Төтенше жағдайлар саласындағы Басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 02 мамырдағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 маусымда № 8490 тіркелді

Жаңартылған

      «Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрамды даярлаудың;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында төтенше жағдайлар саласындағы мамандарды даярлаудың;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрамды даярлаудың;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында төтенше жағдайлар саласындағы мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламалары бекітілсін.
      2. «Республикалық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс басшылық құрамның бiлiктiлiгiн арттыру курстары» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнында және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында тыңдаушыларды төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 301 бұйрықтың күші жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар
      министрі                                               В. Божко

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы   
№ 181 бұйрығына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
оқу-әдістемелік орталықтарында басшы құрамды төтенше жағдайлар
саласында даярлаудың үлгі бағдарламасы

1. Оқыту тақырыптарының тізбесі

№ тақырыптар

Тақырыптар атауы

Сабақтар түрі

Өткізу уақыттары, сағатпен

1

2

3

4

Жалпы тақырыптар тізбесі

1.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi

дәріс

2

2.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері

дәріс

2

3.

Басшы құрамды, азаматтық қорғаныс құралымдарын даярлау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықты оқыту жүйесі

дәріс

1

4.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері, қағидаттары ұйымдастыру тәртібі. Халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

дәріс

1

5.

Азаматтық қорғаныс күштері

дәріс

2

6.

Халықты радиациядан қорғау

сыныптық-топтық сабақ

1

7.

Халықты күшті әсер ететін улы заттардан қорғау

сыныптық-топтық сабақ

1

8.

Халықты және ауыл шаруашылық малдарын биологиялық қарудан қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешені

сыныптық-топтық сабақ

1

9.

Қазақстан Республикасының әскери доктринасы. Азаматтық қорғаныс жүйелерін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру. Заманауи зақымдау құралдарынан қорғау.

дәріс

1

10.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. Инженерлік қорғау

дәріс

1

11.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

2

12.

Төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайлардың қатері, туындауы немесе жою кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқаулық

дәріс

1

13.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда салалар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеуін арттыру жолдары мен тәсілдері

сыныптық-топтық сабақ

2

14.

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету

сыныптық-топтық сабақ

3

15.

Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері

сыныптық-топтық сабақ

2

16.

Көлікте және химиялық қауіпті объектілерде авария болған кездегі химиялық жағдайды болжау және бағалау әдісі

сыныптық-топтық сабақ

1

17.

Мемлекеттік және жұмылдыру резерві, азаматтық қорғаныстың арнайы мүліктері

дәріс

1

18.

Радиациялық-химиялық барлау аспаптары

сыныптық-топтық сабақ

1

19.

Жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде халықты қорғау

сыныптық-топтық сабақ

2

20.

Өрт туындаған кездегі халықтың іс-қимылы

сыныптық-топтық сабақ

1

21.

Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу

сыныптық-топтық сабақ

1

22.

Төтенше жағдайлар аймақтарында байланыс пен хабарлауды ұйымдастыру

дәріс

1

23.

Төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

4

24.

Командалық-штабтық оқу-жаттығулары: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеттері.

сыныптық-топтық сабақ

4

Тыңдаушылардың жеке санаттары үшін арнайы тақырыптар тізбесі

25.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері

дәріс

2

26.

Бейбіт және соғыс уақытындағы іс-шараларды азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің жоспарлауы

сыныптық-топтық сабақ

2

27.

Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарды, құтқарушыларды есепке алу және аттестаттау

сыныптық-топтық сабақ

2

28.

Төтенше жағдайлар салдарын жою іс-шараларын ұйымдастыру және құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс- әрекеті

сыныптық-топтық сабақ

2

29.

Республикалық дағдарыс орталығы

дәріс

1

30.

Жер сілкінісі, күшті әсер ететін улы заттармен қатты зақымдану, өрт және түтіндеу аймағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері

сыныптық-топтық сабақ

2

31.

Төтенше жағдайлардың қатері және туындауы кезінде байланысты, халықты хабардар етуді және ақпараттандыруды ұйымдастыру

дәріс

2

32.

Төтенше жағдайларды жою кезіндегі іздестіру-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

сыныптық-топтық сабақ

2

33.

Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

2

34.

Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу

дәріс

2

35.

Террорлық акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-қимылы

сыныптық-топтық сабақ

1

36.

Оқу-жаттығулар және машықтанулар оларды өткізуді ұйымдастыру

дәріс

1

37.

Төтенше жағдайларда іс-әрекет етуге ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін дайындау

сыныптық-топтық сабақ

1

38.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласында білімді насихаттауды ұйымдастыру

дәріс

2

39.

Мұнай (газ) өндіру орындардағы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық негіздер

сыныптық-топтық сабақ

2

40.

Оқу үрдісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік әдебиеттерді және техникалық құралдарды қолданудың әдістері

сыныптық-топтық сабақ

1

2. Тақырыптардың мазмұны

      1-тақырып. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi.
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесінің мақсаты, құрамы және негізгі функциялары. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің рөлі, міндеттері мен ұйымдық құрылымы. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаудың мазмұны.
      2-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері.
      «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.
      3-тақырып. Азаматтық қорғаныстың басшы құрамын, құралымдарын даярлау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге халықты оқыту жүйесі.
      «Азаматтық қорғаныс құрылымдарының басшы құрамын даярлау және халықты оқыту жүйесін» құрудың себебі болып табылатын оқиғалар. Даму қадамдары, негізгі құрамдас бөліктер және олардың тыныс-тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі. Ұйымдарда сабақтар мен машықтануларды өткізу кезеңділігі. Халықты оқыту мәселелеріндегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық рөлі.
      4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері, қағидаттары және тәртібі. Халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары.
      Заманауи зақымдау құралдарын қолданудан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, аумақты, объектілерді қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныстың рөлі және негізгі міндеттері, Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы қағидаттары, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғанысқа басшылық ету, азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету.
      5-тақырып. Азаматтық қорғаныс күштері.
      Азаматтық қорғаныс күштерінің жалпы мақсаты. Азаматтық қорғаныс күштерінің құрамы. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері; оларды құру тәртібі, бейбіт уақытқа және қолданудың ерекше тәртібінің міндеттері, Өрт сөндіру бөлімдері, жедел-құтқару жасақтары; міндеттері мен орналасқан орны, қолдану тәртібі. Азаматтық қорғаныс құралымдарын құру қағидаттары, оларды жіктеу, қолдану тәртіптерінің міндеттері. Азаматтық қорғаныс құралымдарының әзірлігін бағалау.
      6-тақырып. Халықты радиациядан қорғау.
      Радиоактивті заттардың және иондаушы сәулелердің негізгі сипаттамасы. Тірі ағзаға радиацияның әсері. Радиоактивтіліктің табиғи және техногендік көздері. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Қазақстан Республикасы халқының радиациялық қауіпсіздік проблемаларын шешу. Радиациялық-қауіпті объектілерде қатер немесе авария болған жағдайда халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар.
      7-тақырып. Халықты күшті әсер ететін улы заттардан қорғау.
      Адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша және химиялық қауіпсіздік дәрежесі бойынша күшті әсер ететін улы заттарды жіктеу. Күшті әсер ететін улы заттардың негізгі сипаттамалары. Кең тараған күшті әсер ететін улы заттардың физикалық және химиялық қасиеті. Зақымдау концентрациялары. Тыныс алу органдары мен теріні қорғаудың арнайы және қолда бар құралдары. Күшті әсер ететін улы заттарды бейтараптандыру.
      8-тақырып. Биологиялық қарудан халықты және ауыл шаруашылық малдарын қорғауды күшейтудің кешенді шаралары.
      «Биологиялық қарудан халықты және ауыл шаруашылық малдарын қорғауды күшейту жөніндегі кешенді іс-шаралар». Биологиялық қарулар мен биологиялық құралдар. Тыныс алу органдарын қорғаудың қарапайым құралдары. Биологиялық құралдарды қолдану тәсілі. Биологиялық зақымдау ошағы. Карантиндік іс-шаралар. Санитариялық жасақтар. Залалсыздандыру іс-шаралары – залалсыздандыру, дератизациялау, обсервациялау, зертханалық бақылаудың қадағалау қызметі.
      9-тақырып. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы. Азаматтық қорғаныс жүйелерін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру. Заманауи зақымдау құралдарынан қорғау.
      Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру тәртібі және дәйектілігі. Дайындық іс-шараларын қамту және өткізу тәртібі. Соғыс уақытындағы азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізу тәртібі. Радиациялық, химиялық, ветеринариялық және фитопатологиялық барлауды ұйымдастыру және жүргізу. Жағдайды бағалау. Халықты радиациялық қорғау режімдерін таңдау және жануарларды ұстау.
      10-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. Инженерлік қорғау.
      Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар салдарынан халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғаудың негізгі қағидаттарына сипаттама. Халықты қорғаудың негізгі тәсілдері; қорғанудың ұжымдық құралдары; жұмысшылар мен қызметшілерді орналастыру және халықты эвакуациялау; жеке қорғану құралдары. Қорғану құрылыстарын паналау – соғыс уақытында халықты қорғаудың негізгі тәсілі. Жұмыс істейтін қызметкерлер мен халықты қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары нормаларының талаптары. Қорғану құрылыстарының түрлері: панаханалар, радиациядан қорғану баспаналары, қарапайым баспаналар. Бейбіт уақытта қорғану құрылыстарының қорын жинақтау жолдары. Қорғану құрылыстарын жасырынатындарды қабылдауға әзірлікке келтіру тәртібі. Бейбіт уақытта қорғану құрылыстарын ұстау және пайдалану.
      11-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру.
      Эвакуациялау іс-шараларының мәні және тәсілдері. Эвакуациялау органдарының құрылымы мен міндеттері. Бейбіт уақыттағы эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау. Химиялық және радиациялық-қауіпті объектілерде, газ шаруашылығы объектілерінде жер сілкінген, су тасқыны, сел ағыны, авариялар кезінде халықты эвакуациялаудың ерекшеліктері. Соғыс уақытында эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру. Эвакуациялау іс-шараларын өткізудің тәсілдері мен мерзімдері. Эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қауіпсіздік аймағын алдын ала дайындау. Эвакуациялау іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
      12-тақырып. Төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайлардың қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқаулық.
      Төтенше жағдайлар, төтенше жағдайлар аймағы, дүлей зілзалалар және басқа кейбір ұғымдарға негізгі түсініктер. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1310 қаулысы. «Төтенше жағдайлардың қатері, туындауы немесе оны жою кезінде ақпарат беру жөніндегі нұсқаулық» туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 137 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5728 болып тіркелген).
      13-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда салалар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыру жолдары мен тәсілдері.
      Төтенше жағдайлардағы жұмыс тұрақтылығы туралы түсінік, тұрақтылық мәселелерін регламенттейтін әдебиет, төтенше жағдайларда тұрақты жұмыс істеуге әсер ететін негізгі факторлар; тұрақтылықты арттыру, азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, объектілер мен санаттарға жатқызу; ықтимал төтенше жағдайларға аумақтарды аймаққа бөлу.
      14-тақырып. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
      Өкпені жасанды дем алдыру («ауыздан» «ауызға» дем беру), жүрекке жанама уқалау жасау, клиникалық өлім белгілері. Найзағай түскен, жарақат алған кездегі алғашқы медициналық көмек (артериялдық, кенеттен қан кету белгілері, жгут салу (бұрау), залалсыздандырылған таңғышты салу, шендеуіш салу, науқасты тасымалдау әдістері, зембілдер), ұзақ басу белгілері кезінде, суға батқан кезде («көк», «солғын») алғашқы медициналық көмек көрсету.
      Күйіктерді жіктеу, медициналық көмек көрсету, хлормен, аммиакпен, сынаппен улану кезіндегі дәрігерлік көмек; радиация кезіндегі медициналық көмек (сәулелену ауруымен улану және оның дәрежесі, медициналық көмек, йод профилактикасы).
      15-тақырып. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.
      Адам психикасына төтенше жағдайлардың әсер етуі, психологиялық жарақат салдары, төтенше жағдайлар кезінде адамның мінез-құлқын айқындауға арналған тест, төтенше жағдайлар кезінде адамның мінез-құлқын жіктеу, төтенше жағдайлар кезінде адамның мінез-құлқына әсер ететін факторлар. Ақпараттық емдеу. Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек, үрейдің орын алуын айқындау, үреймен күрес құралдары, төтенше жағдайларға жеке тұлғаларды психологиялық дайындау деңгейлері, шаршағанды басуға арналған жаттығу, мысалдар, үлгілер көмегімен материалдарды бекіту.
      16-тақырып. Химиялық қауіпті объектілерде және көлікте авария болған кездегі химиялық жағдайды болжау және бағалау әдістері.
      Жиналу тәртібі, жағдай туралы мәліметтерді қорытындылау. Дүлей зілзалалардың, авариялардың, апаттар, зақымдаудың заманауи құралдарының зақымдаушы факторлары туралы негізгі анықтамалық мәліметтер және есептемелерде оларды қолдану тәртіптері. Барлау мәліметтері мен болжамдар деректері бойынша зақымдау ошақтарында, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар аудандарында инженерлік, радиациялық, химиялық, өрт және медициналық жағдайларды бағалау әдістері.
      17-тақырып. Мемлекеттік және жұмылдыру резервтің, Азаматтық қорғаныс арнайы мүліктерінің қолданылуы.
      Мемлекеттік және жұмылдыру резерві, құрылымы мен негізгі түсініктер.
      18-тақырып. Радиациялық-химиялық барлау аспаптарының қолданылуы және оларды қолдану тәртібі.
      Азаматтық қорғаныс құралымының жарағындағы радиациялық, химиялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптары, оларды жұмысқа дайындау және олардың жұмыс қабілетін тексеру. Уландыратын, күшті әсер ететін улы заттардың ауада, жергілікті жерлерде, түтінде және сусымалы материалдардағы мөлшерін анықтау. Жергілікті жерлердегі дозаның қуатын және альфа–, бета–, дәрежелерін, әртүрлі объектілердің радиоактивті ластануын өлшеу. Жеке дозиметрлер көрсеткішін алу тәртібі, дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру. Тұрмыстық аспаптар.
      19-тақырып. Жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде халықты қорғау.
      Жер сілкіністерін тудыратын себептер. Жер сілкіністерін жіктеу және негізгі сипаттамалары. Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аудандарына қысқаша сипаттама, сейсмикалық қауіпті аудандарында ғимараттарды және құрылыстарды сейсмикалық күшейту бойынша шаралар, Сейсмикалық төзімді құрылыс салу және. Жер сілкінісін болжау және алдын ала білу.
      20-тақырып. Өрт туындаған кездегі халықтың іс-әрекеті.
      Техногендік, тұрмыстық және табиғи өрттердің пайда болу себептері. Өрттерді оқшаулау және жою тәсілдері. Өрт сөндіру құралдары мен оларды қолдану ережелері. Өрт кезінде қауіпсіз мінез-құлық және олардан қорғану қағидасы. Адамдар көп жиналатын орындардағы өрттер.
      21-тақырып. Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу.
      Су тасқынының туындау себептері. Каспийдегі судың жайылуы, су тасқыны, қатты жел, сең кептетілісі, сеңнің тоқтауы. Апаттық су басудан ықтимал залалдарды азайту жөніндегі іс-шаралар. Су тасу қатері туындағанда өткізілетін іс-шаралар. Су тасыған кезде халықтың өзін ұстау қағидасы. Халықты хабардар ету, эвакуациялау. Су басқан аумақтарда адамдарды іздестіру, құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерге көмек көрсету. Гидроқұрылыстарда авария болған кезде халықтың іс-әрекеті. Суда құтқару қызметінің құрылымы. Сел ағындарының пайда болу себептері. Селдің пайда болу белгілері. Сел ағындары пайда болған кезде халықтың іс-әрекеті.
      22-тақырып. Төтенше жағдайлар аймақтарында байланысты және хабарлауды ұйымдастыру.
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар мүддесіндегі мемлекеттік және ведомстволық желілерді пайдалану, Азаматтық қорғанысты басқару. Орталықтандырылған хабарландырудың аумақтық жүйелерін құру және пайдалану қағидаттары, хабарландыру және байланыс құралдары, хабарландыру тәртібі. Меншік нысанына қарамастан мекемелердегі, ұйымдардағы, кәсіпорындардағы қызметтердің құрамы, мақсаты міндеттері мен күштері. Азаматтық қорғаныс күштерін жылжыту және құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде тұрақты орналасу орындарын, қауіпсіз аймақты байланыспен қамтамасыз ету. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар аудандарында, сондай-ақ зақымдау ошақтарында байланыс желілері мен сақталған құралдарды пайдалану ерекшеліктері.
      «Баршаңыздың назарыңызға!» хабарлау дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті.
      23-тақырып. Төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру.
      Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің мәні; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі.
      Төтенше жағдайларды жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.
      24-тақырып. Командалық-штабтық оқу-жаттығулары: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеттері.
      Командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-қимыл алгоритмін түсіндіру.
      25-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері.
      Күнделікті әзірлік кезінде, бейбіт уақытта төтенше жағдай қатері туындаған кезде, азаматтық қорғанысты соғыс жағдайына көшірген кездегі басшы құрамның функционалдық міндеттері. ТЖК төрағасының міндеттері. Қысылтаяң жағдайлар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар топтамаларының құрамын, санын айқындау. Зілзалалар, апаттар, авариялар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орынға алып шығу (әкету) және оны орналастыру. Негізгі басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттар.
      Ескерту. 25-тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 05.02.2014 № 39 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бейбіт және соғыс уақытындағы іс-шараларды жоспарлауы.
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің орындайтын іс-шаралары. Облыстық (қалалық, аудандық) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру және бекіту туралы облыс (қала, аудан) әкімнің шешімі. Облыстық (қалалық, аудандық) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ереже.
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мақсаты. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, объектілік) қызметтерін құру. Облыстық (қалалық, аудандық) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру және бекіту туралы облыс (қала, аудан) әкімнің шешімі. Облыстық (қалалық, аудандық) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ережелер. Міндеттерді бірлесіп орындаған кезде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың барлық қызметтерін басқаруды және өзара әрекетті ұйымдастыру.
      27-тақырып. Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарды, құтқарушыларды есепке алу және аттестаттау.
      Авариялық-құтқару қызметтерінің, құралымдардың, негізгі қағидаттары. Республиканың авариялық-құтқару қызметінің құрамы. Төтенше жағдайларды жоюға авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың қатысуы. Құтқарушылар және олардың мәртебесі.
      28-тақырып. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру.
      Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің мақсаты; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.
      Ескерту. 28-тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 05.02.2014 № 39 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29-тақырып. Республикалық дағдарыс орталығы.
      «ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі. Дағдарыс орталығы қызметінің негізгі мәні. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды қабылдау және өңдеу, тұрақты әзірліктегі күштерді және төтенше жағдайларды жою құралдарын басқаруды тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету. Жедел ахуал мониторингі. Төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдарын басқаруды қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларды алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің барлық звеноларының жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
      30-тақырып. Күшті әсер ететін улы заттармен, өртпен және түтінмен зақымдалуы ушыққан жер сілкінісі аймағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері.
      Күшті әсер ететін улы заттармен, өртпен және түтінмен зақымдалуы ушыққан жер сілкінісі аймағындағы бірінші кезекті іс-шаралардың мазмұны. Жағдайды болжау. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін залалды, объектілердің қирау дәрежесін, жалпы жұмыс көлемін және қажетті құралдар мен күштерді айқындау шығындарды анықтау. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге шешім қабылдау және міндеттерді қою.
      31-тақырып. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде байланысты, халықты ақпараттандыру мен хабарлауды және ұйымдастыру.
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар мүддесіндегі мемлекеттік және ведомстволық желілерді пайдалану, Азаматтық қорғанысты басқару. Орталықтандырылған хабарландырудың аумақтық жүйелерін, байланыс құралдарын, хабарландыру және хабарландыру тәртібін жасау және пайдалану қағидаттары. Меншік нысанына қарамастан мекемелердегі кәсіпорындардағы, ұйымдардағы хабарлау және байланыс қызметтерінің құрамы, мақсаты, міндеттері мен күштері. Тұрақты орналасқан орындарында, қауіпсіз аймақта, Азаматтық қорғаныс күштерін жылжыту және құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде байланыспен қамтамасыз ету. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар аудандарында, сондай-ақ зақымдау ошақтарында байланыс желілері мен сақталған құралдарды пайдалану ерекшеліктері.
      «Баршаңыздың назарыңызға!» хабарлау дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті.
      32-тақырып. Төтенше жағдайларды жою кезінде іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
      Төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; Төтенше жағдайларды жоюға шешім қабылдау кезіндегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі. Күштер мен құралдар топтамаларын құру. Төтенше жағдайлар салдарларын оқшаулау және жою. Құтқарушылардың негізгі міндеті. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар. Зардап шеккендерді іздеу. Зардап шеккендерді шығарып алу, зардап шеккендерді шығарып алу тәсіліне әсер ететін объективті жағдайлар.
      33-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілерде авария болған кезде халықты қорғауды ұйымдастыру «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
      Қауіпті өндірістік объектілерді жіктеу. Қауіп көздерінің сипаттамасы, қауіпті өндірістік объектілердегі аварияның туындау себептері. Қауіпті өндірістік объектілердегі салдардың сипаты мен ауқымы. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар кезінде құтқару жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңының мазмұны мен рөлі.
      34-тақырып. Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу.
      Су тасқынының туындау себептері. Каспийдегі судың тасуы, тасқын, судың желмен тасуы, сең кептетілісі, сеңнің тоқтауы. Апаттық су басудан ықтимал залалдарды азайту жөніндегі іс-шаралар. Су басу қатері туындағанда өткізілетін іс-шаралар. Су тасыған кезде халықтың өзін ұстау қағидасы. Халықты хабардар ету, эвакуациялау. Су басқан аумақтарда адамдарды іздестіру, құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерге көмек көрсету. Гидроқұрылыстардағы авария кезінде халықтың іс-әрекеті. Суда құтқару қызметінің құрылымы. Сел ағындары пайда болған кездегі халықтың іс-әрекеті.
      35-тақырып. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы.
      Терроризмді айқындау («Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан – Қазақстан Республикасындағы күрес мақсаттары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-бабынан үзінділер), жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі іс-қимыл, күдікті пошталық (аудару) жіберу алған кездегі іс-әрекет, телефон арқылы қатер төндіргендегі іс-қимыл, террорлық актілерді өткізу тәсілдері, террорлық актілерді жасау объектілері, террорлық актілер кезінде пайдаланатын құралдар, террористер басып алған кезде кепілдікке алған адамдардың іс-әрекеті.
      Халықтың:
      жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі;
      телефон арқылы қауіпті хабар алғанда;
      кепілдікке алғанда;
      ұшақты террористер басып алғанда;
      күдікті пошталық жіберу алған кездегі;
      жарылғыш құрылғы іске қосылған кездегі іс-әрекеті.
      Террорлық акті жасалу қаупін ескерту кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Әр түрлі террорлық актілердің салдарынан болған төтенше жағдайлар салдарларын жоюды ұйымдастыру.
      Ескерту. 35-тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 05.02.2014 № 39 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      36-тақырып. Оқу-жаттығу және машықтанулар, оларды өткізуді ұйымдастыру.
      Азаматтық қорғаныс оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу мен дайындалуға қойылатын негізгі талаптар. Объектілердегі азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығулардың (машықтанулардың) түрлері. Оларды өткізу тәртібі, мақсаты және мерзімі. Басшылар мен жұмысшыларды дайындау. Құжаттарды әзірлеу. Оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу аудандарын дайындау. Оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу әдістері. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Қауіпсіздік шаралары. Сейсмо-, селмашықтанулары мен жаттығулары және авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар өткізу ерекшеліктері. Есепке алу есептілік тәртібі.
      37-тақырып. Төтенше жағдайлар іс-әрекеттеріне ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшыларын дайындау.
      Бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау. Ағымдағы жылға ұйымдардың азаматтық қорғаныс жоспары және оған қойылатын талаптар. Оны әзірлеу тәртібі. Қолданысқа енгізу. Ықтимал қауіпті объектілер қызметкерлері мен жұмысшыларын қорғаудың кешенді жоспарының мазмұны.
      Жоспарды бекіту, оны сақтау, пайдалану және түзету тәртібі. Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарын (жоспардың бөлімін) іс жүзінде әзірлеу.
      38-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттауды ұйымдастыру.
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттаудың міндеттері мен мазмұны. Халық арасында білімді насихаттауды ұйымдастыру. Насихат түрлері (ауызша, баспа, көрнекі құралдар, радио құралдарымен, теледидар және кино арқылы насихаттау).
      Азаматтық қорғаныс күндері мен айлықтары, шаруашылық жүргізу объектілерінде, оқу орындарында Азаматтық қорғанысты үздік ұйымына байқау конкурстары. Азаматтық қорғанысты насихаттаудағы азаматтық қорғаныс штабтарының, мәдени-ағартушылық мекемелерінің, бұқаралық ақпарат органдарының рөлі. Азаматтық қорғанысты насихаттау нысандары, әдістері мен құралдары, олардың тиімділігін арттыру жолдары. Азаматтық қорғанысты насихаттауды ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің басшы құрамдарының рөлі.
      39-тақырып. Мұнай (газ) өндіру орындардағы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық негіздер.
      Мұнай төгілуі кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық негіздер. Мұнай төгілуі кезіндегі сан қырлы деңгейде әрекет ету. Ұлттық жоспардың тапсырмалары.
      40-тақырып. Оқу үрдісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік әдебиеттерді және техникалық құралдарды қолданудың әдістері.
      Оқу-әдістемелік құжаттамаларды және нормативтік, оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалану және қолдану. Оқу үрдісінің техникалық компьютерлік құралдарын пайдалану. Оларды қолданудың тиімділігін бақылау әдістері мен құралдары.

