«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 468-бабы 2-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес аукцион өткізушілердің аукциондар бойынша салық органдарына аукциондардан алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
(Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасына (Ә.С. Жұмаділдаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігінің төрағасы
________________Ә.А. Смайылов
2013 жылы 08 шілде
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 313 бұйрығымен
бекітілген
нысан
20__ жылғы ___________________________ үшін
аукциондардан алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы
ақпарат
№ |
Мүлікті (мүліктік құқықтарды) аукциондарда сату үшін шығарған заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты* |
ЖСН/БСН |
Аукцион өткізілген күні |
Аукцион өткізілген орыны |
Аукцион өткізу әдісі |
Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың) құны, мың теңге |
Орындау санкциясының сомасы, мың теңге |
Мемлекеттік бюджетке төлеуге жататын аукциондардан алым сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Жиыны: |
___________________________________ |
________ |
Мәліметтерді қабылдаған адам |
____________________________________ |
________ |
|
Мәліметтерді жасау күні 20__ жылғы |
________ |
|
Мәліметтерді қабылдау күні |
* Сату фактісіне қарамастан, аукционда сату үшін мүлікті (мүліктік құқықты) шығарған барлық заңды және жеке тұлғалар көрсетіледі