Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8594 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) мынадай бағалы қағаздармен:
      «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен;
      «ВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;
      «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін.
      Шетел эмитенттері және Қазақстан Республикасының эмитенттері облигацияларының рейтингісі қаулының осы тармағында айқындалған деңгейден төмендеген кезде банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейінгі күнтізбелік алты ай ішінде осы тармақта белгіленгеннен төмен рейтингісі бар өздеріне тиесілі бағалы қағаздарды иеліктен шығаруы қажет.
      2. Банктер «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алады деп белгіленсін.
      Мемлекеттік бағалы қағаздарымен банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын елдердің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі қаулының осы тармағында айқындалған деңгейден төмендеген кезде банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде осы тармақта белгіленгеннен төмен рейтингісі бар елдердің өздеріне тиесілі бағалы қағаздарын иеліктен шығаруы қажет.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күні банкте осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін бағалы қағаздары болған жағдайда, банк көрсетілген бағалы қағаздарды сатуды, сондай-ақ есеп саясатына сәйкес осы бағалы қағаздарды 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшеу» Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда «өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатына аударуды жүзеге асыра алады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 294 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко