«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2013 жылғы 25 шілдедегі
№ 3-2/340 бұйрығына
қосымша
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық
өнімге (материалға) қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында
басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесі
Р/с |
Ауыл шаруашылығы жануарлары |
||
Түрі |
Өнімділік |
Тұқым |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Ірі қара мал |
Сүтті |
Қара ала |
Сүтті-етті |
Алатау |
||
Етті |
Қазақтың ақбас |
||
2 |
Қойлар |
Биязы жүнді |
Қазақтың биязы жүнді |
Биязылау |
Цигай |
||
ұяң жүнді |
Дегересс ұяң жүнді құйрықты қойы |
||
қылшық жүнді |
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы |
||
елтірілі |
Қаракөл |
||
3 |
Жылқылар |
Өнімділік бағытындағы |
Қазақтың жабы |
Мініс |
Ағылшын таза қанды мініс жылқысы |
||
Мініс-жеккі |
Дон |
||
Желісті |
Орыстың желіс жылқысы |
||
Ауыр жүк таситын жылқылар |
Орыстың ауыр жүк таситын жылқысы |
||
4 |
Шошқалар |
етті |
Ірі ақ |
5 |
Тәуліктік балапандар |
Жұмыртқа бағытындағы кросстар |
Қоңыр хайсекс |
Ет |
Росс-308 |
||
6 |
Үйрек |
Пекин тұқымының «Медеу үйрек кроссы» |
|
7 |
Қаз |
Итальяндық ақ қаздар |
|
8 |
Түйе құс |
Африкалық қара түйе құс |
|
9 |
Түйелер |
Қазақтың айыр өркешті |
|
10 |
Маралдар |
----- |
|
11 |
Бал арасы |
Карпат |