Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 тамызда № 8621 тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) қызметінің үлгілік қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернатының) қызметінің үлгілік қағидалары";

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

      3) осы бұйрықтың білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 19 шілдедегі
№ 289 бұйрығына
1-қосымша

Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) қызметінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы) 44-5) тармақшасына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:

      1) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) – оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативті-құқықтық актілер Реестрінде № 8424 тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (бұдан әрі – оқу бағдарламалары) мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей) – оқушылардың бейімділіктерімен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      3) мамандандырылған мектеп – білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) (бұдан әрі – мамандандырылған мектептер) қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мамандандырылған мектептердің негізгі мақсаты - элитарлық білімді, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мен мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыру.

      5. Мамандандырылған мектептердің міндеттері:

      1) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      2) дарынды балаларға білім берудің вариативтілігін және көп деңгейлігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;

      3) дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту;

      4) қоғамда өмір сүруге бейімделген, қосымша және кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға дайын, мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлі тұлғаны қалыптастыру;

      5) Оқушылардың негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы және саралаған оқуды меңгеруін қамтамасыз ету;

      6) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      6. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мамандандырылған мектептерде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдарды құруға және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

2. Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) қызметінің тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мамандандырылған мектептердің мәртебесі (үлгісі, түрі) Қызметтің үлгілік қағидаларының және осы Қағидалар талаптарын ескере отырып, оның жарғысында көрсетіледі.

      9. Мамандандырылған мектептерді мемлекеттік аттестаттау "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      10. Мамандандырылған мектептерге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

      Мамандандырылған мектептерге жалпы білім беру пәндері бойынша өңірлік, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мамандандырылған мектептер оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау мектептен шығару, білім алушыларды ауыстыру және мектепті бітіру тәртібі білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Республикалық маңыздағы мамандандырылған мектептерді материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың мамандандырылған мектептерін материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар дарынды оқушылар үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып тиісті жағдайлар жасалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мамандандырылған мектептер білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

      1) бірінші деңгей - бастауыш білім беру;

      2) екінші деңгей - негізгі орта білім беру;

      3) үшінші деңгей - жалпы орташа білім беру.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.

      14. Мамандандырылған мектептерде білім беру үдерісін ұйымдастыру оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

      Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келістіріледі.

      15. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мамандандырылған мектептер оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

      17. Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.

      18. Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.

      Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді.

      Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.11.2013 № 472 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19. Мамандандырылған мектептер олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.

      20. Мамандандырылған мектептер ішкі бейін пәндері, сондай-ақ білім алушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

      21. Мамандандырылған мектептерден сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

      22. Мамандандырылған мектептердегі сыныптар-топтарының саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

      23. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 - топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

      24. Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-топтарына психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

      25. Мектеп-интернат оның бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      26. Мамандандырылған мектептер ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде тыйым салынады.

      27. Қосымша қаражаттарды тарту мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкелмейді.

      28. Мамандандырылған мектептердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды материалдық ынталандыру Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      29. Мамандандырылған мектептердің педагогтеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

      1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

      2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 19 шілдедегі
№ 289 бұйрығына
2-қосымша

Мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты қызметінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы) 5-бабының 44-5) тармақшасына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:

      1) "Білім-инновация" лицей-интернаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыратын (тұратын орын ұсынумен қоса) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 8424 тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (бұдан әрі – оқу бағдарламалары) мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      2) мамандандырылған әскери мектеп-интернаты – тұратын орын ұсынумен қоса, оқушылардың әскери істі терең игеруіне бағытталған қосымша білім бағдарламаларын оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      3) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты - тұратын орын ұсынумен білім алушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      4) мамандандырылған мектеп-интернаты - тұратын орын ұсынумен қоса білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат – тұратын орын ұсынумен білім алушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      6) мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты – тұратын орын ұсынумен қоса музыкалық дарынды балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      7) мамандандырылған спорттық мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж) – тұратын орын ұсынумен қоса спорт саласындағы оқушылардың дарындылығын дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      8) мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі) - тұратын орын ұсынумен қоса, хореография саласындағы оқушылардың дарындылығын дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты (бұдан әрі – Мектеп-интернаттар) қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген мектеп-интернаттың жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мектеп-интернаттың негізгі мақсаты – дарынды балалардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін, оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мектеп-интернаттың міндеттері:

      1) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      2) тұратын орнын қамтамасыз етумен қоса дарынды балаларға білім берудің вариативтілігін және көп деңгейлілігін қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;

      3) дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту;

      4) қоғамда өмір сүруге бейімделген, қосымша және кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға дайын, мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлі тұлғаны қалыптастыру;

      5) Оқушылардың негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы және саралаған оқуды меңгеруін қамтамасыз ету;

      6) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу.

      6. Әртүрлі мектеп-интернаттар нақты міндеттерге, білім берудің мазмұнына қойылатын талаптарға, білім беру процесінің ерекшеліктеріне, қызмет режиміне және қаржыландыру жағдайларына байланысты құрылады.

      7. Мектеп-интернаттар республикалық, облыстық маңызда бола алады.

      8. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мектеп-интернатта саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдарды құруға және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

2. Мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты қызметінің тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мектеп-интернаттың мәртебесі (үлгісі, түрі) Қызметтің үлгілік қағидаларының және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып оның жарғысында көрсетіледі.

      11. Мектеп-интернатты мемлекеттік аттестаттау "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      12. Мектеп-интернат іздеуді, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуді, оны енгізу нысандарын, құралдары мен әдістерін, ұйымдастыратын, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

      13. Мектеп-интернатта келесі бағыттар болады: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, хореографиялық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мектеп-интернатқа оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Мектеп-интернатқа жалпы білім беру пәндері бойынша, халықаралық республикалық, өңірлік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мектеп-интернаты оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау, мектептен шығару, білім алушыларды ауыстыру және мектепті бітіру тәртібі білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Республикалық маңыздағы Мектеп-интернатты материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың Мектеп-интернатын материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар дарынды оқушылар үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып тиісті жағдайлар жасалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мектеп-интернат білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

      1) бірінші деңгей – бастауыш білім беру;

      2) екінші деңгей – негізгі білім беру;

      3) үшінші деңгей – жалпы орташа білім беру.

      18. Мектеп-интернатта білім беру үдерісін оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

      Мектеп-интернатының оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.

      19. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мектеп-интернаты оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

      21. Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.

      22. Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.

      Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді.

      Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.11.2013 № 472 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Мектеп-интернаттар олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін дербес белгілейді.

      24. Мектеп-интернаттар ішкі бейін пәндері, сондай-ақ оқушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар мен факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

      25. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мектеп-интернаттан толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

      26. Мектеп-интернаттардағы топтастырылған сыныптар саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

      27. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 - топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

      28. Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-топтарына психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

      29. Мектеп-интернат оның бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      30. Мектеп-интернат ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетілмейді.

      31. Қосымша қаражаттарды тарту мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкелмейді.

      32. Мектеп-интернатының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды материалдық ынталандыру Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      33. Мектеп-интернатының педагогтеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

      1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

      2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 19 шілдедегі
№ 289 бұйрығына
3-қосымша

Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы) 5-бабының 44-5) тармақшасына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және оның меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оның қызмет тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мамандандырылған мектеп-кешені (бұдан әрі – Мектеп-кешені) - білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 8424 тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (бұдан әрі - оқу бағдарламалары) мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мектеп-кешені өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мектеп-кешенінің негізгі мақсаты – элитарлық білім беруді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта білім беру саласындағы қабілетті және дарынды балалардың ғылыми зерттеулерін дамыту, осы бағыттағы Мектеп-кешені қызметінің ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуі мен білім берудің үздіксіз қызметі негізінде дарынды балалармен жұмыс бойынша мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді құру.

      5. Мектеп-кешенінің міндеттері:

      1) үздіксіз білім беру жүйесінде жалпы ғылыми басшылықты дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша дамыта оқыту саласында ғылыми-зерттеу қызметімен және тәжірибелік-эксперименталды жұмыстармен қамтамасыз ету;

      2) білім беру қызметінің инновациялық технологияларын әзірлеу, қолдану және енгізу;

      3) тәрбиеленушiлер мен білім алушылардың жеке тұлғалық ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене шынықтыруын дамытуға қажетті жағдайларды жасау, олардың жекелеген қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу;

      4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен қосымша білім беруді меңгеру негізінде ғылыми көзқарасты, жалпы адамгершілік, ұлттық құндылықтар мен шығармашылық ойлауды қалыптастыру;

      5) тәрбиеленушiлер және білім алушылардың мектепке дейінгі оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, шығармашылық қиялын, оқушылардың теориялық және шығармашылық ойлауын дамыту негізінде білім беру бағдарламаларының міндетті мазмұнының меңгерілуін қамтамасыз ету;

      6) өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру және адамгершілік қарым-қатынастарды дамыту негізінде қазақстанның патриоттық сезімін, адамгершілік қасиеттерін, жеке тұлғалық азаматтық сезімін тәрбиелеу;

      7) тәрбиеленушiлердің оқу іс-әрекетіне деген психологиялық алғышарттарын, мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындық деңгейін зерттеу;

      8) тәрбиеленушiлерде шығармашылық қиялдың, білім алушыларда шығармашылық және теориялық ойлаудың даму деңгейін, дарынды балалардың жеке тұлғалық өсу деңгейін психологиялық зерттеу;

      9) білім алушыларда оқу мотивациясының сапалы ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтарын, оқу қызметі компоненттерінің даму деңгейін, білім алушылардың дайындық сапасын зерттеу;

      10) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дарынды балаларды мектепке дейінгі, мектеп алды, мектеп және жоғары оқу орындарына дайындаудағы вариативті және бейінді оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеу.

      6. Мектеп-кешенінде саяси партиялардың қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдарды құруға және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

2. Мамандандырылған мектеп-кешенінің қызмет тәртібі

      7. Мектеп-кешені құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді: мектепке дейінгі мекемелер, оқушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған мамандандырылған жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мамандандырылған білім беру ұйымдары.

      8. Жарғы мектеп-кешенімен әзірленеді.

      9. Мектеп-кешенін мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      10. Мектеп-кешені іздеуді, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуді, оны енгізу нысандарын, құралдары мен әдістерін, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

      11. Мектеп-кешенінде оқушыларға (тәрбиеленушілерге) медициналық қызмет көрсету штаттық немесе денсаулық сақтау органдарының арнайы бекіткен медициналық қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі, олар әкімшілік және педагогикалық қызметкермен қатар оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын, дене дамуын қамтамасыз етеді, емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізуге, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тамақтану режиміне және сапасына жауапты.

      12. Мектеп-кешеніне оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Мектеп-кешені оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау, мектептен шығару, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) ауыстыру және мектепті бітіру тәртібі білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Республикалық маңыздағы мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз ету, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар дарынды оқушылар үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып тиісті жағдайлар жасалады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мектеп-кешені білім беру үдерісін оқу бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

      1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

      2) бастауыш білім беру;

      3) негізгі орташа білім беру;

      4) жалпы орташа білім беру.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мектеп-кешендерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бірізділігі және үздіксіздігі негізінде жүзеге асырылады.

      Мектеп-кешенінің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.

      16. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру оқу бағдарламалары, оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, хореография, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың көркем-эстетикалық, шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Білім және ғылым министрінің 27.02.2017 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мектеп-кешені оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

      18. Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.

      19. Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.

      Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді.

      Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.11.2013 № 472 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Мектеп-кешені оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

      21. Мектеп-кешені оның Жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және әдісін өздігінен таңдай алады.

      22. Мектеп-кешені ішкі бейін пәндері, сондай-ақ білім алушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

      23. Мектеп-кешенінен сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

      24. Профильді пәндер тереңдетілген курс бағдарламалары бойынша зерттеледі және ең аз дегенде қажетті оқу уақытымен қамтамасыз етіледі. Профильді пәндерге қосымша сағаттар оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен бөлінеді.

      25. Мектеп-кешенінің вариативті оқу жоспары тұлғаның интеллектуалдық және адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін пәндер жиынтығы және әрбір модуль курстары есебінен, біріктірілген тәсілдерді пайдаланатын және оқу жоспарының жеке компоненті шегінде зертттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаларды енгізумен іске асырылады.

      26. Мектеп-кешеніндегі сыныптар-топтарының саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

      27. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, профильді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар - 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

      28. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-кешеніне психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-кешені көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

      29. Мектеп-кешені оның бейініне сәйкес келетін жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      30. Мектеп-кешені ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді.

      31. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетілмейді.

      32. Қосымша қаражаттарды тарту мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкелмейді.

      33. Мектеп-кешенінің материалдық-техникалық қорын дамыту оған бекітілген бюджеттік және жеке меншік қаражаттары шегінде жүзеге асырылады.

      34. Мектеп-кешенінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды материалдық ынталандыру Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      35. Мектеп-кешенінің педагогтеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

      1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

      2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.