"Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 05 тамыздағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8590 тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 5463 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарлама;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы хабарлама;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы хабарлама;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама;
      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарландыру;
      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру жүргізу туралы хабарландыру;
      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру актісіне қорытынды;
      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес камералды бақылау нәтижелері бойынша қорытынды;
      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім;
      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешім;
      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешім;
      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бақылауды белгілеу туралы шешімге қосымша шешім;
      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтары және өсімпұлдары бойынша берешегінің есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім;
      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кеден төлемдерi, салықтары және өсімпұлдары бойынша берешегінің есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі;
      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі;
      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы;
      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім;
      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес тауар чегі;
      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес тауар чегінің кітабы;
      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы;
      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес фискалдық есепті алу актісі;
      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес салықтық талап;
      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес салық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы талап;
      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алудан бас тарту туралы шешім;
      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес, дебиторлардың банкноттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама;
      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі;
      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы;
      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімінің және мүлік тізімдемесінің актісінің күшін жою туралы шешім;
      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама;
      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерлерге арналған арнаулы салық режимін қолдануға патенті;
      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен салық төлеушіні алып тастағанын растайтын құжат нысандары бекітілсін.»;
      14 және 37-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің
      міндетін атқарушы                                    Р. Дәленов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
міндетін атқарушының
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 380 бұйрығына 
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына  
14-қосымша    

Нысан

Камералды бақылау нәтижелері бойынша қорытынды

________________                                           № ________      (күні)

Мен (біз), __________________________________________________________
                (салық органы қызметкер(лер)інің аты-жөні, лауазымы)
_____________________________________________________________________
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес және 20___ жылғы «___»
_________ № ___ (20___ жылғы «___» _________ № ___ кіріс) қызметті
тоқтату туралы салықтық өтініш негізінде
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (Жеке кәсіпкердің аты-жөні, резидент-заңды тұлғаның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСН/БСН ________________________________
20___ жылғы «___» _________ бастап 20___ жылғы «___» _________
дейінгі кезеңге камералды бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жаса(дық)дым.

I. Салық төлеуші туралы мәлімет

      1. Жеке кәсіпкер ретінде (ДК) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік:
сериясы ________; нөмірі ________ берілген күні 20___ жылдың «___» _________
      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік:
      сериясы ________; нөмірі ________ берілген күні 20___ жылдың «___» _________
      3. Салық салу режимі __________________________________________
      4. Қызмет түрлері және оларды жүргізу орны:


т/б

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші
(ЭҚТЖЖ)

Атауы

Мекенжай

1

2

3

4









      5. Банктік деректемелер:
Банктің атауы: ______________________________________________________
БСК _________________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
Облыс (қала, аудан)__________________________________________________
Банктік шоттардың деректемелері:
шот атауы ___________________________; нөмірі ______________________;
ашылған күні __________________________; жабылған күні _____________;
шоттағы ақша қаражаттарының қалдығы _________________________________
                                 (сомасын және валюта кодын көрсету)

      6. Бақылау-кассалық машинасын тіркеу туралы мәлімет:
_____________________________________________________________________
      (тіркеу карточкасының нөмірі, маркасы, зауыттық нөмірі)
_____________________________________________________________________
      7. Қызметті тоқтата тұру туралы мәлімет:

№ т/б

Тоқтата тұрудың басталған күні

Тоқтата тұрудың аяқталған күні

Салықтық өтініш берген күні

1

2

3

4









      8. Камералды бақылау нәтижесі бойынша салық органдары
қызметімен анықталған бұзушылықтарды жою туралы бұрын жіберілген
хабарлама бойынша және оларды орындау туралы мәліметтер:

№ т/б

Хабарламаның №

Хабарламаның күні

Жіберілген хабарлама бойынша алшақтықты жазу

Орындау нәтижесі (орындалды/орындалмады)

1

2

3

4

5






II. Камералды бақылау нәтижесі

      9. Камералды бақылау барысында келесі уәкілетті мемлекеттік
органдардан, кедендік органдардан, банктерден және (немесе) банктік
операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдардан мәліметтер алынды:

№ т\б

Уәкілетті мемлекеттік органның, кеден органының, банктің және (немесе) банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымның, атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Жауап алынған күн

Сұрау салуға жауаптың сипаты

1

2

3

4

5






      10. Салық есептілігі нысандарының деректерін салық органы
ақпараттық жүйелерінің, бақылау-кассалық машинасының (БКМ) қолма-қол
ақшаларды есепке алу кітабының, БКМ бойынша фискалды есебінің, банк шоттарының деректерімен салыстыру:

№ т/б

Салық кезеңі

Салық төлеушінің деректері бойынша кіріс

Салық органының (камералдық бақылау) деректері бойынша кіріс

Алшақтық

Алшақтық себебі

1

2

3

4

5

6







      Ескерту: Салық органының ақпараттық жүйелеріндегі кірістер
туралы деректер, БКМ деректер, сондай-ақ банк шоттары болмаған кезде
3-бағандағы мәліметтер 4-бағанға көшіріледі.

№ т/б

Салықтық кезең

Салық төлеушінің деректері бойынша шығындар (шегерімдер)

Салық органының (камералдық бақылау) деректері бойынша шығындар

Алшақтық

Алшақтық себебі

1

2

3

4

5

6







      Ескерту: Қызметін жалпыға бірдей тәртіпте жүргізетін салық
төлеушілер бойынша толтырылады. Салық органында шегерімдер туралы
деректер, БКМ деректер болмаған кезде, сондай-ақ банк шоттары
болмаған кезде 3-бағандағы деректер 4-бағанға көшіріледі.

№ т/б

Салықтық кезең

Салық төлеушінің деректері бойынша салық салынатын кіріс

Салық органының (камералдық бақылау) деректері бойынша салық салынатын кіріс

Алшақтық

Алшақтық себебі

1

2

3

4

5

6







      Ескерту: Қызметін жалпыға бірдей тәртіпте жүргізетін салық
төлеушілер бойынша толтырылады. Салық органында деректер, БКМ
деректер болмаған кезде, сондай-ақ банк шоттары болмаған кезде
3-бағандағы деректер 4-бағанға көшіріледі.

№ т/б

Салықтық кезең

Салық төлеушінің деректері бойынша залал

Салық органының (камералдық бақылау) деректері бойынша залал

Алшақтық

Алшақтық себебі

1

2

3

4

5

6

      Ескерту: Қызметін жалпыға бірдей тәртіпте жүргізетін салық
төлеушілер бойынша толтырылады. Салық органында деректер, БКМ
деректер болмаған кезде, сондай-ақ банк шоттары болмаған кезде
3-бағандағы деректер 4-бағанға көшіріледі.
      11. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 37-1 және  
43-баптарымен белгіленген салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін
сақтау:
_____________________________________________________________________
(қолдану шартын сақтамау бұзушылықтарының сипатын егжей-тегжейлі
_____________________________________________________________________
Салық кодексінің 37-1 бабының 1-тармағының 1)-4) тармақшаларын, Салық
кодексінің 43-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларын көрсетіп жазу керек
_____________________________________________________________________
      Ескерту: Салық кодексінің 37-1 және 43-баптарымен айқындалған
салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін қолдану жағдайын
сақтамау бойынша бұзушылықты камералды бақылау жүргізу барысында
анықтаған жағдайда толтырылады, бұзушылық түрі егжей–текжейлі
жазылады және таратылатын салық төлеушіге Қазақстан Республикасы
салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберіледі.
      12. Арнайы салық режимдерін қолдану шарттарын сақтау (АСР):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Ескерту: АСР қолдану шартын бұзушылық анықталған жағдайда
бұзушылық түрі егжей-тегжейлі жазылады.
      13. Басқа салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша салықтық есептілік нысандары деректерін
уәкілетті мемлекеттік органдар, кеден органдары, банктер және
(немесе) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың деректерімен салыстыру

№ т/б

Салық немесе басқа да міндетті төлем түрі

Салық кезеңі

Салық төлеушінің мәліметі бойынша

Салық органының (камералдық бақылау) мәліметі бойынша

Алшақтық

Алшақтық себебі

1

2

3

4

5

6

7








      Ескерту: Уәкілетті мемлекеттік органдарда, кеден органдарында
салық салу объектісі туралы деректер болмаған кезде 3-бағандағы
деректер 4-бағанға көшіріледі. Әр салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлем түрлері бойынша бөлек толтырылады.
      14. салық есептілігі нысандарының мәліметтерін міндетті
зейнетақы төлемдері (МЗТ) бойынша салыстыру:

№ т/б

Салық кезеңі

МЗТ есептеу үшін салық төлеушінің мәліметі бойынша кіріс

МЗТ есептеу үшін салық органының (камералдық бақылау) мәліметі бойынша кіріс

Алшақтық

Алшақтық себебі

1

2

3

4

5

6







      Ескерту: Уәкілетті мемлекеттік органдарда мәліметтер жоқ
болғанда 3 бағандағы мәліметтер 4 бағанға көшіріледі.
      15. Салық есептілігі нысандарының мәліметтерін әлеуметтік
аударымдар бойынша салыстыру:

№ т/б

Салық кезеңі

Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін салық төлеушінің мәліметі бойынша кіріс

Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін салық органының (камералдық бақылау) мәліметі бойынша кіріс

Алшақтық

Алшақтық себебі

1

2

3

4

5

6







      Ескерту: Уәкілетті мемлекеттік органдарда мәліметтер жоқ
болғанда 3 бағандағы мәліметтер 4 бағанға көшіріледі.

III. Қорытынды

      16. Камералды бақылау нәтижесі бойынша қорытындыны жасау
кезінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер,
міндетті зейнетақы төлемдері және әлеуметтік аударымдар бойынша
есептеулер жағдайы:

Салық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, МЗТ және әлеуметтік аударымдар түрі

Есеп қалдығы (+, -)

Салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, МЗТ, әлеуметтік төлемдер қалдығы
(+, -)

Өсімпұл қалдығы
(+, -)

Айыппұл қалдығы
(+, -)

1

2

3

4

5






      Ескерту: Есептеу қалдығында шағымдалу кезеңіндегі және
шағымдалып алынған салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген,
сондай-ақ төлеу мерзімі өзгертілген (мерзімін ұзарту) бойынша сомалар көрсетілмейді.
      17. Камералды бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар болмаған
кезде камералды бақылау бұзушылықсыз аяқталды деп саналады.
      18. Камералды бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған
жағдайда камералды бақылау нәтижесі бойынша салық органдары
қызметімен анықталған бұзушылықты жою туралы хабарлама мынадай салық
есептілігінің түрлері бойынша толтырылады.

№ т/б

Салықтың, басқа міндетті төлемнің түрі

Бюджет жүктемесінің коды (БЖК)

Салық есептілігі нысанының коды

1

2

3

4

















Камералды бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар туралы
ақпараттар __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Салық органы лауазымды тұлғасы ______________________________________
                                       (Аты-жөні, лауазымы, қолы)
Қорытындыны алды ____________________________________________________
                    (Салық төлеушінің аты-жөні, қолы, күні)
Қорытынды салық төлеушіге тапсырылды ________________________________
             (Салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)
_____________________________________________________________________
Қорытынды салық төлеушіге жіберілді _________________________________
                 (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің   
міндетін атқарушының 
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 380 бұйрығына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына    
37-қосымша      

Нысан

Тіркеу есебінен салық төлеушіні алып тастағанын растайтын құжат

_______________                                            № ________
(күні)

_____________________________________________________________________
                      (салық органының атауы)
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 43-бабы
15-тармағына сәйкес 20___ жылдың «___» ________ бастап дара кәсіпкер
ретінде тіркелу есебінен шығарылғаны туралы растайды.
____________________________________________________________________,
              (Жеке кәсіпкердің аты-жөні немесе атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________.

Салық органының басшысы
(Басшы орынбасары) __________________________________________________
                             (Аты-жөні, қолы, мөрі)
Анықтаманы алды _____________________________________________________
                   (жеке кәсіпкердің аты-жөні, қолы, күні)
Анықтама салық төлеушіге тапсырылды _________________________________
             (салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)
Анықтама салық төлеушіге жіберілді __________________________________
                  (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)