"Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2013 жылғы 03 шілдедегі № 4-НП нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 22 шілдеде 8574 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ нормативтік қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 28.11.2015 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 141-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 24 қыркүйектегі № 453-456 (26849), 2012 жылғы 9 тамыздағы № 483-488 (27561)), 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережеде:
      21-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Тексеру комиссиясының отырыстарында қабылданған қаулыларға және өзге де актiлерге, сондай-ақ Тексеру комиссиясы мүшелерiнің бақылау жүргiзуге арналған тапсырмаларына қол қояды;»;
      23-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін қажетті ресурстардың көлемін айқындай отырып, өз құзыреті шегінде бақылау бағдарламаларын бекітеді, бақылау қызметін ұйымдастыру бойынша міндеттердің бөлінуіне сәйкес ұсынымдарға қол қояды;»;
      272829-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің жұмыстан босату туралы өтініші оның себебі көрсетіле отырып, облыстың (қаланың) мәслихатына беріледі.
      28. Тексеру комиссиясы мүшесінің жұмыстан босату туралы өтініші Тексеру комиссиясының төрағасын алдын ала хабардар ете отырып беріледі.
      29. Облыстың (қаланың) мәслихаты Тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтатады.»;
      32-тармақ алып тасталсын;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Тексеру комиссиясының бақылау iс-шараларын, сапаны бақылауды, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық, құқықтық, консультативтiк, ұйымдастырушылық және өзге де қызметтi жүргiзуiн қамтамасыз етудi Тексеру комиссиясының аппараты жүзеге асырады, ол «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінен (бұдан әрi - аппарат қызметкерлерi) тұрады.»;
      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген «Тексеру комиссиясы аппаратының ұсынылатын құрылымы (аппарат басшысының және аппарат басшысы орынбасарының, сондай-ақ аудандардағы өкілдің лауазымдары көзделмеген)» атты Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережеге қосымша алып тасталсын.
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы (В.В. Супрун) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А. Мусин