Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 10-1/150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 сәуірде № 8443 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күшін жою көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2015 № 9-1/666 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясаты департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                       Г. Исаева

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2013 жылғы 4 сәуірдегі   
№ 10-1/150 бұйрығымен    
бекітілген          

Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен
субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат
пен қызметтердiң тізбесі

      1. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпараттар:
      1) агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау бағыттары, агроөнеркәсіп кешені саласында қабылданған нормативтік-құқықтық актілер және агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзге де мәселелері бойынша;
      2) республиканың барлық өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің, азық-түліктің, төрт түлік малдың, жем-шөп пен жанар-жағар майдың ағымдағы бағалары бойынша;
      3) агроөнеркәсіп кешені үшін материалдық-техникалық ресурстарды және қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілер бойынша;
      4) өңірлерге байланысты (тұқым сорты, тыңайтқыштар, улы химикаттар, сонымен қатар механизация құралдары), одан әрі жұмыс істеу үшін байланыс телефондары мен мекен-жайлары туралы мәліметтерімен қоса өндіріске енгізу үшін сынақтан өткен және ұсынылған соңғы ғылыми әзірлемелер бойынша;
      5) республикада және басқа да елдерде жоспарлап отырған семинарлар, тренингтер, тұсау-кесерлер мен ұйымдастырылатын көрме-жәрмеңкелік шаралар туралы;
      6) ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржылық сауаттылығын арттыру (бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілік және басқа да ұқсас мәселелер жөнінде) бойынша;
      7) дәнді дақылдар түрлері жөнінде көктемгі егіс егу және жинау жұмыстары бойынша.
      2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын қызметтер:
      1) қаржылық (екінші деңгейлі банктер, шағын несие мекемелер), сақтандыру және бағалау қызметтердің шарттары мен құны бойынша кеңес беру;
      2) арнайы мамандандырылған мерзімдік басылым (бюллетень) шығару және оны агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеткізу.