Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 29 шілдедегі № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8659 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Комитет Төрағасы

Н. Әбіқаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2013 жылғы 29 шілдедегі
№ 342 бұйрығымен бекітілген

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп ұстау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп ұстаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және тиісті кемежайларда, айлақтарда, орналасу пункттерінде және тоқтап тұратын тұрақты орнында тіркеуге алынбаған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жеке типтерін күтіп ұстау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) шағын көлемді кемелердің жекелеген типтері – тіркеу құжаттары бар және жеке тұлғалардың тіркеу орындарында (тұрғылықты жерінде) күтіп ұсталатын немесе тіркеуі жоқ заңды тұлғалардың болатын орындарына сәйкес кемежайда, айлақта, орналасу пунктінде және тұрақты тұратын орындары жоқ қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) және мұз үстімен жылжитын құралдар.

      2) иелік етуші тұлға – шағын көлемді кемелердің жекелеген типтеріне меншік құқығы тіркелген құжаттармен расталатын жеке тұлға немесе заңды тұлға.

2-тарау. Шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін күтіп ұстау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кемелердің жекелеген типтері жеке тұлғалардың тіркеу орындарында (тұрғылықты жерінде) күтіп ұсталатын немесе тіркеуі жоқ заңды тұлғалардың болатын орындарына сәйкес кемежайда, айлақта, орналасу пунктінде және тұрақты тұратын орындары жоқ жерлерде күтіп ұсталады.

      Көрсетілген шағын көлемді кемелердің жекелеген типтері аумақтық сулар (теңіз) мен ішкі суларға әрбір шығуларының алдында белгіленген орындарынан құрлық бойынша жағалауға иелік етуші тұлғамен жеткізіледі (көлікпен жеткізіледі).

      4. Иелердің келесі шарттарды сақтау кезінде осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген күтіп ұстау тәртібіне жол беріледі:

      Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында тұрақты тұратын орындары жоқ және сол кемежайға, айлаққа, орналасу пункттеріне және тоқтап тұратын тұрақты орнына тіркелусіз Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде (бұдан әрі – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі) аумақтық суларда (теңізде) оларды пайдалану жоспарындағы жауапты учаскеде шағын көлемді кемелердің жеке типтерін есепке алуға;

      иесінің тіркеу құжатында арнайы мөр таңба қойылғанда.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою иесінің жұмыс орны, жеке тұлғаның туған жылы, әкесінің аты (ол болған жағдайда), аты, тегі көрсетілген иесінің жазбаша өтінішінің сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген құжаттың негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемдіөздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін тіркеу журналына тиісті мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      Заңды тұлға құжаттарды ұсынатын тұлғаға белгіленген үлгіде ресімделген сенімхатты және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлікті қосымша ұсынады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Қағидалар 5-тармағының талаптарын бұзу арқылы құжаттарды ұсынған жағдайда, иесіне шағын көлемді кеменің жекелеген типін Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне тіркеуге қоюдан бас тартады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою, иесінің болатын орны немесе өтініш қабылдаған күнгі тіркеу орнының тұрақты тұратын жерінің мекенжайымен тіркелген құжаттың тиісті бетінің оң жақ астыңғы бұрышына Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің анықтама үшін мөртабан қоюмен бекітіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы Қағидада қарастырылған шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін күтіп ұстау мерзімі тіркелген құжаттың әрекет ету мерзімімен анықталады.

  Қазақстандық шағын көлемді өздігінен
жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті
және суасты) кемелердің (құралдардың)
және мұз үстімен жылжитын құралдардың
жекелеген типтерін күтіп ұстау
Қағидаларына
1-қосымша
Нұсқа
№___ дана

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін есепке алу журналы

      Ескерту. Журналдың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Басталды: "___" _________ 20___ ж.

      Аяқталды: "___" _________ 20___ ж.

Рет

Өтінішті алған күні

Иесі туралы мәліметтер

Тұрғылықты жері / тұрақты болатын орны

Жүзу ауданы, қолданатын кемежайлар, айлақтар, орналасу пункттері

Шағын көлемді кемелер туралы мәлімет

Иесінің телефоны, электрондық адресі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8









































































































  Қазақстандық шағын көлемді өздігінен
жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті
және суасты) кемелердің (құралдардың)
және мұз үстімен жылжитын құралдардың
жекелеген типтерін күтіп ұстау
Қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.09.2020 № 56/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.