«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсетуді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 70 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2007 жылғы, № 5, 257-құжат, жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсетуді ұсыну ережесінде:
8-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.К. Мағзұмов) осы бұйрықтың:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің интернет–ресурсында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интранет–порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Р. Скляр