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы  
№ 181 бұйрығына     
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
оқу-әдістемелік орталықтарында мамандарды төтенше жағдайлар
саласында даярлаудың үлгі бағдарламасы

1. Оқыту тақырыптарының тізбесі

№ тақырыптар

Тақырыптар атауы

Сабақтар түрі

Өткізу уақыттары, сағатпен

1

2

3

4

Жалпы тақырыптар тізбесі

1.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi

дәріс

2

2.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері

дәріс

2

3.

Басшы құрамды, азаматтық қорғаныс құралымдарын даярлау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықты оқыту жүйесі

дәріс

1

4.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері, қағидаттары ұйымдастыру тәртібі. Халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

дәріс

1

5.

Азаматтық қорғаныс күштері

дәріс

2

6.

Халықты радиациядан қорғау

сыныптық-топтық сабақ

1

7.

Халықты күшті әсер ететін улы заттардан қорғау

сыныптық-топтық сабақ

1

8

Халықты және ауыл шаруашылық малдарын биологиялық қарудан қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешені

сыныптық-топтық сабақ

1

9.

Қазақстан Республикасының әскери доктринасы. Азаматтық қорғаныс жүйелерін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру. Заманауи зақымдау құралдарынан қорғау

дәріс

1

10.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. Инженерлік қорғау

дәріс

1

11.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

2

12.

Төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайлардың қатері, туындауы немесе жою кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқаулық

дәріс

1

13.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда салалар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеуін арттыру жолдары мен тәсілдері

сыныптық-топтық сабақ

2

14.

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету

сыныптық-топтық сабақ

3

15.

Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері

сыныптық-топтық сабақ

2

16.

Көлікте және химиялық қауіпті объектілерде авария болған кездегі химиялық жағдайды болжау және бағалау әдісі

сыныптық-топтық сабақ

1

17.

Мемлекеттік және жұмылдыру резерві, азаматтық қорғаныстың арнайы мүліктері

дәріс

1

18.

Радиациялық-химиялық барлау аспаптары

сыныптық-топтық сабақ

1

19.

Жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде халықты қорғау

сыныптық-топтық сабақ

2

20.

Өрт туындаған кездегі халықтың іс-қимылы

сыныптық-топтық сабақ

1

21.

Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу

сыныптық-топтық сабақ

1

22.

Төтенше жағдайлар аймақтарында байланыс пен хабарлауды ұйымдастыру

дәріс

1

23.

Төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

4

24.

Командалық-штабтық оқу-жаттығулары: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеттері

сыныптық-топтық сабақ

4

Тыңдаушылардың жеке санаттары үшін арнайы тақырыптар тізбесі

25.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері

дәріс

2

26.

Бейбіт және соғыс уақытындағы іс-шараларды азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің жоспарлауы

сыныптық-топтық сабақ

2

27.

Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарды, құтқарушыларды есепке алу және аттестаттау

сыныптық-топтық сабақ

2

28.

Төтенше жағдайлар салдарын жою іс-шараларын ұйымдастыру және құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеті

сыныптық-топтық сабақ

2

29.

Республикалық дағдарыс орталығы

дәріс

1

30.

Жер сілкінісі, күшті әсер ететін улы заттармен қатты зақымдану, өрт және түтіндеу аймағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері

сыныптық-топтық сабақ

2

31.

Төтенше жағдайлардың қатері және туындауы кезінде байланысты, халықты хабардар етуді және ақпараттандыруды ұйымдастыру

дәріс

2

32.

Төтенше жағдайларды жою кезіндегі іздестіру-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

сыныптық-топтық сабақ

2

33.

Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру

сыныптық-топтық сабақ

2

34.

Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу

дәріс

2

35.

Террорлық акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-қимылы

сыныптық-топтық сабақ

1

36.

Оқу-жаттығулар және машықтанулар оларды өткізуді ұйымдастыру

дәріс

1

37.

Төтенше жағдайларда іс-әрекет етуге ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін дайындау

сыныптық-топтық сабақ

1

38.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласында білімді насихаттауды ұйымдастыру

дәріс

2

39.

Мұнай (газ) өндіру орындардағы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық негіздер

сыныптық-топтық сабақ

2

40.

Оқу үрдісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік әдебиеттерді және техникалық құралдарды қолданудың әдістері

