«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес, поездардың қозғалыс қауіпсіздігі мен теміржол көлігінің үздіксіз жұмыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6859 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, (26593) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерінде:
33-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар вагондары жолсеріктерінің жұмыс және демалу кестелерін жасау кезінде олардың рейстағы үздіксіз жұмысының ұзақтығы 12 сағаттан аспау керек, жолаушылар вагондарының жолсеріктері жұмысының аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет ресурсында ресми жариялансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
__________ Т.Б. Дүйсенова
2013 жылғы 24 шілде