Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 397 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8609 тіркелді

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-медициналық сараптама өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. "Ғылыми-медициналық сараптама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 696 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5940 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2010 ж., № 7).

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 397 бұйрығымен бекітілген

Ғылыми-медициналық сараптама өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми-медициналық сараптама өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ғылыми-медициналық сараптаманы өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектісі;

      2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

      3) сарапшылар – тиісті лицензия және (немесе) аккредиттеу туралы куәлік негізінде ҒМС өткізуге тартылған жеке және заңды тұлғалар.

      3. ҒМС өткізу бойынша жұмысшы орган ретінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" шаруашылық өткізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – жұмысшы орган) болып табылады, ол ҒМС рәсімін ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу қызметін жүзеге асырады.

      4. ҒМС жүзеге асыру үшін уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:

      1) ҒМС объектілерін жұмысшы органға жолдайды;

      2) ҒМС нәтижелерінің негізінде сараптамадан өткен объектілерге қатысты шешім қабылдайды.

      5. ҒМС объектілері:

      1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің жобалары;

      2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалары;

      3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапатына ұсынылатын ғылыми жұмыстар;

      5) денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық зерттемелер болып табылады.

      6. ҒМС негізгі қағидаттары:

      1) тәуелсіздік;

      2) ғылыми тәсіл, сараптаманың жан-жақтылығы, объективтілігі;

      3) медицина ғылымын дамытудың әлемдік деңгейіне бағдарлану;

      4) сараптамаға берілген материалдардағы ақпараттың негізінде ҒМС объектілері бойынша қорытынды шығару;

      5) объектілер бойынша ақпараттардың құпиялылығын және оны, сондай-ақ сарапшылар мен олардың жұмыстарының нәтижелері туралы мәліметтерді сараптамада көзделмеген мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмеуін қамтамасыз ету;

      6) ҒМС нәтижелерінің жариялығы болып табылады.

      7. ҒМС негізгі міндеттері:

      1) ҒМС объектілерінің ғылыми негізділігін, іске асыру мүмкіндігін, болжамды тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;

      2) ғылыми-техникалық қызметтің қаржыландырылатын объектілерінің алынған нәтижелерінің (орындау, аяқтау және енгізу сатысында) маңыздылығын бағалау және қаржыландыруды жалғастыру, өзгерту және тоқтау туралы ұсынымдарды әзірлеу.

2. Ғылыми-медициналық сараптама өткізудің тәртібі мен шарттары

      8. ҒМС объектілерін әзірлеушілер уәкілетті органға қағазда және электрондық тасығышта мынадай материалдарды жолдайды:

      1) ҒМС объектісі;

      2) әзірлеушінің байланыс деректерін, ғылыми зерттеу тақырыбының атауын және ғылымды дамытудың басым бағытын көрсете отырып, әзірлеушінің (жеке тұлғалар үшін) / әзірлеушінің бірінші басшысының (заңды тұлғалар үшін) қолы қойылған ілеспе хат, әзірлеушіде ғылыми және практикалық тәжірибенің, ғылыми зерттеудің тақырыбы бойынша ғылыми бітемесінің болуы (жарияланымдардың, патенттердің авторлық куәліктерінің тізімі және басқа деректер), әзірлеушінің негізгі орындаушыларының кәсіби біліктілігі туралы мәлімет және ҒМС объектісінің атауы;

      3) ҒМС объектісіне оң қорытындымен жергілікті этикалық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді;

      4) ҒМС объектісі ұсынылған ғылыми зерттеулердің саласында ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының екі тәуелсіз құзыретті маманының рецензиялары (аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері үшін).

      9. Уәкілетті орган ҒМС объектісін және осы Қағиданың 8-тармағының 2-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмысшы органға құжаттарды әзірлеушіден қабылдаған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей жолдайды.

      10. Жұмысшы орган:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген тәртіппен ҒМС өткізу үшін сарапшылар қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді және оны уәкілетті органмен келіседі;

      2) ҒМС объектісі ұсынылған ғылыми зерттеулер саласындағы сарапшылардың еңбек өтілін есепке ала отырып, сарапшылар қорынан ҒМС нақты объектілері үшін сарапшыларды іріктеуді жүзеге асырумен сараптамалық топтарды құрайды;

      3) ҒМС өткізудің қорытындылары бойынша уәкілетті органға сараптамалық қорытындыны ұсынады.

      11. ҒМС объектісі сараптамалық топтың мүшелеріне қағазда және электрондық түрде жіберіледі. Әрбір ҒМС объектісі бойынша сараптаманы өткізу мерзімі ҒМС объектісін сараптамалық топтың мүшелері алған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      Сараптамалық топтың мүшелері сараптама үдерісінің және ҒМС объектілеріндегі ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс.

      12. ҒМС өткізу кезінде сараптамалық топ осы Қағидалар 2-қосымшаға сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының және республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалардың жобаларын бағалау әдістемесімен және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапатына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге жоспарланатын ғылыми-медициналық зерттемелердің нәтижелерін бағалау әдістемесімен көзделген оларды бағалау критерийлерін, көрсеткіштерін және тетіктерін негізге алады.

      13. ҒМС объектілерінің ғылыми-медициналық сараптамасының қорытындылары бойынша сараптамалық топ барлық жұмылдырылатын сарапшылардың қорытындыларын жалпылайды және әрбір көрсеткіш бойынша орташа баллды және жалпы бағасын айқындайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ҒМС объектісі сөзсіз қолдауға лайық (егер ҒМС объектісі баллдардың ең жоғары ықтимал санынан кем дегенде 70%-ды алса және түбегейлі ескертулер болмаса және/немесе алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығын төмендетпейтін, жұмыс барысында жойылатын бірқатар ескертулері болса осы шешім қабылдануы мүмкін) және МҒТС жіберу үшін ұсынылады;

      2) ҒМС объектісі жасалған ескертулерге сәйкес пысықталған жағдайда қолдануы мүмкін (егер ҒМС объектісі баллдардың ең жоғары ықтимал санынан кем дегенде 40%-ды алса және жұмысты құрастыру сапасына, оның ғылыми және практикалық құндылығына қатысты бірқатар ескертулер болса, сондай-ақ айқындалған кемшіліктер ҒМС объектісін пысықтау барысында жойылуы мүмкін кезде осы шешім қабылдануы мүмкін);

      3) ҒМС объектісі қолдауға лайық емес (егер ҒМС объектісі баллдардың ең жоғары ықтимал санынан 40%-дан төмен алса және жұмысты құрастыру сапасына, оның ғылыми және практикалық құндылығына қатысты бірқатар ескертулер болса, сондай-ақ ескертулерді ұсынылған ҒМС объектісінің шеңберінде жоюға мүмкін емес және оның барлық тұжырымдамасын қайта пысықтау қажет болса осы шешім қабылдауы мүмкін).

      14. ҒМС нәтижесі ретінде жұмысшы органның ҒМС ресми қорытындысы болып табылады.

      Осы Қағиданың 5-тармағының 1-2) тармақшаларында аталған объектілер бойынша ҒМС қорытындысы осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, осы Қағидалардың 5-тармағының 3-5) тармақшаларында аталған объектілер бойынша ҒМС қорытындысы осы Қағидалардың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Жұмысшы органның ҒМС қорытындысы ҒМС өткізуге жұмылдырылған сарапшылардың қатарынан уәкілетті органмен айқындалатын сараптамалық топтың Төрағасының қолы қойылып, ұсынылады.

      15. Сараптамалық топ ҒМС қорытындысын шығарған кезден бастап жұмысшы орган ҒМС қорытындысын екі жұмыс күн ішінде уәкілетті органға жолдайды.

      16. Уәкілетті орган жұмысшы органнан ҒМС қорытындысын алған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ҒМС объектісін мақұлдау және оны қолданыстағы регламенттерге және осы ҒМС объектісіне қатысты қабылданған рәсімдерге сәйкес одан әрі кезеңдерден өтуге ұсыну туралы;

      2) ҒМС объектісін жасалған ескертулерге сәйкес пысықтау қажеттілігі туралы;

      3) ҒМС объектісін одан әрі қолдаудан бас тарту туралы.

      17. Шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті орган ҒМС объектісіне қатысты қабылданған шешім жөнінде әзірлеушіге жазбаша түрде хабарлайды.

      18. Пысықтауға жіберілген және ҒМС өткізуге қайтадан ұсынылған ҒМС объектілері жалпы негізде қаралады.

      19. ҒМС өткізуден бас тарту үшін негіздеме ретінде мыналар болып табылады:

      1) әзірлеушінің осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы;

      2) әзірлеушінің күмәнді мәліметтерді ұсынуы;

      3) әзірлеушінің жұмысшы орган бұрын пысықтауға қайтарған ҒМС объектісін ҒМС қорытындысында көрсетілген ескертулерді жоймай қайтадан ұсынуы.

      20. Уәкілетті орган ҒМС өткізуден бас тарту жөнінде мынадай жағдайларда шешім қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әзірлеушіден ҒМС объектісі түскен кезден бастап үш жұмыс күн ішінде;

      2) осы Қағидалардың 19-тармағының 2-3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша жұмысшы органнан тиісті ақпаратты алған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде. Жұмысшы органның сараптамалық тобы ҒМС өткізуден бас тарту үшін осы Қағиданың 19-тармағының 2-3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелерді айқындаған кезде ҒМС объектісі жұмысшы органға түскен кезден бастап бес жұмыс күн ішінде жұмысшы органға хабарлауы тиіс. Сараптамалық топ аталған негіздемелерді айқындаған кезде жұмысшы орган ҒМС өткізуден бас тартудың қажеттілігі және себептері туралы уәкілетті органға үш жұмыс күн ішінде хабарлауы тиіс.

      21. Шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті орган ҒМС өткізуден бас тартудың себебі туралы әзірлеушіге жазбаша түрде хабарлайды.

  Ғылыми-медициналық сараптама
өткізу қағидаларына
1-қосымша

Ғылыми-медициналық сараптаманы өткізу үшін сарапшылар қорын
қалыптастыру және сараптамалық топтың құрамына сарапшыларды
енгізу тәртібі

      1. Ғылыми-медициналық сараптаманы жүргізу үшін сарапшылардың қорын (бұдан әрі - сарапшылар қоры) Жұмысшы орган уәкілетті органның келісімі бойынша қалыптастырады және үнемі өзектендіріледі (жылына кем дегенде бір рет) және басқа жақтан сарапшылар қорына енгізу үшін өтінімдердің түсуі бойынша толықтырады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2014 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Сарапшылар қорына сарапшыларды іріктеудің белгіленген критерийлеріне сәйкес келетін және медициналық ғылым мен практиканың тиісті саласында тәжірибесі бар кез-келген жеке немесе заңды тұлға енгізілуі мүмкін.

      3. Сарапшылар қорын қалыптастыру үшін жұмысшы орган медициналық және фармацевтикалық ғылым саласында қызметті жүзеге асыратын барлық ұйымдарға сарапшыларды іріктеу туралы хабарлайды, жұмысшы органның ресми веб-ресурсында ақпаратты және сарапшыларға қойылатын талаптарды орналастырады.

      4. Сарапшыларды іріктеу критерийлеріне мыналарды қамтиды:

      1) жеке / заңды тұлғада тиісті лицензияның және (немесе) аккредиттеу туралы куәліктің болуы;

      2) жеке тұлғаның / заңды тұлғаның штат маманының кәсіби және ғылыми даярлық деңгейі:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің болуы;

      ғылыми дәрежесінің болуы;

      біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың және (немесе) соңғы 5 жыл ішінде ғылыми зерттеулердің әдістемесі және стандарттардың мәселесі бойынша семинарларға және мастер-кластарға қатысу туралы сертификаттардың болуы;

      3) жеке тұлғаның / заңды тұлғаның штат маманының кәсіби, ғылыми және сараптамалық қызметтегі тәжірибесі:

      денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс тәжірибесінің болуы (кем дегенде 5 жыл);

      денсаулық сақтау саласында қолданбалы немесе іргелі ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындауға қатысу тәжірибесінің болуы (өтінімді беру кезінде аяқталған кем дегенде 2 ғылыми-техникалық бағдарлама);

      4) жеке тұлғаның / заңды тұлғаның штат маманының ғылымға және ғылыми жетістіктерге қосқан үлесі:

      соңғы 5 жыл ішінде ғылыми еңбектердің болуы (халықаралық библиометриялық дерекқорларда индекстелетін ғылыми басылымдарда кем дегенде үш мақала және (немесе) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынған ғылыми басылымдарда кем дегенде 10 мақала);

      соңғы 5 жыл ішінде жеке тұлғаның / заңды тұлғаның штат маманының ғылыми жариялымдарын цитат келтірудің болуы (Google Scholar, Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық агенттіктерінің деректері бойынша кем дегенде 20 цитат келтіру және (немесе) ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық беделді агенттіктерінің деректері бойынша кем дегенде 5 цитат келтіру);

      5) заңды тұлғаның штатында осы ұйымдағы жұмыс негізгі қызмет орны болып табылатын, осы тармақтың 2-4) тармақшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін кем дегенде 5 маманның болуы.

      5. Сарапшылар қорына кіруге ниет білдірген жеке және заңды тұлғалар жұмысшы органға құжаттардың мынадай пакетін қағазда немесе электрондық түрде (сканерленген көшірмелер) ұсынады:

      1) сарапшылар қорына енгізу үшін өтінім (еркін түрде жазылады);

      2) денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыс тәжірибесін, денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы немесе іргелі ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындауға қатысуды көрсетумен түйіндеме;

      3) ғылыми еңбектердің тізімі және ақпарат көзін көрсете отырып, ғылыми жариялымдарды цитаттау туралы деректер (ғылыми-техникалық ақпараттың тиісті ұлттық немесе халықаралық агенттігінің);

      4) білім туралы, ғылыми дәрежесін алғаны туралы дипломдарының көшірмелері, біліктілікті арттыру, мастер-кластарда және семинарларда оқу туралы сертификаттардың және куәліктердің көшірмелері;

      5) лицензиялардың және (немесе) аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелері.

      Заңды тұлғалар ҒМС объектілерін заңды тұлға қарастыру кезінде ҒМС өткізуге жұмылдырылатын штат мамандарына (кем дегенде 5 адам) осы тармақтың 2-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Заңды тұлғаның штатында маманның болуы заңды тұлғаның кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесімен расталуы тиіс.

      Өтініш беруші көрсетілген құжаттардың пакетін жұмысшы органның заңды мекенжайының немесе ресми электрондық мекенжайының почтасына жіберуі мүмкін.

      6. Жұмысшы орган сарапшылар базасына енгізу үшін өтінімдерді қарастырады және 15 жұмыс күннің ішінде сарапшылардың базасына енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7. Сарапшылардың базасына енгізу үшін жеке/заңды тұлғаның сарапшыларды іріктеудің барлық критерийлеріне сәйкес келуі негіз болып табылады. Сонымен қатар заңды тұлға ұйымның қызметкер-мамандарының (заңды тұлғаның) өтінімде көрсетілген кәсіби және ғылыми дайындық деңгейінің критерийлеріне, кәсіби және ғылыми қызмет тәжірибесінің болуы, ғылымға қосқан үлесі, ғылыми жетістіктердің болуының негізінде сарапшылар базасына енгізіледі.

      Сарапшылардың базасына енгізуден бас тарту негізі жеке / заңды тұлғаның сарапшыларды іріктеудің бір және одан артық критерийлеріне сәйкес келмеуі болып табылады.

      Егер жеке тұлға өтінім берген кезде сарапшылар қорына енгізілген заңды тұлғаның штат мамандарының тізбесіне кірсе, оны сарапшылар қорына енгізуден бас тартылады.

      Заңды тұлғаның өтінімінде көрсетілген бір және одан астам штат мамандары жеке тұлғалар ретінде сарапшылар базасына енгізілген болса және жеке тұлға ретінде енгізілгендерді алып тастағанда қалған штат мамандарының саны бестен кем болса, сарапшылар қорына енгізуден бас тартылады.

      Жеке және осы жеке тұлға мамандардың тізбесіне кіретін заңды тұлғадан сарапшылар қорына енгізуге өтінім бір кезде түскенде және жеке мен заңды тұлғаның сарапшыларды іріктеудің барлық критерийлеріне сәйкес келгенде заңды тұлғаның өтінімі басымды болады.

      8. Сарапшылардың базасына енгізу үшін өтінімдерді қарастыру нәтижесі жұмысшы органның хаттамалық шешімімен ресімделіп, уәкілетті органмен келісіледі.

      Сарапшылардың базасына енгізу туралы шешім қабылданған сарапшыларға қатысты деректер жұмысшы органмен сарапшылардың жиынтық базасына енгізіледі.

      9. Жұмысшы орган 3 жұмыс күннің ішінде жеке/заңды тұлғаны ҒМС базасына енгізу үшін өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлайды.

      10. Сарапшылар базасының сандық құрамы шектелмейді. Сарапшылар базасының құрамы жыл сайын сарапшылар базасына енгізуге сарапшыларға қойылған талаптардың сәйкес келуін растауға актуальдандырады.

      11. Сарапшылар базасынан жеке және заңды тұлғалар мынадай себептер бойынша шығарылады:

      1) заңды тұлғаның таратылуы / жеке тұлғаның қайтыс болуы;

      2) жеке тұлғаның осы Тәртіптің 4-тармағының 1-4) тармақшаларында көрсетілген сарапшыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес келуін жоғалтуы;

      3) заңды тұлғаның осы Тәртіптің 4-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көрсетілген сарапшыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес келуін жоғалтуы.

      12. Жұмысшы орган әрбір ҒМС объектісі үшін сарапшылар базасының құрамына кіретін үш сарапшыдан кем емес құрамда ҒМС объектісін өткізу үшін сарапшылардың тобын (бұдан әрі – сарапшылар тобы) қалыптастырады. Сарапшылар тобы жұмысшы органға ҒМС объектісі келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде құрылады.

      Сарапшылар тобының құрамы жұмысшы органның хаттамалық шешімімен бекітіледі. Сарапшылар тобының құрамына енгізу үшін Деректер базасынан сарапшыларды іріктеу негізі сарапшының ҒМС объектісінің тематикасына мамандығының және жұмыс өтілінің сәйкес келуі, сарапшының әзірлеушімен үлестес болмауы болып табылады.

      Сарапшылар тобын Сарапшылар тобының құрамынан таңдалған сарапшылардың қатарынан жұмысшы органның хаттамалық шешімімен айқындалатын төраға басқарады. Сарапшылар тобы төрағасын таңдау критерийі ғылыми-медициналық сараптама жасау саласында үлкен тәжірибенің болуы.

  Ғылыми-медициналық сараптама
өткізу қағидасына
2-қосымша

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының және
республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалардың
жобаларын бағалау әдістемесі

Критерийлердің және көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейі

Критерийлердің, көрсеткіштердің және оларды бағалау деңгейлерінің сипаттамасы

Баллдардағы баға

1. Маңыздылығының критерийлері:

Өтінім берілетін ҒМС объектісінің ғылым және практика, зерттелетін проблема бойынша білім саласы үшін маңыздылығы

1.1. Жоспарланатын зерттеудің өзектілігі

Ғылым мен практиканың сұраныстарына сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

ҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылым және практика үшін аса маңызды және басым міндет болып табылады

7–10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылым және практика үшін аса маңызды міндет болып табылады

4–6

Қанағаттанарлық

ҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылымның және практиканың жергілікті міндеттерінің бірі болып табылады

1–3

Өзекті емес

Ғылымның және практиканың сұраныстарына және міндеттеріне сәйкес келмейді

0

1.2. Күтілетін нәтиженің медициналық ғылымға әсер ету дәрежесі

ҒМС объектісін іске асыру барысында шешілетін медициналық ғылымның проблемаларының деңгейі мен басымдылығымен сипатталады

Жоғары

Медициналық ғылымның аса маңызды проблемаларын шешуге мүмкіндік беріп, оны одан әрі дамытуға түбегейлі әсер тигізеді

7–10

Біршама жоғары

Салалық ғылымдағы басым бағыттарының бірі шеңберінде басты проблеманы шешуде анағұрлым алға қарай жылжуға мүмкіндік беріп, медициналық ғылымды одан әрі дамытуға айқын әсер тигізеді

4–6

Қанағаттанарлық

Салалық ғылымның бар проблемаларының бірін шешу үшін негіз салуға мүмкіндік беріп, медициналық ғылымды дамытуға белгілі әсерін тигізеді.

1–3

Жоқ

Медициналық ғылымды дамыту үшін маңызы жоқ

0

1.3. Теориялық маңызы

Зерттеу нәтижелерінің денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларға, тәсілдерге, идеяларға, теориялық түсініктерге әсер ету дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Зерттеудің нәтижелері жаңа идеялардың, қағидаттардың, ғылыми бағыттардың, теориялардың, гипотезалардың, тұжырымдамалардың, негізінен жаңа тәсілдердің, ауруларды емдеуде, диагностикалауда, профилактикада, ұйымдастыруда, басқаруда, оқытуда мүмкіндіктердің пайда болуына әкеледі.

7–10

Біршама жоғары

Зерттеудің нәтижелері мәлім қағидаттарды, амалдарды, әдістерді, ережелерді, теорияларды, тәсілдерді, нысандарды дамытуға және жетілдіруге әкеледі.

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің нәтижелері мәлім оқиғалардың, үдерістердің, тетіктердің, жағдайлардың, заңдылықтардың, қасиеттердің мағынасын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

1–3

Төмен немесе жоқ

Нәтижені пайдаланудың және дамытудың елеулі емес перспективалары бар немесе ол проблеманы шешу үшін ештеңе бермейді.

0

1.4. Практикалық маңызы

Медициналық зерттеулерді практикада пайдаланудың нәтижелері болған денсаулықты қорғау, емдеудің әртүрлі әдістемелерін ұйымдастыру саласындағы нақты жетістіктерді сипаттайды

Жоғары

Практикалық денсаулық сақтау үшін құндылығы жоғары

7–10

Біршама жоғары

Практикалық денсаулық сақтау үшін белгілі құндылығы бар

4–6

Қанағаттанарлық

Практикалық денсаулық сақтау үшін құндылығы төмен

1–3

Маңызы жоқ

Құндылығы жоқ

0

1.5. Болжамды енгізу деңгейін бағалау

Жоспарлы зерттеуді енгізу масштабымен және деңгейімен, экономикалық, әлеуметтік, емдеу-профилактикалық әсердің болуымен және көлемімен сипатталады

Жоғары

Елеулі әсермен республикада кеңінен енгізу

7–10

Біршама жоғары

Елеулі әсермен бірнеше ұйымда енгізу

4–6

Қанағаттанарлық

Әсерді айқындаусыз бір ұйымда енгізу

1–3

Төмен

Енгізу жоспарланбайды, әсер күтілмейді

0

1.6. Енгізудің болжамды көлемдерін және нысандарын бағалау

Зерттеу нәтижелерін енгізудің әлеуетті мүмкін нысандарының маңыздылығымен және көлемімен сипатталады

Жоғары

Патент, денсаулық сақтау жүйесі немесе сала үшін нақты ұсыныстар және ұсынымдар

7–10

Біршама жоғары

Авторлық куәлік, ресми бекітілген әдістемелік ұсыныстар және ережелер, нұсқаулықтар, нұсқаулар

4–6

Қанағаттанарлық

Рационалдық ұсыныс, енгізу актісі

1–3

Төмен

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған мекенжайсыз жалпы сипаттағы ұсыныстар және ұсынымдар

0

2. Ғылыми және технологиялық жаңалықтың критерийлері:

Өткізілетін зерттеулер, әзірленетін тұжырымдамалар, шешілетін мақсаттар мен міндеттер жаңалығының деңгейі

2.1. Ғылыми жаңалықтың деңгейі

Зерттеудің проблемасын қалыптастыру және ғылыми негіздеу жаңалығының дәрежесімен, аталған бағытта бұрын зерттеулердің болмауымен сипатталады

Жоғары

Зерттеудің проблемасы алғаш рет қалыптастырылған және ғылыми негізделген, аталған бағытта бұрын зерттеулер өткізілмеген, проблеманы шешудің ұсынылатын жолы бұрын пайдаланылмаған

7-10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде проблеманы шешудің қолданыстағы жолдарын жетілдіруге мүмкіндік беретін зерттеудің проблемасын шешудің түпнұсқалы тәсілдері ұсынылған

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің проблемасын шешуге ұсынылатын тәсілдер тиімділік бойынша мәлім тәсілдерден айтарлықтай аспайды, бірақ жаңалық пен түпнұсқалықтың элементтері бар

1–3

Жоқ

Проблеманы шешуге ұсынылатын тәсілдерде жаңалық және түпнұсқалық жоқ

0

2.2. Зерттеу тұжырымдамасының дәлдігі

Зерттеу тұжырымдамасының нақтылығы мен толықтығының деңгейімен, тұжырымдалған мақсаттардың және міндеттердің сапасымен сипатталады

Жоғары

Зерттеудің нақты тұжырымдамасы. Атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін толық ашады.

7-10

Біршама жоғары

Зерттеудің тұжырымдамасы, атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін толық көлемде ашпайды.

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің тұжырымдамасы, атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін жартылай ғана ашады

1–3

Төмен

Зерттеудің тұжырымдамасы жоқ. Атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін ашпайды.

0

3. Жобаны іске асырудың критерийі

Ұсынылатын зерттеуді өткізу ортасының және жағдайларының қойылған мақсаттарға, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

3.1. Ғылыми-әдістемелік деңгей

Жоспарланатын зерттеуді әдістемелік пысықтау дәрежесімен – әдістеме дизайнының қойылған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес келуімен сипатталады

Жоғары

Зерттеу көлемі бойынша жеткілікті материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді толық статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

7–10

Біршама жоғары

Зерттеу көлемі бойынша жеткілікті шектелген материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді жартылай статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің күтілетін нәтижелерінің бірқатар жағдайларда олардың статистикалық нақтылығын, бөлек әдістемелік кемшіліктерін айқындау мүмкіндігінің болмауына, материалдың жеткіліксіз көлеміне байланысты төмен дәлелді күші болуы мүмкін.

1–3

Төмен

Пайдалануға жоспарланатын әдістер белгілі дәрежеде зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне адекватты емес, материалдың көлемі анық емес, нәтижелерді статистикалық өңдеу жоспарланбайды

0

3.2. Бітеменің болуы

Бұрынғы жұмыстың нәтижелері бойынша бағаланатын жобада қойылған міндеттерді шешу үшін орындаушылар даярлығының деңгейі


Елеулі бітеме

Таңдалған бағыттың дұрыстығын растайтын оң нәтижелердің, зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдардың болуы

7–10

Белгілі бітеме

Таңдалған бағыттың дұрыстығын растайтын бастапқы материалдың болуы, зерттеудің тиісті әдістері игерілген

4–6

Ең төмен бітеме

Зерттеудің әдістері игерілген

1–3

Бітеме жоқ

Зерттеудің тақырыбы бойынша бітеме жоқ

0

3.3. Негізгі орындаушылардың біліктілігі және тәжірибесі

Зерттеулердің таңдалған бағыты бойынша негізгі орындаушылар біліктілігінің және тәжірибесінің дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Орындаушылардың жалпы санынан 70-100%-да қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)

7–10

Біршама жоғары

Орындаушылардың жалпы санынан 40-69%-да қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)

4–6

Төмен

Орындаушылардың жалпы санынан 39%-дан кем орындаушыларда қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)

1–3

Жоқ

Жеткіліксіз

0

3.4. Зерттеуді орындау мерзімдерінің негізділігі

Зерттеудің бөлек кезеңдерін және шараларын қоса, оны орындау мерзімдерінің негізділігінің дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Жоспарлы мерзімдерге сәйкес келеді

7–10

Біршама жоғары

Орындау мерзімі көрсетілген мерзімнен 50 %-дан астам емес жоғары немесе қажет етілетін мерзімге қатысты төмендетілген

4–6

Жеткілікті жоғары емес

Орындау мерзімі көрсетілген мерзімнен 50 %-дан астам жоғары немесе қажет етілетін мерзімге қатысты төмендетілген

1–3

Жоқ

Орындау мерзімі негізсіз

0

3.5. Қаржылық негіздемесі

ҒМС объектісін іске асыруға әзірлеуші сұрататын сомалардың шаралардың көрсетілген көлеміне сәйкес келуі ретінде айқындалады

Жоғары

Зерттеулердің көлемдеріне және міндеттеріне толық сәйкес келеді

7–10

Біршама жоғары

Талап етілетін қаржыландыру жоспарлы жұмыстар көлемінің құнынан 50 %-ға дейін асады немесе әлеуетті қажетті сомаға қатысты жеткіліксіз

4–6

Жеткілікті жоғары емес

Талап етілетін қаржыландыру жоспарлы жұмыстар көлемінің құнынан 50 %-дан асады немесе әлеуетті қажетті сомаға қатысты жеткіліксіз

1–3

Жоқ

Тиісті қаржылық негіздеме жоқ

0

4. Ғылыми бағдарламаның жобасын құрастыру және ресімдеу

Ұсынылатын жобаның көпшілік мақұлдаған нормаларға және ғылыми жобаларды жазу мен ресімдеудің бекітілген талаптарына сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

4.1. Ғылыми жобаны құрастырудың сапасы

ҒМС объектісінің құрылымы мен мазмұнының белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар және ашылған – өзектілігі, мақсаты, міндеттер, зерттеудің дизайны және басқа. Жобаны жазудың жақсы ғылыми стилі ұсталған.

7-10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ толық көлемде ашылмаған. Жобаны жазудың ғылыми стилистикасы бойынша елеулі емес ескертулер бар.

4–6

Қанағаттанарлық

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ кейбіреуі ашылмаған деуге болады. Жобаны жазудың ғылыми стилистикасы бойынша елеулі ескертулер бар.

1–3

Жоқ

ҒМС объектісінде бірқатар қажетті бөлімдер жоқ, бар бөлімдер ашылмаған деуге болады. Өрескел стилистикалық және орфографиялық қателіктер бар.