сыныптық-топтық сабақ

1

2. Тақырыптардың мазмұны

      1-тақырып. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi.
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесінің мақсаты, құрамы және негізгі функциялары. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің рөлі, міндеттері мен ұйымдық құрылымы. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаудың мазмұны.
      2-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері.
      «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»«Азаматтық қорғаныс туралы», «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.
      3-тақырып. Азаматтық қорғаныстың басшы құрамын, құралымдарын даярлау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге халықты оқыту жүйесі.
      «Азаматтық қорғаныс құрылымдарының басшы құрамын даярлау және халықты оқыту жүйесін» құрудың себебі болып табылатын оқиғалар. Даму қадамдары, негізгі құрамдас бөліктер және олардың тыныс-тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі. Ұйымдарда сабақтар мен машықтануларды өткізу кезеңділігі. Халықты оқыту мәселелеріндегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық рөлі.
      4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері, қағидаттары және тәртібі. Халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары.
      Заманауи зақымдау құралдарын қолданудан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, аумақты, объектілерді қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныстың рөлі және негізгі міндеттері, Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы қағидаттары, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғанысқа басшылық ету, азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету.
      5-тақырып. Азаматтық қорғаныс күштері.
      Азаматтық қорғаныс күштерінің жалпы мақсаты. Азаматтық қорғаныс күштерінің құрамы. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері; оларды құру тәртібі, бейбіт уақытқа және қолданудың ерекше тәртібінің міндеттері, Өрт сөндіру бөлімдері, жедел-құтқару жасақтары; міндеттері мен орналасқан орны, қолдану тәртібі. Азаматтық қорғаныс құралымдарын құру қағидаттары, оларды жіктеу, қолдану тәртіптерінің міндеттері. Азаматтық қорғаныс құралымдарының әзірлігін бағалау.
      6-тақырып. Халықты радиациядан қорғау.
      Радиоактивті заттардың және иондаушы сәулелердің негізгі сипаттамасы. Тірі ағзаға радиацияның әсері. Радиоактивтіліктің табиғи және техногендік көздері. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Қазақстан Республикасы халқының радиациялық қауіпсіздік проблемаларын шешу. Радиациялық-қауіпті объектілерде қатер немесе авария болған жағдайда халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар.
      7-тақырып. Халықты күшті әсер ететін улы заттардан қорғау.
      Адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша және химиялық қауіпсіздік дәрежесі бойынша күшті әсер ететін улы заттарды жіктеу. Күшті әсер ететін улы заттардың негізгі сипаттамалары. Кең тараған күшті әсер ететін улы заттардың физикалық және химиялық қасиеті. Зақымдау концентрациялары. Тыныс алу органдары мен теріні қорғаудың арнайы және қолда бар құралдары. Күшті әсер ететін улы заттарды бейтараптандыру.
      8-тақырып. Биологиялық қарудан халықты және ауыл шаруашылық малдарын қорғауды күшейтудің кешенді шаралары.
      «Биологиялық қарудан халықты және ауыл шаруашылық малдарын қорғауды күшейту жөніндегі кешенді іс-шаралар». Биологиялық қарулар мен биологиялық құралдар. Тыныс алу органдарын қорғаудың қарапайым құралдары. Биологиялық құралдарды қолдану тәсілі. Биологиялық зақымдау ошағы. Карантиндік іс-шаралар. Санитариялық жасақтар. Залалсыздандыру іс-шаралары – залалсыздандыру, дератизациялау, обсервациялау, зертханалық бақылаудың қадағалау қызметі.
      9-тақырып. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы. Азаматтық қорғаныс жүйелерін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру. Заманауи зақымдау құралдарынан қорғау.
      Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру тәртібі және дәйектілігі. Дайындық іс-шараларын қамту және өткізу тәртібі. Соғыс уақытындағы азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізу тәртібі. Радиациялық, химиялық, ветеринариялық және фитопатологиялық барлауды ұйымдастыру және жүргізу. Жағдайды бағалау. Халықты радиациялық қорғау режімдерін таңдау және жануарларды ұстау.
      10-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. Инженерлік қорғау.
      Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар салдарынан халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғаудың негізгі қағидаттарына сипаттама. Халықты қорғаудың негізгі тәсілдері; қорғанудың ұжымдық құралдары; жұмысшылар мен қызметшілерді орналастыру және халықты эвакуациялау; жеке қорғану құралдары. Қорғану құрылыстарын паналау – соғыс уақытында халықты қорғаудың негізгі тәсілі. Жұмыс істейтін қызметкерлер мен халықты қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары нормаларының талаптары. Қорғану құрылыстарының түрлері: панаханалар, радиациядан қорғану баспаналары, қарапайым баспаналар. Бейбіт уақытта қорғану құрылыстарының қорын жинақтау жолдары. Қорғану құрылыстарын жасырынатындарды қабылдауға әзірлікке келтіру тәртібі. Бейбіт уақытта қорғану құрылыстарын ұстау және пайдалану.
      11-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру.
      Эвакуациялау іс-шараларының мәні және тәсілдері. Эвакуациялау органдарының құрылымы мен міндеттері. Бейбіт уақыттағы эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау. Химиялық және радиациялық-қауіпті объектілерде, газ шаруашылығы объектілерінде жер сілкінген, су тасқыны, сел ағыны, авариялар кезінде халықты эвакуациялаудың ерекшеліктері. Соғыс уақытында эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру. Эвакуациялау іс-шараларын өткізудің тәсілдері мен мерзімдері. Эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қауіпсіздік аймағын алдын ала дайындау. Эвакуациялау іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
      12-тақырып. Төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайлардың қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқаулық.
      Төтенше жағдайлар, төтенше жағдайлар аймағы, дүлей зілзалалар және басқа кейбір ұғымдарға негізгі түсініктер. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1310 қаулысы. «Төтенше жағдайлардың қатері, туындауы немесе оны жою кезінде ақпарат беру жөніндегі нұсқаулық» туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 137 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5728 болып тіркелген).
      13-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда салалар мен шаруашылық жүргізу объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыру жолдары мен тәсілдері.
      Төтенше жағдайлардағы жұмыс тұрақтылығы туралы түсінік, тұрақтылық мәселелерін регламенттейтін әдебиет, төтенше жағдайларда тұрақты жұмыс істеуге әсер ететін негізгі факторлар; тұрақтылықты арттыру, азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, объектілер мен санаттарға жатқызу; ықтимал төтенше жағдайларға аумақтарды аймаққа бөлу.
      14-тақырып. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
      Өкпені жасанды дем алдыру («ауыздан» «ауызға» дем беру), жүрекке жанама уқалау жасау, клиникалық өлім белгілері. Найзағай түскен, жарақат алған кездегі алғашқы медициналық көмек (артериялдық, кенеттен қан кету белгілері, жгут салу (бұрау), залалсыздандырылған таңғышты салу, шендеуіш салу, науқасты тасымалдау әдістері, зембілдер), ұзақ басу белгілері кезінде, суға батқан кезде («көк», «солғын») алғашқы медициналық көмек көрсету.
      Күйіктерді жіктеу, медициналық көмек көрсету, хлормен, аммиакпен, сынаппен улану кезіндегі дәрігерлік көмек; радиация кезіндегі медициналық көмек (сәулелену ауруымен улану және оның дәрежесі, медициналық көмек, йод профилактикасы).
      15-тақырып. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.
      Адам психикасына төтенше жағдайлардың әсер етуі, психологиялық жарақат салдары, төтенше жағдайлар кезінде адамның мінез-құлқын айқындауға арналған тест, төтенше жағдайлар кезінде адамның мінез-құлқын жіктеу, төтенше жағдайлар кезінде адамның мінез-құлқына әсер ететін факторлар. Ақпараттық емдеу. Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек, үрейдің орын алуын айқындау, үреймен күрес құралдары, төтенше жағдайларға жеке тұлғаларды психологиялық дайындау деңгейлері, шаршағанды басуға арналған жаттығу, мысалдар, үлгілер көмегімен материалдарды бекіту.
      16-тақырып. Химиялық қауіпті объектілерде және көлікте авария болған кездегі химиялық жағдайды болжау және бағалау әдістері.
      Жиналу тәртібі, жағдай туралы мәліметтерді қорытындылау. Дүлей зілзалалардың, авариялардың, апаттар, зақымдаудың заманауи құралдарының зақымдаушы факторлары туралы негізгі анықтамалық мәліметтер және есептемелерде оларды қолдану тәртіптері. Барлау мәліметтері мен болжамдар деректері бойынша зақымдау ошақтарында, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар аудандарында инженерлік, радиациялық, химиялық, өрт және медициналық жағдайларды бағалау әдістері.
      17-тақырып. Мемлекеттік және жұмылдыру резервтің, Азаматтық қорғаныс арнайы мүліктерінің қолданылуы.
      Мемлекеттік және жұмылдыру резерві, құрылымы мен негізгі түсініктер.
      18-тақырып. Радиациялық-химиялық барлау аспаптарының қолданылуы және оларды қолдану тәртібі.
      Азаматтық қорғаныс құралымының жарағындағы радиациялық, химиялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптары, оларды жұмысқа дайындау және олардың жұмыс қабілетін тексеру. Уландыратын, күшті әсер ететін улы заттардың ауада, жергілікті жерлерде, түтінде және сусымалы материалдардағы мөлшерін анықтау. Жергілікті жерлердегі дозаның қуатын және альфа–, бета–, дәрежелерін, әртүрлі объектілердің радиоактивті ластануын өлшеу. Жеке дозиметрлер көрсеткішін алу тәртібі, дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру. Тұрмыстық аспаптар.
      19-тақырып. Жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде халықты қорғау.
      Жер сілкіністерін тудыратын себептер. Жер сілкіністерін жіктеу және негізгі сипаттамалары. Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аудандарына қысқаша сипаттама, сейсмикалық қауіпті аудандарында ғимараттарды және құрылыстарды сейсмикалық күшейту бойынша шаралар, Сейсмикалық төзімді құрылыс салу және. Жер сілкінісін болжау және алдын ала білу.
      20-тақырып. Өрт туындаған кездегі халықтың іс-әрекеті.
      Техногендік, тұрмыстық және табиғи өрттердің пайда болу себептері. Өрттерді оқшаулау және жою тәсілдері. Өрт сөндіру құралдары мен оларды қолдану ережелері. Өрт кезінде қауіпсіз мінез-құлық және олардан қорғану қағидасы. Адамдар көп жиналатын орындардағы өрттер.
      21-тақырып. Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу.
      Су тасқынының туындау себептері. Каспийдегі судың жайылуы, су тасқыны, қатты жел, сең кептетілісі, сеңнің тоқтауы. Апаттық су басудан ықтимал залалдарды азайту жөніндегі іс-шаралар. Су тасу қатері туындағанда өткізілетін іс-шаралар. Су тасыған кезде халықтың өзін ұстау қағидасы. Халықты хабардар ету, эвакуациялау. Су басқан аумақтарда адамдарды іздестіру, құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерге көмек көрсету. Гидроқұрылыстарда авария болған кезде халықтың іс-әрекеті. Суда құтқару қызметінің құрылымы. Сел ағындарының пайда болу себептері. Селдің пайда болу белгілері. Сел ағындары пайда болған кезде халықтың іс-әрекеті.
      22-тақырып. Төтенше жағдайлар аймақтарында байланысты және хабарлауды ұйымдастыру.
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар мүддесіндегі мемлекеттік және ведомстволық желілерді пайдалану, Азаматтық қорғанысты басқару. Орталықтандырылған хабарландырудың аумақтық жүйелерін құру және пайдалану қағидаттары, хабарландыру және байланыс құралдары, хабарландыру тәртібі. Меншік нысанына қарамастан мекемелердегі, ұйымдардағы, кәсіпорындардағы қызметтердің құрамы, мақсаты міндеттері мен күштері. Азаматтық қорғаныс күштерін жылжыту және құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде тұрақты орналасу орындарын, қауіпсіз аймақты байланыспен қамтамасыз ету. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар аудандарында, сондай-ақ зақымдау ошақтарында байланыс желілері мен сақталған құралдарды пайдалану ерекшеліктері.
      «Баршаңыздың назарларыңызға!» хабарлау дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті.
      23-тақырып. Төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру.
      Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің мәні; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі.
      Төтенше жағдайларды жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.
      24-тақырып. Командалық-штабтық оқу-жаттығулары: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру. Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеттері.
      Командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-қимыл алгоритмін түсіндіру.
      25-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері.
      Күнделікті әзірлік кезінде, бейбіт уақытта төтенше жағдай қатері туындаған кезде, азаматтық қорғанысты соғыс жағдайына көшірген кездегі басшы құрамның функционалдық міндеттері. ТЖК төрағасының міндеттері. Қысылтаяң жағдайлар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар топтамаларының құрамын, санын айқындау. Зілзалалар, апаттар, авариялар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орынға алып шығу (әкету) және оны орналастыру. Негізгі басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттар.
      Ескерту. 25-тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 05.02.2014 № 39 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бейбіт және соғыс уақытындағы іс-шараларды жоспарлауы.
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің орындайтын іс-шаралары. Облыстық (қалалық, аудандық) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру және бекіту туралы облыс (қала, аудан) әкімнің шешімі. Облыстық (қалалық, аудандық) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ереже.
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мақсаты. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, объектілік) қызметтерін құру. Облыстық (қалалық, аудандық) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру және бекіту туралы облыс (қала, аудан) әкімнің шешімі. Облыстық (қалалық, аудандық) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы ережелер. Міндеттерді бірлесіп орындаған кезде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың барлық қызметтерін басқаруды және өзара әрекетті ұйымдастыру.
      27-тақырып. Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарды, құтқарушыларды есепке алу және аттестаттау.
      Авариялық-құтқару қызметтерінің, құралымдардың, негізгі қағидаттары. Республиканың авариялық-құтқару қызметінің құрамы. Төтенше жағдайларды жоюға авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың қатысуы. Құтқарушылар және олардың мәртебесі.
      28-тақырып. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру.
      Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің мақсаты; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.
      Ескерту. 28-тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 05.02.2014 № 39 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29-тақырып. Республикалық дағдарыс орталығы.
      «ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі. Дағдарыс орталығы қызметінің негізгі мәні. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды қабылдау және өңдеу, тұрақты әзірліктегі күштерді және төтенше жағдайларды жою құралдарын басқаруды тұрақты және үздіксіз қамтамасыз ету. Жедел ахуал мониторингі. Төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдарын басқаруды қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларды алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің барлық звеноларының жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
      30-тақырып. Күшті әсер ететін улы заттармен, өртпен және түтінмен зақымдалуы ушыққан жер сілкінісі аймағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері.
      Күшті әсер ететін улы заттармен, өртпен және түтінмен зақымдалуы ушыққан жер сілкінісі аймағындағы бірінші кезекті іс-шаралардың мазмұны. Жағдайды болжау. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін залалды, объектілердің қирау дәрежесін, жалпы жұмыс көлемін және қажетті құралдар мен күштерді айқындау Шығындарды анықтау. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге шешім қабылдау және міндеттерді қою.
      31-тақырып. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде байланысты, халықты ақпараттандыру мен хабарлауды және ұйымдастыру.
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар мүддесіндегі мемлекеттік және ведомстволық желілерді пайдалану, Азаматтық қорғанысты басқару. Орталықтандырылған хабарландырудың аумақтық жүйелерін, байланыс құралдарын, хабарландыру және хабарландыру тәртібін жасау және пайдалану қағидаттары. Меншік нысанына қарамастан мекемелердегі кәсіпорындардағы, ұйымдардағы хабарлау және байланыс қызметтерінің құрамы, мақсаты, міндеттері мен күштері. Тұрақты орналасқан орындарында, қауіпсіз аймақта, Азаматтық қорғаныс күштерін жылжыту және құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде байланыспен қамтамасыз ету. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар аудандарында, сондай-ақ зақымдау ошақтарында байланыс желілері мен сақталған құралдарды пайдалану ерекшеліктері.
      «Баршаңыздың назарыңызға!» хабарлау дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті.
      32-тақырып. Төтенше жағдайларды жою кезінде іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
      Төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; Төтенше жағдайларды жоюға шешім қабылдау кезіндегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі. Күштер мен құралдар топтамаларын құру. Төтенше жағдайлар салдарларын оқшаулау және жою. Құтқарушылардың негізгі міндеті. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар. Зардап шеккендерді іздеу. Зардап шеккендерді шығарып алу, зардап шеккендерді шығарып алу тәсіліне әсер ететін объективті жағдайлар.
      33-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілерде авария болған кезде халықты қорғауды ұйымдастыру «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
      Қауіпті өндірістік объектілерді жіктеу. Қауіп көздерінің сипаттамасы, қауіпті өндірістік объектілердегі аварияның туындау себептері. Қауіпті өндірістік объектілердегі салдардың сипаты мен ауқымы. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар кезінде құтқару жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңының мазмұны мен рөлі.
      34-тақырып. Су тасқыны кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу.
      Су тасқынының туындау себептері. Каспийдегі судың тасуы, тасқын, судың желмен тасуы, сең кептетілісі, сеңнің тоқтауы. Апаттық су басудан ықтимал залалдарды азайту жөніндегі іс-шаралар. Су басу қатері туындағанда өткізілетін іс-шаралар. Су тасыған кезде халықтың өзін ұстау қағидасы. Халықты хабардар ету, эвакуациялау. Су басқан аумақтарда адамдарды іздестіру, құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерге көмек көрсету. Гидроқұрылыстардағы авария кезінде халықтың іс-әрекеті. Суда құтқару қызметінің құрылымы. Сел ағындары пайда болған кездегі халықтың іс-әрекеті.
      35-тақырып. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы.
      Терроризмді айқындау («Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан – Қазақстан Республикасындағы күрес мақсаттары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 232-бабынан үзінділер), жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі іс-қимыл, күдікті пошталық (аудару) жіберу алған кездегі іс-әрекет, телефон арқылы қатер төндіргендегі іс-қимыл, террорлық актілерді өткізу тәсілдері, террорлық актілерді жасау объектілері, террорлық актілер кезінде пайдаланатын құралдар, террористер басып алған кезде кепілдікке алған адамдардың іс-әрекеті. Халықтың:
      жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі;
      телефон арқылы қауіпті хабар алғанда;
      кепілдікке алғанда;
      ұшақты террористер басып алғанда;
      күдікті пошталық жіберу алған кездегі;
      жарылғыш құрылғы іске қосылған кездегі іс-әрекеті.
      Террорлық акті жасалу қаупін ескерту кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Әр түрлі террорлық актілердің салдарынан болған төтенше жағдайлар салдарларын жоюды ұйымдастыру.
      Ескерту. 35-тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 05.02.2014 № 39 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      36-тақырып. Оқу-жаттығу және машықтанулар, оларды өткізуді ұйымдастыру.
      Азаматтық қорғаныс оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу мен дайындалуға қойылатын негізгі талаптар. Объектілердегі азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығулардың (машықтанулардың) түрлері. Оларды өткізу тәртібі, мақсаты және мерзімі. Басшылар мен жұмысшыларды дайындау. Құжаттарды әзірлеу. Оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу аудандарын дайындау. Оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу әдістері. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Қауіпсіздік шаралары. Сейсмо-, селмашықтанулары мен жаттығулары және авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар өткізу ерекшеліктері. Есепке алу есептілік тәртібі.
      37-тақырып. Төтенше жағдайлар іс-әрекеттеріне ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшыларын дайындау.
      Бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау. Ағымдағы жылға ұйымдардың азаматтық қорғаныс жоспары және оған қойылатын талаптар. Оны әзірлеу тәртібі. Қолданысқа енгізу. Ықтимал қауіпті объектілер қызметкерлері мен жұмысшыларын қорғаудың кешенді жоспарының мазмұны.
      Жоспарды бекіту, оны сақтау, пайдалану және түзету тәртібі. Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарын (жоспардың бөлімін) іс жүзінде әзірлеу.
      38-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттауды ұйымдастыру.
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттаудың міндеттері мен мазмұны. Халық арасында білімді насихаттауды ұйымдастыру. Насихат түрлері (ауызша, баспа, көрнекі құралдар, радио құралдарымен, теледидар және кино арқылы насихаттау).
      Азаматтық қорғаныс күндері мен айлықтары, шаруашылық жүргізу объектілерінде, оқу орындарында Азаматтық қорғанысты үздік ұйымына байқау конкурстары. Азаматтық қорғанысты насихаттаудағы азаматтық қорғаныс штабтарының, мәдени-ағартушылық мекемелерінің, бұқаралық ақпарат органдарының рөлі. Азаматтық қорғанысты насихаттау нысандары, әдістері мен құралдары, олардың тиімділігін арттыру жолдары. Азаматтық қорғанысты насихаттауды ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің басшы құрамдарының рөлі.
      39-тақырып. Мұнай (газ) өндіру орындардағы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық негіздер.
      Мұнай төгілуі кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық негіздер. Мұнай төгілуі кезіндегі сан қырлы деңгейде әрекет ету. Ұлттық жоспардың тапсырмалары.
      40-тақырып. Оқу үрдісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік әдебиеттерді және техникалық құралдарды қолданудың әдістері.
      Оқу-әдістемелік құжаттамаларды және нормативтік, оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалану және қолдану. Оқу үрдісінің техникалық компьютерлік құралдарын пайдалану. Оларды қолданудың тиімділігін бақылау әдістері мен құралдары.

