«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2013/2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова):
1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 352 бұйрығына
қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров
атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында,
«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары
медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды
даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
р/с |
Денсаулық сақтау |
Бөлінген |
Мамандықтың атауы |
Мамандық бойынша |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
900 оның ішінде 635 қазақ тілінде білім алушылар |
Жалпы медицина |
700, оның ішінде 500 қазақ тілінде білім алушылар |
Стоматология |
35, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Мейіргер ісі |
25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Қоғамдық денсаулық сақтау |
35, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Фармация |
65, оның ішінде 45 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Медициналық-профилактикалық іс |
40, оның ішінде 30 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
2. |
«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы |
720, оның ішінде 432 қазақ тілінде оқитындар |
Жалпы медицина |
630, оның ішінде 372 қазақ тілінде білім алушылар |
Стоматология |
25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Мейіргер ісі |
15, оның ішінде 9 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Қоғамдық денсаулық сақтау |
20, оның ішінде, 12 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Медициналық-профилактикалық іс |
15, оның ішінде 9 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Фармация |
15, оның ішінде 9 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
3. |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы |
400, оның ішінде 315 қазақ тілінде білім алушылар |
Фармация |
100, оның ішінде 90 қазақ тілінде білім алушылар |
Мейіргер ісі |
85, оның ішінде 55 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Қоғамдық денсаулық сақтау |
115, оның ішінде, 90 қазақ тілінде білім алушылар |
|||
Медициналық-профилактикалық іс |
100, оның ішінде 80 қазақ тілінде білім алушылар |