0

4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалау

Көтерілетін проблема бойынша пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келу дәрежесімен және олардың жаңалығының деңгейімен сипатталады

Жоғары

Пайдаланылатын ғылыми-анықтамалық аппарат – қолданыстағы МемСТ-қа сәйкес келеді, сызбалар, кестелер, графиктер, суреттеме және т.б. түрінде қосымшалары бар. Авторлар шешілетін проблемаға тікелей қатынасы бар және ғылыми әдебиетте кем дегенде 5 жыл бұрын жарияланған анағұрлым маңызды әдеби көздерге сілтеме жасайды

7–10

Біршама жоғары

Авторлар пайдаланған ғылыми еңбектер және әдебиет қозғалатын мәселеге біршама сәйкес келеді және негізінде жаңалығы бар. (жариялымдардың цитат келтіру мерзімі 10 жылдан аспайды)

4–6

Төмен

Авторлар пайдаланған ғылыми еңбектер және әдебиет негізінде қозғалатын мәселеге сәйкес келмейді және жаңашылық болып табылмайды (жариялымдардың цитат келтіру мерзімі 10 жылдан астам)

1–3

Жоқ

Жұмыста ғылыми еңбектер мен жариялымдарға сілтемелер жоқ

0


      Әрбір көрсеткіш (k) 10-баллдық шкала бойынша бағаланады. Әр жоба (бағдарлама) бойынша жиынтық баллдық баға

(жоба (бағдарлама) алуы мүмкін ең жоғарғы балл 150-ге тең) және жоба (бағдарлама) алуы мүмкін ең жоғарғы баллдан пайыз (К%).


      Ғылыми жобаның (бағдарламаның) ғылыми-медициналық сараптамасының қорытындылары бойынша сараптамалық комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      - ҒМС объектісі (бағдарлама) сөзсіз қолдауға лайық (осындай шешім жоба (бағдарлама) алынуы мүмкін баллдардың ең көп санының 70%-нан көбін алған жағдайда қабылдануы мүмкін және жұмыс барысында жойылатын, алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығына әсер етпейтін ымырасыз ескертулері және/немесе бірнеше ескертулері болмаса) және МҒТС-қа бағыттау үшін ұсынылды.

      - ҒМС объектісі (бағдарлама) аталған ескертулер пысықталған жағдайда қолданылуы мүмкін (осындай шешім ҒМС объектісі (бағдарлама) алынуы мүмкін баллдардың ең көп санының 40%-нан көбін алған жағдайда қабылдануы мүмкін және жобаны әзірлеу сапасына, ғылыми және практикалық құндылығына қатысты бірқатар ескертулері бар болса, бұл ретте жобаны (бағдарламаны) пысықтау барысында кемшіліктер жойылуы мүмкін).

      - ҒМС объектісі (бағдарлама) қолдауға лайық емес (осындай шешім жоба (бағдарлама) алынуы мүмкін баллдардың ең көп санының 40%-нан азын алған жағдайда қабылдануы мүмкін және жобаны (бағдарламаны) әзірлеу сапасына, ғылыми және практикалық құндылығына қатысты бірнеше ескертулері бар болса, бұл ретте ұсынылған ҒМС объектісі (бағдарлама) шеңберінде ескертулерді объективті жою мүмкін емес және оның барлық тұжырымдамасын қайта өңдеуді қажет етеді).

  Ғылыми-медициналық сараптаманы
өткізу қағидасына
3-қосымша

Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік марапатына ұсынылатын ғылыми
жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге
жоспарланатын ғылыми-медициналық зерттемелердің нәтижелерін
бағалау әдістемесі

Көрсеткіш/критерийдің атауы

Көрсеткіш/критерийдің сипаттамасы

Баллдардағы баға

1. Маңыздылық критерийі:

Ғылым және практика үшін алынған нәтижелердің маңыздылығы, зерттелетін проблема бойынша білімдердің салалары

1.1. Ғылыми маңыздылық деңгейі

Медициналық ғылым үшін ғылыми жобаны (бағдарламаны) іске асыру барысында шешілген мәселелер мен міндеттердің деңгейімен және басымдылығымен сипатталады.

Жоғары

Денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірінің шеңберінде басты мәселелердің бірін шешуде елеулі алға жылжуға мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға түбегейлі әсер етеді

7–10

Біршама жоғары

Денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірінің шеңберінде басты мәселелердің бірін шешуге мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға түбегейлі әсер етеді

4–6

Қанағаттанарлық

Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы мәселелерді шешу үшін негізді қалауға мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға белгілі бір әсері бар

1–3

Жоқ

Ғылымды дамыту үшін маңыздылығы жоқ

0

1.2. Практика үшін маңыздылығы

Алынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау сұрау салуларына сәйкестік деңгейімен сипатталады.

Жоғары

Алынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін жоғары дәрежелі және басым мағынасы бар

7–10

Біршама жоғары

Алынған нәтижелер заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін өте маңызды

4–6

Қанағаттанарлық

Алынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін белгілі бір (жергілікті) мағынасы бар

1–3

Жоқ

Практиканы дамыту үшін маңыздылығы жоқ

0

1.3. Болжамды енгізудің деңгейі және көлемдері

Алынған нәтижелерді енгізу масштабымен және деңгейімен, экономикалық, әлеуметтік, емдеу-профилактикалық әсердің болуымен және мөлшерімен сипатталады

Жоғары

Маңызды әсерімен республикада кеңінен енгізу

7–10

Біршама жоғары

Маңызды әсерімен бірнеше ұйымдарда енгізу

4–6

Қанағаттанарлық

Әсерін анықтаусыз бір ұйымда енгізу

1–3

Төмен

Енгізудің мәні жоқ

0

1.4. Енгізуге зерттеулер нәтижелерінің дайындық деңгейі

Зерттеулер нәтижелері лезде енгізілуі мүмкін немесе қосымша қаражаттарды, уақытты, шығындарды, іс-шараларды талап ететіндігін көрсететін көрсеткіш.

Жоғары

Зерттеу нәтижелері қосымша қаражаттарды, уақытты, шығындарды, іс-шараларды талап етпейтіндіктен лезде енгізіле алады

7–10

Біршама жоғары

Зерттеу нәтижелері енгізуге дейін қосымша тексерісті, сынақтар, іс-шаралар өткізуді, технологияларды өзгертуді және т.б. қажет етеді

4–6

Қанағаттанарлық

Күшті, қаражаттарды жұмылдыруды және даярлық іс-шараларды өткізуді қажет ететіндіктен енгізу көп уақытты қажет етеді.

1–3

Жоқ

Енгізу жөнсіз.