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы  
№ 181 бұйрығымен     
бекітілген        
3-қосымша         

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық
органдарының басшы құрамын төтенше жағдайлар саласында даярлауға үлгі бағдарлама

1. Оқыту тақырыптарының тізбесі

Тақырыптар атауы

Сабақтар түрі

Өткізу уақыттары, сағатпен

1

2

3

4

1.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері

дәріс

1

2.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия

дәріс

1

3.

Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс

дәріс

1

4.

Төтенше жағдайлар жіктемесі. Ел, облыс (қала) аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар

дәріс

1

5.

Халықты оқытуды ұйымдастыру, білімді насихаттау. Оқу-жаттығулар мен машықтанулар

дәріс

1

6.

Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтер

сыныптық-топтық

1

7.

Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және туындауы кезінде байланысты ұйымдастыру, халықты хабардар ету және ақпараттандыру

сыныптық-топтық

2

8.

Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Жергілікті атқарушы органдардың ахуалдық орталықтары

сыныптық-топтық

2

9.

Террорлық акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-қимылы

сыныптық-топтық

1

10.

Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

сыныптық-топтық

1

11.

Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері

сыныптық-топтық

1

12.

Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру тәртібі

сыныптық-топтық

1

13.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері

сыныптық-топтық

1

14.

Заманауи зақымдау құралдары

дәріс

1

15.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты және шаруашылық объектілерін қорғау. Инженерлік қорғау.

сыныптық-топтық

2

16.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты және шаруашылық объектілерін қорғау. Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау

сыныптық-топтық

3

17.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру

сыныптық-топтық

1

2. Тыңдаушыларды даярлаудың ауқымы

Оқытылатындар санаты

Даярлаудың сағат ауқымы

1

2

3

1.

Қалалар, аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері

25

2.

Қалалардың, аудандардың (қалалық, ауылдық) төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері

25

3.

Қалалық, аудандық эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссияларының мүшелері

25

4.

Қалалық және аудандық әкімдіктердің лауазымды адамдары

25

5.

Ұйымдар, кәсіпорындар, оқу орындарының азаматтық қорғаныс бастықтары және олардың орынбасарлары

25

6.

Оқу орындарының, білім беру ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары

25

7.

Мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілері

16

8.

Халыққа қызмет көрсету саласындағы қоғамдық ұйымдардың басшылары

7

3. Тақырыптар мазмұны

      1-тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы негізгі заңнамалық актілері.
      «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»«Азаматтық қорғаныс туралы», «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.
      2-тақырып. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі.
      Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның мақсаты, құрамы және негізгі функциялары. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының және мүшелерінің функционалдық міндеттері.
      3-тақырып. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс.
      Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері, ұйымдастыру қағидаттары мен тәртібі. Халықты, аумақтық және шаруашылық объектілерін қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары. Азаматтық қорғаныс күштері. Басқару органдары мен азаматтық қорғаныс қызметтері. Орталық, жергілікті, өкілдік және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілдігі, Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері.
      Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын бейбіт уақытқа жоспарлау, негізгі құжаттардың және тартылатын күштердің құрылымы мен мәні. Ұйымның азаматтық қорғаныс жоспары. Оны әзірлеу тәртібі. Қолданысқа енгізу.
      Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын бейбіт уақытқа жоспарлау, негізгі құжаттардың және тартылатын күштердің құрылымы мен мәні. Азаматтық қорғаныс жоспарын бекіту, оны сақтау, пайдалану және түзету тәртібі. Ұйымның азаматтық қорғаныс жоспарын (жоспардың бөлімін) практикалық әзірлеу.
      4-тақырып. Төтенше жағдайлар жіктемесі. Ел, облыс (қала) аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар.
      Төтенше жағдайлардың туындау себептері мен таралу ауқымы бойынша жіктемесі. Облыс (қала) аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттардың сипаттамасы, олардың халықтың қауіпсіздігіне және ұйымның жұмыс істеуіне әсері.
      Облыс аумағындағы ықтимал дүлей зілзалалардың түрлері, олардың зақымдаушы факторларының қысқаша сипаттамасы. Олардан қорғау тәсілдері. Олардың алдын алу және шығынын азайту бойынша шаралар. Дүлей зілзалалар аудандарында адамдарды іздеу және құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Адамдарды дүлей зілзала аудандарынан эвакуациялауды ұйымдастыру ерекшеліктері.
      Өткен жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында болған төтенше жағдайларды талдау.
      5-тақырып. Халықты оқытуды ұйымдастыру, білімді насихаттау. Оқу-жаттығулар мен машықтанулар.
      Басшы құрамды, азаматтық қорғаныс құралымдарын даярлау, халықты азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында оқыту жүйесі.
      Даярлау нысандары мен әдістері. Машықтанулар түрлері және мерзімділігі.
      Негізгі басшы және нормативтік құжаттар. Азаматтық қорғаныс күштерін даярлаудың және химиялық, радиациялық, өрт, жарылыс қауіпті объектілер мен сейсмикалық қауіпті аудандар жанында тұратын халықты оқытудың ерекшеліктері.
      Халық арасында білімді насихаттауды ұйымдастыру. Азаматтық қорғанысты насихаттау нысаны, әдістері мен құралдары, оның тиімділігін арттыру жолдары. Насихаттау түрлері (ауызша, баспа, көрнекілік, радио, теледидар және кино арқылы насихаттау).
      Шаруашылық объектілерінде, оқу орындарында азаматтық қорғаныс күні, айлығы, азаматтық қорғаныстың ең үздік ұйымын қарау конкурсы.
      Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі.
      Азаматтық қорғаныстың оқу-жаттығулары мен және машықтануларын дайындау мен өткізуге негізгі талаптар. Объектілердегі азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығу (машықтану) түрлері. Оларды өткізу тәртібі, мақсаттары мен мерзімдері. Басшылық пен жұмыскерлерді дайындау. Құжаттарды әзірлеу. Оқу-жаттығу мен машықтану өткізу ауданын дайындау. Оқу-жаттығу және машықтану өткізудің әдістемесі. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Қауіпсіздік шаралары. Сейсмикалық, селге қарсы машықтанулар және авариялық жағдайлар бойынша машықтанулар өткізу ерекшеліктері.
      6-тақырып. Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары.
      Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қызметінің негізгі қағидаттары. Республиканың авариялық-құтқару қызметтерінің құрамы. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы. Құтқарушылар және олардың мәртебесі.
      Азаматтық қорғаныс құралымдарын құру, әзірлікке келтіру тәртібі. Азаматтық қорғаныс құралымдары командирлерінің функционалдық міндеттері. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар қауіп-қатері және оның зардаптарын жою кезіндегі құралымдар командирлерінің іс-қимылы.
      Құралымдарды әзірлікке келтіру, оларды ұстау жоспары, әзірлеуге талаптар және қолданысқа енгізу тәртібі. Жеке құрамды хабардар ету және жинау бойынша машықтанулар, олардың мақсаттары, мерзімділігі, дайындау мен өткізудің әдістемесі. Азаматтық қорғаныс құралымдарының қолданысы және іс-қимылы бойынша негізгі басшы және нормативтік құжаттар.
      Азаматтық қорғаныс құралымдарын тұрақты әзірлікте ұстау бойынша командирлердің міндеттері.
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мақсаты. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, объектілік). Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облыстық (қалалық, аудандық) қызметтерін құру және бекіту туралы облыс (қала, аудан) әкімінің шешімі. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облыстық (қалалық, аудандық) қызметтері туралы ереже. Бірлескен міндеттерді орындау кезінде барлық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін басқару мен олардың іс-қимылын ұйымдастыру.
      7-тақырып. Байланысты, хабардар етуді және төтенше жағдайлар қатері және олар туындаған кезде хабарлауды ұйымдастыру.
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, азаматтық қорғанысты басқару мүддесінде мемлекеттік және ведомстволық желілерді пайдалану. Аумақтық орталықтандырылған хабардар ету, байланыс құралдары мен хабардар ету, хабардар ету тәртібі жүйесін құру және пайдалану қағидаттары. Меншік нысанына қарамастан мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда байланыс және хабарлау қызметтерінің құрамы, мақсаты, міндеттері мен күштері. Азаматтық қорғаныс күштерін жылжытқан және құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізген кезде қауіпсіз аймақта тұрақты орналасу орындарында байланыспен қамтамасыз ету. Сақталып қалған дүлей зілзалалар, авариялар және апаттар, сондай-ақ зақымдану ошақтары аудандарында байланыс құралдары мен желілерін пайдаланудың ерекшеліктері.
      «Баршаңыздың назарыңызға!» хабардар ету дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті. Төтенше жағдайлар және олар бойынша іс-әрекет туралы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар органдарының кейіннен ықтимал дыбыстық хабарламаларының мазмұны.
      8-тақырып. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар салдарын жойған кезде басшы құрамның іс-әрекеті. Жергілікті атқарушы органдарының ахуалдық орталықтары.
      Экстремальдық жағдай туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар ауданына барлауды ұйымдастыру және жүргізу. Ахуалды бағалау, шешімдер қабылдау, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды өткізуге тартылатын күштер топтамалары мен құралдар құрамын, санын айқындау. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз жерлерге шығару (апару) және оны орналастыру. Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар ауданында коменданттық қызметті ұйымдастыру. Жұмыстарды өткізген кездегі қауіпсіздік шаралары. Өткізілетін материалдық, техникалық және медициналық қамтамасыз ету. Жұмыстарды жүргізу тартылған әскери бөлімдердің құралымдары мен бөлімшелері арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыру.
      Азаматтық қорғаныстың басқару пункттері, олардың мақсаты, жабдықталуы және орналастырылуы. Басқарудың техникалық құралдары және ақпаратты өңдеу. Азаматтық қорғанысты басқару тұрақтылығын арттыратын шаралар.
      Жергілікті атқарушы органдардың ахуалдық орталықтарының мақсаты және міндеттер
      9-тақырып. Террористік акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кезде халық пен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті.
      Мына:
      - жарылғыш қондырғыларына ұқсайтын заттарды тапқан кезде;
      - телефон арқылы қатер алған кезде;
      - кепілге адам алу кезінде;
      - террористер ұшақты кепілге алған кезде;
      - пошта жібергенде күмәнді заттарды тапқан кезде;
      - жарылыс қондырғысының іске қосылуы кезінде халықтың іс-әрекеті.
      Террористік акті қатері мен ол туындаған кездегі лауазымдық тұлғалардың міндеттері. Террористік акті қатері кезінде халық пен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері жөнінде жаднама. Террористік актілердің алдын алу іс-әрекеттеріне халықты даярлау. Террористік актілердің салдарын жою бойынша құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.
      Террористік актілерді жасаудың алдын алу бойынша басшылық құрамның іс-әрекеті. Түрлі террористік актілердің салдарынан туындаған төтенше жағдайлар зардаптарын жоюды ұйымдастыру.
      10-тақырып. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
      Күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған кезде көмек көрсету тәсілдері мен амалдары. Жеке дәрігерлік қобдишаны, жеке химияға қарсы пакетті, медициналық таңу пакетін, қолдағы құралдарды пайдалану қағидасы. Күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған кездегі көмек көрсетудің ерекшеліктері.
      Жараланған және қан аққан кездегі алғашқы көмек. Қанның ағуын тоқтатудың тәсілдері мен амалдары. Табельдік және қолдағы құралдарды қолдану. Жеке таңу пакетінің, дәкенің, бинттің, қолдағы материалдың көмегімен жарақатқа және дененің күйген жерлеріне таңғыштар салу қағидасы және тәсілдері.
      Сынықтарда, соққы алған, буынның шығуы кезіндегі көмек. Табельдік қол астындағы құралдарды қолдана отырып, қорғауды (буындардың қозғалмай қалуы және с.с.) қамтамасыз ету тәсілдері мен амалдары.
      Күйік және үсу кезіндегі көмек, жарық сәулесінен болған күйік. Шок алған, үсіген, электр тогымен зақымданған, жылу және күн өткен кезде көмек көрсету. Суға батып бара жатқан адамға көмек. Жасанды дем алу және жүрекке жанама уқалау жасау. Науқастарға күтім жасау негіздері. Зақымданғандарды тасымалдау және эвакуациялау тәсілдері.
      11-тақырып. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.
      Заманауи жағдайларда психологиялық және моральдық дайындық мәнінің өсуі. Моральдық-психологиялық дайындықтың мәні мен мазмұны. Төтенше жағдайларда халықтың моральдық-психологиялық дайындығының негізгі бағыттары және әдістері. Құралымдардың жеке құрамында психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруды ұйымдастыру және олардың дүлей зілзалалар, авариялар салдарын жоюға әзірлігінің ерекшеліктері. Моральдық-психологиялық дайындықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі азаматтық қорғаныс құралымдары командирлерінің міндеттері. Шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмысшылары мен қызметкерлерінің моральдық-психологиялық дайындығын ұйымдастырудағы басшылық құрамның, лауазымды тұлғалар мен қызметшілердің рөлі және орны.
      12-тақырып. Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру тәртібі.
      Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру тәртібі және дәйектілігі.
      Дайындық іс-шараларды өткізуді қамту және тәртібі. Соғыс уақытындағы азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізу тәртібі.
      Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезіндегі басшылық құрамның іс-әрекеті. Зақымдану ошақтарында құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу.
      Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде азаматтық қорғаныс саласындағы орталық, жергілікті, өкілдік және атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізу объектілерінің өкілеттілігі.
      Қарсыластың шабуыл жасау кезіндегі азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру тәртібі. Соғыс уақыты жоспарларын қолданысқа енгізуге байланысты бірінші кезекті іс-шаралар мен іс-шаралардың мазмұны.
      13-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытының төтенше жағдайларында ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері.
      Өнеркәсіптік ұйымдарды салуға және орналастыруға азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау нормаларының талаптары. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда салалар мен өнеркәсіптік ұйымдардың жұмыс істеу тұрақтылығын арттырудың мәні, мазмұны, негізгі бағыттары мен тәсілдері. Заманауи зақымдау құралдарынан, өрттен және қосалқы факторлардан жұмысшылар мен қызметкерлерді, бағалы бірегей жабдықтарды қорғауды қамтамасыз ету. Ғимараттар мен құрылыстардың тұрақтылығын, коммуналдық шаруашылық желілерінің жұмысын арттыру. Электр энергиясымен, газбен, бумен, сумен, материалдық-техникалық құралдармен сенімді жабдықтауды жасау. Бұзылған өндірісті қалпына келтіруге қажетті жағдайлар жасау.
      Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда жұмыс істеуге ұйымдарды дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар.
      14-тақырып. Заманауи зақымдану құралдары.
      Заманауи зақымдану құралдары туралы түсінік. Ядролық қару: зақымдау факторлары, жарылыс түрлері, зақымдау ошағының сипаттамасы. Химиялық қару: уландыратын заттардың жіктемесі және қысқаша сипаттамасы. Химиялық зақымдау ошағы деген түсінік. Бактериологиялық қару: ауру туғызатын микроағзалар және токсиндердің қысқаша сипаттамасы. Биотерроризм туралы түсінік. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды (лекті жолдарды төсеу, жүретін жолдарды жасау, опырылу қаупі төнген ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе оның құлауы, коммуникацияны жөндеу және қалпына келтіру және сол сияқты) ұйымдастыру. Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен амалдары.
      15-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халық пен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау. Инженерлік қорғау.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғаудың негізгі қағидаттары. Төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқығы мен міндеттері. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігі.
      Дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар салдарынан халық пен ұйымдарды қорғаудың негізгі қағидаттарының сипаттамасы. Халықты қорғаудың негізгі тәсілдері; ұжымдық қорғау құралдары; жұмысшылар мен қызметшілерді шоғырландыру және халықты эвакуациялау; жеке қорғану құралдары. Қорғау ғимараттарын паналау – халықтың соғыс уақытында қорғануының негізгі тәсілі. Жұмыс істейтін персоналдар мен халықты қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық нормаларының талаптары. Қорғану ғимараттарының түрлері – паналар, радиацияға қарсы паналау орындары, қарапайым паналау орындары. Бейбіт уақыттағы қорғану ғимараттарының қорын жинақтау жолдары. Қорғану ғимараттарын паналаушыларды қабылдау әзірлігіне келтіру. Бейбіт уақытта қорғану ғимараттарын ұстау және пайдалану.
      16-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халық пен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау. Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау.
      Радиациялық, химиялық, өрт қауіпті объектілердің, гидроқұрылыстардың маңында тұратын халықты қорғауды ұйымдастыру ерекшеліктері.
      Сүзетін газқағарлардың, респираторлардың мақсаты, оларды орнату және іріктеу және оларды пайдалану қағидасы. ГП-5, ГП-7 газқағарлары. Дем алу органдарын қорғаудың қарапайым құралдары (мақта-дәкелі таңғыш, шаңға қарсы мата бүркемесі). Оларды дайындау және пайдалану қағидасы.
      Терінің қорғау құралдары. Терінің қорғаудың арнайы құралдарының мақсаты мен қондырғысы. Жалпы әскери қорғау кешені, жеңіл қорғану костюмі (Л-1), қорғаулы сүзетін киім. Радиациялық-қауіпті және уландыратын заттардан қорғау үшін қарапайым киімді бейімдеу. Теріні қорғау құралдарында жұмыс істеу режимі. Теріні қорғаудың табельдік және бейімделген құралдармен пайдалану қағидасы.
      Жеке қорғану құралдарын жинақтау тәртібі, оларды сақтау, жаңарту, беру, бейімдеу, пайдалану қағидасы.
      Радиациялық заттар мен ионизациялау сәулелерінің негізгі сипаттамалары. Тірі ағзаға радиацияның әсері. Табиғи және жасанды сәулелер көздері. Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары. Қазақстан Республикасы халқының радиациялық қауіпсіздік проблемаларының ерекшеліктері. Радиациялық қауіпті объектілерде авария болған жағдайда халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар.
      Радиацияға қарсы және химияға қарсы қорғаудың құралдары мен тәсілдері. Бейбіт және соғыс уақытында жеке қорғану құралдарын жинақтау, сақтау, беру тәртібі. Радиациялық, химиялық және бактериологиялық зақымдану туралы анықтауды және халықты хабардар етуді ұйымдастыру. Радиациялық қорғау режимдері, оларды қолданысқа енгізу тәртібі. Дозиметриялық және химиялық бақылауды ұйымдастыру. санитариялық өңдеу және халықтың киімін залалсыздандыру. Карантин және обсервация кезінде халықтың жүріс-тұрыс қағидасы.
      Радиациялық, химиялық барлау және дозиметриялық бақылау құралдары, оларды жұмысқа дайындау және олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру. Ауада, жергілікті жерде, түтінде және сусымалы материалдарда уландыратын, күшті әсер ететін улы заттарды айқындау. Жергілікті жерде және альфа, бета, түрлі объектілердің радиоактивтік ластану мөлшерінің қуатын өлшеу. Жеке дозиметрлерден көрсеткіштерді алу, дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру тәртібі.
      Объектідегі дозиметриялық және химиялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі азаматтық қорғаныс басқару органдарының жауапты басшылары. Объектідегі дозиметриялық және химиялық бақылау жөніндегі құжаттама.
      Радиациялық және химиялық қадағалау бекетінің мәні, құрамы және жарақталуы. Бекетті орналастыру үшін орын таңдау және оның жабдығы. Бекеттің аға қызметкерінің және кезекші қадағалаушының міндеттері.
      Қарсылас химиялық қаруды және заманауи зақымдау құралдарын қолдану кезіндегі кезекші қадағалаушының іс-қимылы, қатты әсер ететін улы заттары бар шаруашылық объектілерінің қирауы және осы жағдайдың деректерін тиісті органға беру тәртібі. Радиациялық, химиялық зақымдану кезінде, сондай-ақ өрт, су тасқыны және жер сілкінісі жағдайында қадағалауды жүргізу. Әртүрлі жағдай шарттарындағы іс-қимылдар кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Радиациялық және химиялық қадағалау журналын жүргізу және қадағалау нәтижелері туралы баяндама тәртібі.
      17-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру.
      Эвакуациялау іс-шараларының мәні мен тәсілдері. Эвакуациялау органдарының құрылым мен міндеттері. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау.
      Химиялық және радиациялық қауіпті объектілерде және газ шаруашылығы объектілеріндегі жер сілкініс, су тасқыны, сел ағындары, авариялар кезінде халықты эвакуациялауды жүргізу ерекшеліктері.
      Соғыс уақытында эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру. Эвакуациялау іс-шараларын жүргізу тәсілдері мен мерзімдері. Эвакуацияланатын халықты орналастыруға арналған қауіпсіз аймақты уақытында дайындау. Эвакуациялау іс-шараларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар.

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 02 мамырдағы  
№ 181 бұйрығымен     
бекітілген        
4-қосымша         

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық
органдарының мамандарын төтенше жағдайлар саласында даярлауға
үлгі бағдарлама

1. Оқыту тақырыптарының тізбесі

Тақырыптар атауы

Сабақтар түрі

Өткізу уақыттары,
сағатпен

1

2

3

4

1.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілері

дәріс

1

2.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия

дәріс

1

3.

Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс

дәріс

1

4.

Төтенше жағдайлар жіктемесі. Ел, облыс (қала) аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар

дәріс

1

5.

Халықты оқытуды ұйымдастыру, білімді насихаттау. Оқу-жаттығулар мен машықтанулар

дәріс

1

6.

Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтер

сыныптық-топтық

1

7.

Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және туындауы кезінде байланысты ұйымдастыру, халықты хабардар ету және ақпараттандыру

сыныптық-топтық

2

8.

Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Жергілікті атқарушы органдардың ахуалдық орталықтары.

сыныптық-топтық

2

9.

Террорлық акті барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-қимылы

сыныптық-топтық

1

10.

Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

сыныптық-топтық

1

11.

Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері

сыныптық-топтық

1

12.

Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру тәртібі

сыныптық-топтық

1

13.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері.

сыныптық-топтық

1

14.

Заманауи зақымдау құралдары

дәріс

1

15.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты және шаруашылық объектілерін қорғау. Инженерлік қорғау

сыныптық-топтық

2

16.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты және шаруашылық объектілерін қорғау. Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау

сыныптық-топтық

3

17.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру

сыныптық-топтық

1

2. Тыңдаушыларды даярлаудың ауқымы

Оқытылатындар санаты

Даярлаудың сағат ауқымы

1

2

3

1.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының эвакуациялық органдарының қызметкерлері

25

2.

Азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың, оқу орындарының мамандары (қызметкерлері)

25

3.

Ұйымдардың азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мамандары

25

4.

Азаматтық қорғаныс құралымдарының (жасақтардың, командалардың, звенолардың және бекеттердің) командирлері

21

5.

«Бастапқы әскери дайындық» және «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәндері бойынша оқу орындарының оқытушылары

20

6.

Барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының сынып жетекшілері

7

7.

Азаматтық қорғаныс құралымдарына кірмейтін жұмысшылармен сабақ өткізу топтарының жетекшілері

20

8.

Еңбек және демалыс сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері

7

9.

Қауіпті өндірістік объектілердің мамандары