"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 117 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 мамырда № 8445 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.18 № 403 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
      9 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 146 бюджеттік бағдарламасы бар 201, 202 және 212 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
      «201 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      202 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету»;
      213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк   қорғау министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 146 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету»;
      мынадай мазмұндағы 146 бюджеттік бағдарламасы бар 214, 215, 222, 225, 226, 233, 235, 601, 606 және 696 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
      «214 Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      215 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      222 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      233 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      235 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      606 Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету
      696 Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
      4 «Туризм» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламасы бар 265 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «265 Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      021 Туризм қызметін реттеу»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 105, 106, 109, 114 және 116 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
      «100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      105 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау
      106 Республикалық бюджеттік концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                               Е.Досаев