0

1.5. Енгізудің болжамды нысандарын бағалау

Енгізу нысандарын зерттеу нәтижелері бойынша маңыздылықпен сипатталады

Жоғары

Патент, қызметтің жаңа нысаны немесе саласы

7–10

Біршама жоғары

Авторлық куәлік, ресми түрде бекітілген әдістемелік ұсынымдар, нұсқаулар және нұсқаулықтар

4–6

Қанағаттанарлық

Рационализаторлық ұсыныс, енгізу актісі

1–3

Төмен

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған ұсынымдар мен ұсыныстар жоқ немесе мекенжайсыз сипаты бар

0

2. Ғылыми және технологиялық жаңалық критерийлері:

Алынған нәтижелердің, әзірленген тұжырымдамалардың және болжамдардың деңгейі

2.1. Ғылыми жаңалық деңгейі

Зерттеудің проблемасын шешудің ұсынылатын жолының жаңалығы деңгейімен сипатталады

Жоғары

Аталған бағытта зерттеу бұрын жүргізілген жоқ, зерттеудің проблемасын шешудің ұсынылатын жолы бұрын қолданылған жоқ

7–10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде проблеманы шешудің қолданыстағы жолын жетілдіруге мүмкіндік беретін қолданыстағы проблеманы шешудің біртума тәсілдері ұсынылды

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің проблемасын шешуге ұсынылатын тәсілдер тиімділік бойынша қолданыстағылардан анағұрлым аспайды, бірақ жаңалығы және біртумалығы бар.

1–3

Төмен

Проблеманы шешуге ұсынылған тәсілдердің жаңалығы және біртумалығы жоқ.

0

2.2. Алынған нәтижелердің ғылыми деңгейі

Қойылған проблеманы/мәселені шешу толықтығының деңгейімен сипатталады.

Жоғары

Зерттеудің қойылған проблемасы/мәселесі толықтай шешілді, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінен асады.

7–10

Біршама жоғары

Зерттеудің қойылған проблемасы/мәселесі толықтай шешілді, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінен жартылай асады

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің қойылған проблемасы/мәселесі жартылай ашылған, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінде, бірақ кейбір басымдылықтары бар

1–3

Жоқ

Зерттеудің қойылған проблемасы/мәселесінің шешімі жоқ немесе ол қолданыстағы шешімдердің деңгейінен төмен

0

3. Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету критерийлері

Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету деңгейімен, олардың негізділігімен және белгіленген мерзімдер мен қаржыландыру көлеміне сәйкестігімен сипатталады

3.1. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге зерттеу нәтижелерінің сәйкестігі

Нәтижелер зерттеу басында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді

Жоғары

Барлық алынған нәтижелер қойылған мақсаттар мен міндеттерге толықтай сәйкес келеді

7–10

Біршама жоғары

Алынған нәтижелер негізінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейтін жеке нәтижелері бар

4–6

Қанағаттанарлық

Алынған нәтижелер қойылған мақсаттарға және міндеттерге жартылай сәйкес келеді

1–3

Жоқ

Алынған нәтижелер қойылған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес келмейді

0

3.2. Ғылыми-әдістемелік деңгей

Зерттеу нәтижелерінің негізділік деңгейімен: қорытындымен, байламдармен және ұсынымдармен сипатталады.

Жоғары

Зерттеу көлемі бойынша жеткілікті материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді толық статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

7–10

Біршама жоғары

Зерттеу көлемі бойынша шектеулі материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді жартылай статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің күтілетін нәтижелерінің бірқатар жағдайларда олардың статистикалық нақтылығын, бөлек әдістемелік кемшіліктерін айқындау мүмкіндігінің болмауына, материалдың жеткіліксіз көлеміне байланысты төмен дәлелді күші болуы мүмкін.

1–3

Төмен

Осы материалда пайдаланылған әдістер қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз етпеді

0

3.3. Зерттеу жоспарына сәйкес келу

Есептілік мерзіммен белгіленген міндеттерді толық орындаумен, зерттеулердің жеке кезеңдерін іске асыру дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Барлық міндеттер мен іс-шаралар уақытында орындалған

7–10

Салыстырмалы жоғары

Міндеттер жартылай орындалған, кейін қалғандары маңызсыз

4–6

Қанағаттанарлық

Міндеттер жартылай орындалған, кейін қалғандары айтарлықтай маңызды

1–3

Төмен

Қойылған іс-шаралар көбінде орындалған жоқ

0

4. Ғылыми зерттеулердің есебін құрастыру және рәсімдеу сапасының критерийлері

Ұсынылған есептің ғылыми жұмыстарды жазу мен рәсімдеудің көпшілік мақұлдаған нормаларға және белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесімен сипатталады


4.1. Ғылыми зерттеу есебін құрастыру сапасы

Белгіленген талаптарға құрылымның және жобаны ұстаудың сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

ҒМС объектісі ҒЗЖ құрастыруға қойылатын белгіленген стандарттарға және талаптарға толық сәйкес келеді. Есепті жазудың жақсы ғылыми стилі ұсталды.

7-10

Салыстырмалы жоғары

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ олар жеткіліксіз көлемде ашылған. ҒМС объектісін жазудың ғылыми стилистикасы бойынша кішкене ескертулер бар.

4–6

Қанағаттанарлық

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ кейбіреулері айтарлықтай ашылмаған. ҒМС объектісін жазудың ғылыми стилистикасы бойынша айтарлықтай ескертулер бар.

1–3

Жоқ

ҒМС объектісінде бірқатар қажетті бөлімдер жоқ немесе бар бөлімдер толық ашылмаған. Өрескел стилистикалық және орфографиялық қателер бар.

0

4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалау

Шешілетін проблема және олардың жаңару деңгейі бойынша пайдаланған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Қолданылатын ғылыми-анықтамалық аппарат – қолданыстағы МЕМСТ сәйкес келеді, сызбалар, кестелер, графиктер, иллюстрациялар және басқалар түрінде қосымшасы бар. Авторлар шешілетін проблемаға тікелей қатысы бар және 5 жылдан астам емес ғылыми әдебиетте жарияланған маңызды әдебиеттік көздерге жүгінеді.

7–10

Салыстырмалы жоғары

Авторлар қолданған ғылыми еңбектер және әдебиет көтерілетін проблемаға салыстырмалы сәйкес келеді және негізгі қауымда жаңалыққа ие (дәйексөзді мақалалардың мерзімі 10 жылдан астам емес)

4–6

Төмен

Авторлар қолданған ғылыми еңбектер және әдебиет көтерілетін проблемаға салыстырмалы сәйкес келмейді және негізгі қауымда жаңалығы жоқ (дәйексөзді мақалалардың мерзімі 10 жылдан астам)

1–3

Жоқ

Жұмыста сілтемелер жоқ немесе моральді тұрғыдан ескірген ғылыми еңбектер мен мақалаларға сілтемелер бар.

0


      Ескерту: Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объект ҒМС объектісі болған жағдайда.

      Әрбір көрсеткіш (k) 10-баллдық шкала бойынша бағаланады. Әрбір есеп бойынша ең жоғары мүмкін баллдан жоба алған жиынтық баллдық баға

(есептің ең жоғары алатын балы 120 құрайды) және процент (К%) қойылады.


      Ғылыми-медициналық сараптама есебінің қорытындысы бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша сараптамалық комиссия мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

      - ҒМС объектісі мақұлдауға лайық (аталған шешім қабылдануы мүмкін, егер есеп ең жоғары мүмкін баллдан кем дегенде 70% алса және/немесе алынған қорытындылардан ғылыми және практикалық құндылыққа қатысты емес ескертулер болса);

      - ҒМС объектісі мақұлдануы мүмкін, егер көрсетілген ескертулер пысықталса (аталған шешім қабылдануы мүмкін, егер есеп ең жоғары мүмкін баллдан кем дегенде 40% алса және есепті құрастыру сапасына, оның ғылыми және практикалық құндылығына қатысты ескертулер болса, сондай-ақ ескертулер есепті пысықтау барысында жөнделуі мүмкін);

      - ҒМС объектісі мақұлданбайды (аталған шешім қабылдануы мүмкін, егер есеп ең жоғары мүмкін баллдан кем дегенде 40% алса және есепті құрастыру сапасына, оның ғылыми және практикалық құндылығына қатысты ескертулер болса, сондай-ақ ұсынылған есептің шеңберінде объективті жойылған ескертулер мүмкін емес және барлық құжатты қайта өңдеуді талап етеді).

  Ғылыми-медициналық сараптаманы
өткізу қағидасына
4-қосымша

Іргелі/қолданбалы ғылыми зерттеулер
бағдарламасының/республикалық нысаналы ғылыми-медициналық
бағдарламасының жобасы бойынша ғылыми-медициналық сараптама
қорытындысы

      Жобаның/бағдарламаның атауы: ________________________________________

      ҒМС объектісінің әзірлеушісі: _______________________________________

      Ғылыми жетекші: _____________________________________________________

      Орындау мерзімі: ____________________________________________________

      Қаржыландыру көлемі (гранттық, бағдарламалық-нысаналы):______________

Критерийлердің және көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейі

Баллдардағы баға

1. Маңыздылық критерийлері:


1.1. Жоспарланатын зерттеудің өзектілігі


1.2. Күтілетін нәтиженің медициналық ғылымға әсер ету дәрежесі


1.3. Теориялық маңыздылығы


1.4. Практикалық маңыздылығы


1.5. Енгізудің болжамды деңгейін бағалау


1.6. Енгізудің болжамды көлемдерін және нысандарын бағалау


2. Ғылыми және технологиялық жаңалықтың критерийлері


2.1. Ғылыми жаңалықтың деңгейі


2.2. Зерттеу тұжырымдамасының дәлдігі


3. Жобаны іске асыру критерийлері


3.1. Ғылыми-әдістемелік деңгей


3.2. Бітеменің болуы


3.3. Негізгі орындаушылардың біліктілігі және тәжірибесі


3.4. Зерттеуді орындау мерзімдерінің негізділігі


3.5. Қаржылық негізділігі


4. ҒМС объектісін құрастыру және ресімдеу сапасының критерийі


4.1. Ғылыми бағдарламаның жобасын құрастыру сапасы


4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалау



      ҒМС объектісі бойынша нақты

      ескертулер:__________________________________________________________

      Объективті сараптаманы қиындататын жағдайлардың болуы немесе болмауы

      _____________________________________________________________________

      Қорытынды ___________________________________________________________

      Сараптама тобының басшысы

      Сараптама комиссиясының құрамы

      Хатшы

  Ғылыми-медициналық сараптама
өткізу қағидасына
5-қосымша

Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың / Қазақстан
Республикасының мемлекеттік марапатына ұсынылатын ғылыми
жұмыстардың / денсаулық сақтау практикасына енгізілуге
жоспарланатын ғылыми-медициналық зерттемелердің нәтижелерін
ғылыми-медициналық сараптау
қорытындысы

      Жобаның/бағдарламаның атауы: ________________________________________

      ҒМС объектісінің әзірлеушісі: _______________________________________

      Ғылыми басшы: _______________________________________________________

      Орындау мерзімі: ____________________________________________________

      Қаржыландыру көлемі (гранттық, бағдарламалық-мақсаттық):________________

Критерий / көрсеткіш атауы

Баллдардағы баға

1. Маңыздылық критерийі:


1.1. Ғылыми маңыздылық деңгейі


1.2. Практика үшін маңыздылық


1.3. Болжамды енгізудің деңгейі және көлемі


1.4. Енгізуге зерттеулер нәтижелерінің дайындық деңгейі


1.5. Енгізудің болжамды нысандарын бағалау


2. Ғылыми және технологиялық жаңалық критерийлері:


2.1. Ғылыми жаңалық деңгейі


2.2. Алынған нәтижелердің ғылыми деңгейі


3. Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету критерийлері


3.1. Зерттеу нәтижелерінің қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі


3.2. Ғылыми-әдістемелік деңгей


3.3. Зерттеу жоспарына сәйкестік


4. ҒМС объектісін құрастыру және ресімдеу сапасының критерийі


4.1. ҒМС объектісін құрастыру сапасы


4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердің сәйкестігін бағалау



      ҒМС объектісі бойынша нақты

      ескертулер:__________________________________________________________

      Объективті сараптаманы қиындататын жағдайлардың болуы немесе болмауы

      _____________________________________________________________________

      Қорытынды ___________________________________________________________

      Сараптау тобының төрағасы

      Сараптау комиссиясының құрамы

      Хатшы