«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына мамандандырылған нефрологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 86 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 15 наурыздағы № 7461 мемлекеттік тіркелген, 2012 жылғы 15 мамырдағы № 68 Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Бөлімшеде (орталықта) гемодиализ сеансын өткізуге белгіленген тариф шегінде гемодиализ сеансын өткізгеннен кейін амбулаториялық пациенттерді тамақтандыру ұсынылады.
35. Гемодиализ қызметтерін ұсынатын бөлімшеде (орталықта) гемодиализ сеансын өткізуге белгіленген тариф шегінде гемодиализ сеансын өткізу үшін пациенттерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова