"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 шілдеде № 8570 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 360-367 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Егер субъектінің қызмет кезеңі 5 жылдан аспайтын болса, онда бағалау рейтингі барлық кезең бойынша айқындалады.».
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.А. Ырсалиев):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов