Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8020 болып тіркелген «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 қарашадағы № 763-767 (27839) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалар азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн, азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, (бұдан әрi – Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк) беру және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу және оған өзгерiстер енгiзу (бұдан әрi – Мемлекеттiк тiзiлiм) және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiзiлiмнен шығуы туралы куәлiк беру (бұдан әрi – Шығуы туралы куәлiк), сондай-ақ де Уәкілетті тараптың әуе кемелерін тіркеуден алып тастауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң есебiне жататын планерлер, дельтапландар, парапландар, мотопарапландар, метеорологиялық шар-зондтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ұшқышсыз басқарылмайтын аэростаттарды қоспағанда, жеңiл және аса жеңiл авиация әуе кемелерiне қатысты қолданылады.»;
6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қайтарып алынбайтын өкілеттік - Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін Мемлекеттік тізілімнен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы оның пайдасына берілген, заңды және жеке тұлғалардың өкілеттігі.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Уәкiлеттi органмен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалынған азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң көшiрмесi.»;
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiзiлiмге мемлекеттiк тiркеу үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексiмен анықталатын мөлшерде және тәртiппен алым төленедi. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу аталған алым мемлекет бюджетiне төленгеннен кейiн жүргiзiледi.
11. Азаматтық әуе кемелерiн Мемлекеттiк тiркеудi Азаматтық авиация комитетi осы Қағиданың 7-тармағымен көзделген құжаттар түскен күннен бастап 20 жұмыс күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
12. Өтініш иесі дұрыс емес мәліметтерді немесе құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда, Азаматтық авиация комитеті Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша түрде беруден бас тартады немесе бұрын берілгенінің күшін жояды.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Азаматтық авиация комитетi өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде оң жақ бұрышында «Телнұсқа» белгiсiнiң мөрi қойылған бланкте тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.
21. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бергенi үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексiмен анықталған тәртiппен және мөлшерде алым төлейдi.»;
35-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қайтарып алынбайтын өкілеттікті орындау;»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Кепiлдi мемлекеттiк тiркеу үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексiмен анықталған тәртіппен және мөлшерде алым төленедi.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Әуе кемесін тіркеуден алып тастау және әуе кемесін әкетуге Қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексімен анықталған тәртіппен және мөлшерде алым төлейді.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев