Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 09 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 сәуірде № 8438 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Валюта-қаржы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Е. Ыдырысов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің

      төрағасы

      ____________ Г. Марченко

      2013 жылғы 28 наурыз


      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Жәмішев

      2013 жылғы 04 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2013 жылғы 09 cәуірдегі
№ 08-1-1-1/114
бұйрығымен бекітілді

Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша (бұдан әрі - Қағидалар) республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси әрекеттерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген шет елге жіберілетін адамдарды іссапарға жіберу үшін көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі):

      1) "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162 ерекшелігінің әкімшісі ретінде мынадай адамдарды шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды (бұдан әрі – іссапар шығысы) төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы шешімдер қабылдайды:

      республикалық бюджет есебінен ұсталатын лауазымды адамдар (бұдан әрі – лауазымды адамдар);

      Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайы;

      Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасының делегациялары;

      2) "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" бюджеттік бағдарламасының 162 ерекшелігінің әкімшісі ретінде мынадай адамдардың шетелге іссапарға жіберілуіне байланысты шығыстарды төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы шешімдер қабылдайды:

      лауазымды адамдар;

      құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы үкіметтік делегация мүшелері (бұдан әрі – Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегация);

      жергілікті бюджеттен ұсталатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігімен анықталатын Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау саласындағы мамандар мен сарапшылар.

2. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінетін республикалық бюджет қаражатын пайдалану тәртібі

      3. Сыртқы істер министрлігі республикалық бюджетте кезекті қаржы жылына "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдаланады.

      4. Кассалық және банктік операцияларды жүргізу мемлекеттік мекеменің кассасында қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін және кассада қолма-қол ақшаның сақталу мерзімін белгілейтін нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидасы), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7197 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдармен (бұдан әрі – іссапарға жіберілген адам) есеп айырысу бойынша бөлінген қаражатты айырбастауды қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысу үшін шетел валютасында шот ашады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті (бұдан әрі - Астана қаласы Қазынашылық департаменті) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес бөлінген қаражаттың конвертациясын жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Сыртқы істер министрлігі Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне ағымдағы жартыжылдықтың соңғы айының 10-нан кешіктірмейтін мерзімде айларға бөле отырып, алдағы жартыжылдыққа арналған шетел валютасында қолма-қол ақшаның қажетті сомасы туралы өтінім ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу тәртібі

      8. Сыртқы істер министрлігіне "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" мен "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша іссапар шығыстарын төлеуге:

      1) мемлекеттік органдардың Сыртқы істер министрлігіне берген жазбаша өтініші негізінде лауазымды адамдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайына, Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелеріне;

      2) іссапарға жіберу туралы қабылданған шешім негізінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қызметкерлеріне қаражат бөлу жүзеге асырылады.

      9. "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" бағдарламасының 162 ерекшелігі бойынша іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы үкіметтік делегациялардың басшыларымен немесе олардың орынбасарларымен бекітілген Жоспар-кестеге, сондай-ақ, дипломатиялық арналар арқылы контрәріптестермен жасалған уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шетелге жол жүрген кезде, Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органның бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлғаның жазбаша өтініші мен арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушымен қол қойылған көрсетілген қызметтер актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп айырысу шотына қаражат аудару арқылы арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді төлейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 31.10.2014 № 08-1-1-1/492 бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік орган тиісті іс-шараны өткізуге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын не анағұрлым кеш мерзімде, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік орган мен Сыртқы істер министрлігінің басшылары арасындағы келісім бойынша Сыртқы істер министрлігіне өтініш береді.

      Мемлекеттік органның Сыртқы істер министрлігінің атына ұсынған өтінішінде шетелдік іссапардың мақсаты, мерзімі мен іссапарға жіберілетін адамдар туралы мәліметтер болуы тиіс. Іссапарға жіберу мерзімдері іссапарға жіберілетін адамды:

      оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлыққа;

      сайлаудың ұзақ мерзімді бақылаушысы ретінде жіберуді;

      Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысуды қоспағанда, күнтізбелік 40 күннен аспауы тиіс (жолдағы күндерін есептемегенде).

      Мақсаты Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу болып табылатын іссапар мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.

      Іссапар барысында форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, мемлекеттік органның негіздемесімен және растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініші негізінде іссапар мерзімі форс-мажорлық жағдайлар мерзіміне ұзартылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 22.07.2015 № 11-1-2/301 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сыртқы істер министрлігі іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу туралы келіп түскен өтінішті:

      1) ағымдағы жылы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті мемлекеттік органның қатысуымен жоспарланған іс-шараларды;

      2) ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражатының көлемін;

      3) мемлекеттік орган ұсынатын іс-шараға қатысудың сыртқы саяси орындылығын ескере отырып қарастырады.

      Өтінішті қараудың қорытындылары бойынша Сыртқы істер министрлігі бес жұмыс күні ішінде іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.

      Іссапар шығыстарына арналған қаражатты беру іссапарға жіберілетін адамды ресімдеу күні Сыртқы істер министрлігінің кассасында немесе іссапарға жіберілетін адамды ресімдеу күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде банктік картаға аудару арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жоспарланған іс-шара басталғанға дейін іссапар шығыстарын бөлу туралы шешім қабылданбаған жағдайда, Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органнан жазбаша өтініші түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде іссапар шығыстарын өтеу туралы шешім қабылдайды.

      14. Қаражат бөлу туралы қабылданған шешім негізінде Сыртқы істер министрлігі қолма-қол шетел валютасын алу үшін Сыртқы істер министрлігінің қызметкеріне Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде ресімдеуге арналған сенімхат береді.

      Сенімхат бір жұмыс күні мерзіміне беріледі, оған Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы және бас бухгалтері қол қояды.

      Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Сыртқы істер министрлігінің сенімхатында көрсетілген уәкілетті адамға бір жұмыс күні мерзіміне Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алуға сенімхат береді.

      Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалы Сыртқы істер министрлігінің уәкілетті адамына Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген, мәлімделген сомаға сәйкес қолма-қол шетел валютасын береді. Сыртқы істер министрлігінің хаты еркін нысанда жасалады және қолма-қол шетел валютасын алудың жоспарланған күніне дейін 2 жұмыс күні бұрын Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалына ұсынылады.

      Сыртқы істер министрлігі өзінің кассасында сенімхат бойынша алған қолма-қол шетел валютасын қаржыландырудың бекітілген айлық жоспарының шегінде сақтайды. Сыртқы істер министрлігінің кассасындағы қолма-қол шетел валютасының күн сайынғы лимиті ағымдағы айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген сомадан аспауы тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сыртқы істер министрлігі іссапарлар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      16. Іссапарға жіберілген адамдарға Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес мынадай:

      1) іссапар мерзіміне арналған тәуліктік;

      2) баратын межелі орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстарға (такси қызметі төленбейді);

      3) тұрғын үй-жайды жалға алу жөніндегі, оның ішінде межелі пунктке кірер алдындағы келу пункттердегі шығыстарға;

      4) Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысымен жазбаша келісілгеннен кейін билетті қайтару/айырбастау айыппұлына (іссапар кейінге қалдырылған немесе ауыстырылған, ауырған кезде, басқа да форс-мажорлық жағдайларда);

      5) валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық алымдарға;

      6) түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеу үшін консулдық алымдарға;

      7) Астана қаласында шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе визаны ресімдеуге уәкілетті консулдық мекемесі болмаған жағдайда түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеу үшін сервистік алымдарға;

      8) Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысымен жазбаша келісілгеннен кейін түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеуді жеделдеткені үшін алымдарға іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінеді.

      Егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар шығыстарын өзінің есебінен төлейтін болса, белгіленген нормалардың 30 (отыз) пайызы мөлшерінде бөлінетін тәуліктікті қоспағанда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінбейді.

      Іссапар шығыстары "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес өтеледі. Қонақүйде тұру шығыстары нақты шығындар бойынша төленетін адамдарға белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда, растайтын құжаттарды ұсынған кезде өтеу жүргізіледі.

      Мақсаты Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу болып табылатын жағдайда, іссапар мерзімі 41 күннен 180 күнтізбелік күнге дейін болса, стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделмеген іссапар шығыстарын Сыртқы істер министрлігі төлемейді.

      18. Іссапарға жіберілген адамдар шетелге іссапарға жол жүрген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келер алдында шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.

      Егер Қазақстан Республикасынан ұшып шығу (кету) жол жүру құжатына сәйкес ағымдағы тәуліктің сағат 21:00-ден кеш жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылмайды.

      Егер шет мемлекеттен ұшып шығу (кету) жол жүру құжаттарына сәйкес ағымдағы тәуліктердің 00:00 - 03:00 сағаттары аралығында жүзеге асырылған болса, Қазақстан Республикасына кіру алдындағы шет мемлекеттің шекарасын кесіп өту күні іссапар мерзіміне енгізілмейді.

