БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.»;
11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан;
2) 11 (12)-сыныптардың білім алушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары.
12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
Тізбесін білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің бітірушілері осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер қорытынды аттестаттауды білім беру ұйымында мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында өтеді.
13. Халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылар, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 қаулысымен белгіленген жағдайларда ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өтеді.
14. Білім алушыларды қорытынды атестаттауды қорытынды емтихан және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - емтихан комиссиясы) жалпы білім беру ұйымдарында өткізеді.
Білім беру ұйымдарының басшылары басқаратын емтихан комиссияларының құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері кіреді.
Емтихан комиссияларының саны мен жеке құрамы (кемінде 5 адам) жыл сайын 20 сәуірден кешіктірілмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы күшінде болады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қорытынды аттестаттау өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан, 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін ҰБТ және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;
Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта қорытынды емтихандарды және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары, сондай-ақ облыстық білім басқармаларының келісімімен аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы жылдың 25 маусымынан кешіктірмей белгілейді.
2) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
3) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі туралы анықтама алған білім алушыларды білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі.»;
22-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы.
2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;
3) үлгерім табельдері және білім алушының тәртібі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.»;
28-тармақ алынып тасталсын;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.»;
5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу тәртібі»;
79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Кезекті емтиханнан «2» алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
80. Негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және өкілі басқаратын комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың өкілдері қосылады. Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.»;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Аттестаттаудан өту үшін өтінішті, ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей беруге болады.
Тұлғаны экстернат нысанында аттестаттауға жіберу туралы білім беру ұйымының бұйрығы оқу жылының аяғында қабылданады.».
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов