Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 тамызда № 8634 тіркелді

Қолданыстағы

      «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабы 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнің (бұдан әрi – Агенттiк) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына (Ә.Т. Жуанышпаева) заңнамамен белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етілсiн.
      3. Агенттiктiң Конфессияаралық қатынастар департаментiне (Б.К. Кулекеев) осы бұйрық күшiне енгеннен кейiн оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етілсiн және Агенттiктiң интернет-ресурсына енгiзілсін, сондай-ақ Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен қарасты мекемелерiн, жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандырылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттiк Төрағасының орынбасары М.А. Әзiлхановқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күннен соң күшiне енедi.

      Төрағаның
міндетін атқарушы                                    Ғ. Шойкин

Қазақстан Республикасы 
Дін істері агенттігі  
төрағасының м.а.    
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 34 бұйрығымен бекітілген

Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған
үй-жайлардың орналастырылуын анықтау бойынша нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтайтын осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайларды (бұдан әрі - тұрақты үй-жайлар) және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайларды (бұдан әрі – діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар) орналастыру тәртібін нақтылайды.
      2. Тұрақты үй-жайлар мен діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасу орнын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқару органдары (бұдан әрі – жергілікті атқару орган) осы Нұсқаулыққа сәйкес анықтайды.
      3. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:
      1) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайлар – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;
      2) діни әдебиет – діни мазмұнға ие (теологиялық, діни-каноникалық, ритуалдық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) және тұрғындардың діни және рухани-діни ұстанымдарынан туындайтын өзге де әлеуметтік мәні бар сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған баспа немесе электрондық өнім (кітаптары, брошюралар) болып табылады;
      3) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын, діни әдебиетке жатпайтын баспа түріндегі немесе электрондық өнім;
      4) діни мақсаттағы заттар – діни құлшылықтарды, діни жоралар мен рәсімдерді өткізуге қажетті, сондай-ақ діни рәміздегі элементтерден тұратын заттар, бұйымдар және атрибуттар;
      5) діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар - діни жораларды, діни құлшылықтарды, рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге арналған тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан оның бір бөлігі.

2. Тұрақты үй-жайлардың және діни жораларды өткізуге арналған
үй-жайлардың орналасуын анықтау

      4. Тұрақты үй-жайлар мен діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар бөлек орналасқан ғимараттардың ішінде немесе жеке ғимараттарда орналасады.
      5. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар келесі орындарда орналаса алмайды:
      1) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында;
      2) мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарында;
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшасында көрсетілмеген мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындардың ғимаратында.
      6. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 1), 2) тармақшасында көрсетілген ғимараттардан 500 метрден кем емес қашықтықта және осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ғимараттардан 200 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.
      7. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы оларға жақын тұрған (көрші орналасқан үй-жайлардағы, ғимараттардағы) тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы тиіс, сондай-ақ үй-жайлар орналасқан ғимараттардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі керек.
      8. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуын белгілеген кезде келесі жағдайларға мұқият назар аудару қажет:
      1) өтініш берушінің берген құжаттарына;
      2) үй-жайлар орналасқан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;
      3) үй-жайлар орналасқан облыстардың, Астана және Алматы қалаларында қалыптасып отырған діни ахуалға;
      4) осы Нұсқаулықтың 56-тармақтарын ескере отырып, тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне.
      9. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың тізімі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ресми сайттарында орналастырылады.