      Іссапарға жіберілген адамдардың мемлекеттік шекараларды кесіп өткен күндері уәкілетті органдардың төлқұжаттағы белгілері бойынша айқындалады. Егер іссапарға жіберілген адамдардың құжаттарына мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы уәкілетті мемлекеттік орган белгі қоймаған болса, мемлекеттік шекараны кесіп өткен күн іссапарлық куәлігіндегі белгілер бойынша айқындалады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Егер іссапарға жіберілген адамда іссапар куәлігі не шет мемлекеттердің немесе паспортта іссапарға жіберілген адамдар транзиттік аймақта болған мемлекеттердің уәкілетті органдарының белгілері болмаса, іссапарға жіберілген адамдардың әрбір елде болғандығын растайтын жол жүру құжаттары есепті қабылдау үшін негіз бола алады.

      20. Іссапарға жіберілген адамдар бір тәуліктің ішінде екі шет мемлекеттің аумағында болған болса, іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат белгіленген нормалар бойынша 50 (елу) пайыз мөлшерінде осы елдердің әрқайсысы үшін бөлінеді.

      21. Іссапарға жіберілген адамдар бір тәуліктің ішінде екі шет мемлекеттен көп аумақта болатын болса, іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат осы тәулік ішінде соңғы пункт болып табылатын ел үшін белгіленген нормалар бойынша бөлінеді.

      22. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты үшінші адам (бұдан әрі – есеп беретін адам) алған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен расталған сенімхат ұсыну қажет. Сенімхат мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (орталық атқарушы органның бірінші басшысының, жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның немесе осыған уәкілетті басқа адамның) және мемлекеттік органның бас (аға) бухгалтерінің қолы қойылған мемлекеттік органның ресми бланкісінде беріледі.

      Іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты іссапарға жіберілген немесе есеп беретін адамға бөлу осы іссапарға жіберілген адамның іссапар шығыстарын төлеуге бұрын бөлінген қаражаты бойынша осы Ереженің 24-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған жағдайда ғана жүргізіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Валюта есептеу үшін қолма-қол шетелдік валютаны айырбастағанын айғақтайтын құжатта көрсетілген айырбас бағамы қолданылады. Қолма-қол шетелдік валютаны айырбастағанын растайтын құжаты болмаған жағдайда, шот-фактурада көрсетілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соңғы күні белгілеген бағам қолданылады.

4. Есептілік

      24. Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іссапарға жіберілген немесе есеп беретін адамдар Сыртқы істер министрлігінің қаражатты бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне мынадай құжаттарды:

      1) паспорттың көшірмесін (2-беттің және мемлекеттік шекараларды кесіп өткендігі туралы белгілері анық көрінетін беттің (тердің) толық көшірмелері);

      шекараны кесіп өткендігі туралы белгілері паспортта болмаған жағдайда, іссапарға жіберілген адамның жұмыс орны бойынша және қабылдаушы ұйымының кадрлық қызметінің белгілері бар іссапар куәлігінің көшірмесін;

      2) жол жүру құжаттарын:

      шот-фактурасы (инвойс) мен фискалдық чекі (арнайы рейспен жол жүрген жағдайда талап етілмейді) міндетті түрде қоса тіркелген, межелі орнына бару және кері қарай жол жүру билеттерін;

      вокзалдан, әуежайдан, кемежайдан және кері қарай көпшілік пайдаланатын көлікпен соңғы пунктіге дейінге жол жүру құжаттарын;

      әуежайлар әкімшіліктері көздеген жағдайда, әкімшілік алымдарды төлеу жөніндегі түбіртектерді;

      бар болған жағдайда билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төлегенін растайтын құжаттарын;

      электрондық авиабилетті ұсынған жағдайда қоса салынған отырғызу талондары мен авиабилеттің құнын төлегендігін растайтын құжаттарын;

      жол жүру билеттерін, отырғызу таллондарын немесе билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төлегендігін растайтын құжаттарды жоғалтқан жағдайда, аталған құжаттарды берген ұйымның жазбаша растаухатын;

      транзиттік елде 12 сағаттан артық болған жағдайда, авиабилетті берген авиакомпанияның немесе ұйымның транзиттік елге келген сәтінен бастап жақын уақыттағы 12 сағатта іссапардың әрі қарай бағыты бойынша рейске авиабилеттің немесе рейстің жоқ екендігі туралы хатын (анықтамасын);

      3) валюта айырбастау операциясы кезінде алынған валюта айырбастаудың бағамы мен күні көрсетілген құжаттарын ұсынады.

      Осы тармақта көзделген құжаттарды іссапарға жіберілген адамның немесе есеп беретін адамның таңдауы бойынша қағаз түрінде не электронды нысанда ұсынуға болады.

