________
12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ____________________________
13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (ұйымның атауы, талқылау мерзімі, хаттама №)
______________________________ кандидатура талқыланған және ұсынылған
_______________________________ төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады.

Кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысы
_______________________________
         (қолы)             
_______________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты)   
«___» ________________ ж.
      (толтырған күні)     
мөрдің орны        

Ескерту: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі
бойынша толтырылады және транскрипциясы міндетті түрде қазақ және
орыс тілдерінде көрсетіледі.