      Осы тармақта көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері іссапарға жіберілген немесе есеп беретін адамның электронды цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Сыртқы істер министрлігінің қаражаттарды бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды қарағаннан кейін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша аванстық есепті жасайды.

      Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды электронды нысанда ұсынған жағдайда, Сыртқы істер министрлігінің қаражаттарды бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесі іссапар шығындарын төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану туралы аванстық есепті электронды нысанда жасайды және іссапарға жіберілген немесе есеп беретін адамға қол қоюға жібереді.

      Сыртқы істер министрлігінің қаражаттарды бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесі қол қойылған аванстық есептің және қағаз түрінде қоса берілген құжаттардың көшірмесін жасайды.

      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 22.07.2015 № 11-1-2/301 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      25. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген пайдаланылмаған қаражаттың қалдығын іссапарға жіберілген немесе есеп беруші адам іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сыртқы істер министрлігінің кассасына немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шотына шетел валютасында қайтаруы тиіс.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Мемлекеттік органның іссапарға жіберілген адамның дебиторлық берешегі болған жағдайда (қайтып оралған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен астам), Сыртқы істер министрлігі қазіргі бар берешегін өтегенге дейін осы мемлекеттік органның қызметкерлеріне іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлуді жүзеге асырмайды.

  Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерлерге
уәкілетті адамдарды іссапарға
жіберу мақсатында
республикалық бюджетте
"Шетелдік іссапарлар"
бағдарламасы және "Сыртқы
саяси қызметтерді үйлестіру
жөніндегі қызметтер",
"Мемлекеттік шекараны
делимитациялау және
демаркациялау" мен
"Шетелдегі дипломатиялық
өкілдіктердің арнайы,
инженерлік-техникалық
және нақты қорғалуын
қамтамасыз ету"
бағдарламаларының
162 ерекшелігі бойынша
көзделген қаражатты
пайдалану қағидаларына
қосымша
  Нысан

      ___________ сомасына (АҚШ
доллары немесе еуро) Аванстық
есеп
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Жауапты хатшысы
Жүргізілген шығыстардың
орындылығын растаймын
____________________________
(қолы)
күні "___" _______20___жыл

Аванстық есеп № ______________ "___" ___________20____жыл 20____жыл _______ № ___________ негіздеме

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 22.07.2015 № 11-1-2/301 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 17.01.2018 № 11-1-4/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Іссапарға жіберілушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________________

      Есеп берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________

      Іссапар мерзімі __________________________________________________________________

      Бағдарлама ______________________________________________________________________

      Ерекшелік ______________________________________________________________________

      Елдің атауы _____________________________________________________________________

      Валютаның атауы ________________________________________________________________

      Валютадағы операцияның атауы 1евро/АҚШ доллары үшін теңгенің Қазақстан

      Республикасының Ұлттық Банктегі бағамы теңгедегі баламасы

      ________________________________________________________________________________

      20____жыл_________________ қарызы

      № шығыс кассалық ордері бойынша _________________________________________ алынды.

      Барлығы _________________________________________________________________ алынды

      Шығыстар ______________________________________________________________________

      20______жыл ______________ № сметасы бойынша қалдық ______

      Оның ішінде авиабилеттер:

      Мынадай сомаға: есеп берді.

Корреспонденттік субшот

Сома

Дебет

Кредит


1

2

3




      _________________________________________________

      іссапарға жіберілген адамның/есеп берушінің қолы

      Күні ___________________________________________________________________________

      Аванстық есепті қабылдаған _______________________________________________________

      Аванстық есепті тексерген _________________________________________________________

      Басқарма басшысы _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Аванстық есеп іссапар аяқталғаннан кейін үш күннен

      кешіктірілмей ұсынылады парақтың сыртқы беті

      Шығындарды толық таратып көрсету (шетел валютасында)

Іссапарға жіберілген адам

Шығыстар түрі

Ескерту

сома









Барлығы


      ____________________________________________________

      іссапарға жіберілген адамның/есеп берушінің қолы

      ____________________________________________________

      барлық есептерге растаушы құжаттар қоса беріледі

      Өкілдік шығыстар Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесі Бастығының,

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысы орынбасарының, Сыртқы

      істер министрлігінің Жауапты хатшысының, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау

      комиссиясы төрағасының немесе мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын жіберген

      кезде өкілеттік берілген адамның қолы елтаңбалық мөрмен расталған актіге сәйкес есептен

      шығарылады

      Ескерту

      Қосымша төленді:

Іссапарға жіберілген адам

Шығыстар түрі

Авиабилет нөмірі

Сома

Жеңілдік

Сома







Барлығы