«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 14, 15-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекелді бағалау дәрежесінің критерийлері;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметтің бақылау парағының нысаны.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Министр Б.Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 62 бұйрығына
1-қосымша
Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды
орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлері
1. Осы Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектісінің тәуекел көрсеткіштерін дәрежелері бойынша анықтау үшін әзірленген.
2. Осы Критерийлерде мына түсініктер қолданылған:
1) тәуекелді бағалау критерийлері - жеке сот орындаушылары атқарушылық іс әрекетті жүзеге асыру нәтижесінде оның салдарының дәрежесі есебімен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтіру мүмкіндігі;
2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері - бақылау субъектісін түрлі тәуекел дәрежелерін жатқызуға мүмкіндік беретін оның тікелей қызметімен байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
3) тәуекелдерді бағалау жүйесі - сот актілерін жеке атқару саласында бақылау субъектісін тексеруді жоспарлау мақсатында уәкілетті орган өткізетін іс-шаралар кешені;
4) бақылау субъектісі - «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға.
3. Бақылау субъектісі қызметінің тәуекелін бағалау оның жұмыс өтілі, тексеру нәтижелері, жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар есебімен жүргізіледі. Субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша тексеріс нәтижелері есебінен бөлу оның қызмет тәуекелінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.
4. Тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін сыныптастыру:
1) тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер - жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес сот орындаушылары;
2) тәуекел дәрежесі орташа субъектілер – атқарушылық іс жүргізу саласында 3-5 жыл жұмыс тәжірибесі бар жеке сот орындаушылары;
3) тәуекел дәрежесі болмашы субъектілер - атқарушылық іс жүргізу саласында 5 жыл және одан жоғары жұмыс тәжірибесі бар жеке сот орындаушылары.
5. Бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесі жеке сот орындаушысы ретінде оның қызметі нәтижесінде сапалы критерийлерге байланысты қайта бөлінеді.
Тәуекелді бағалау бар ақпараттарды жүйелі түрде қолдану жолымен жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісінің балы келесі критерийлерге сәйкес беріледі:
1) жойылмайтын атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама нормаларының бұзушылықтарының болуы - 5 балл;
2) жеке сот орындаушысына қатысты прокурорлық әрекет ету актісінің болуы - 3 балл;
3) жеке сот орындаушысына қатысты сот тәртібінде жойылған, кейін заңды күшіне енген атқарушылық әрекеттің, жеке сот ұйғарымдарының болуы - 3 балл;
4) жеке сот орындаушысының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығымен бекітілген іс жүргізу ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6628 нөмірімен тіркелген) қадағаланбауы - 3 балл;
5) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталу талаптарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6629 нөмірімен тіркелген) қадағаланбауы - 2 балл;
6) азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісімшартының болмауы – 5 балл;
7) жеке сот орындаушысының Кәсіби ар-намыс кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жазасының болуы - 2 балл;
8) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығымен бекітілген атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6630 нөмірімен тіркелген) бұзу туралы – 5 балл;
9) жеке сот орындаушысының көмекшісімен еңбек шартының болмауы - 2 балл;
10) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде жеке сот орындаушыларының қызметіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың негізді шағымының болуы - 1 балл;
11) жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жүзеге асырылмауы - 1 балл;
12) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6625 нөмірімен тіркелген) талаптарын қадағаланбауы - 2 балл;
7. Әрбір тәуекел критерийі бойынша шекті көлемі бар тиісті балдар беріледі.
8. Тәуекел критерийлерінің балдары барлық критерийлер бойынша жалпы қорытындысын анықтау үшін қосылды.
9. Барлық тәуекел критерийлері бойынша сандық қорытындысы бақылау субъектісін тәуекел дәрежелері бойынша сараланады.
10. Тексеріс субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) тәуекелдің жоғарғы дәрежесі – 25 балдан жоғары;
2) тәуекелдің орташа дәрежесі – 10-нан 25 балға дейін;
3) тәуекелдің төменгі дәрежесі – 10 балға дейін.
11. Жоспарлы тексерістерді жүргізу мерзімділігі:
1) жарты жылда 1 рет – тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер;
2) жылына 1 рет - тәуекел дәрежесі орташа субъектілер;
3) 2 жылда 1 рет - тәуекел дәрежесі төмен субъектілер.
12. Жоспарлы тексеріс бір тәуекел тобының ішінде ең көп балл жинаған бақылау субъектісіне жүргізіледі.
13. 1 жылға дейін жұмыс өтілі бар бақылау субъектілеріне тексеріс олар тіркеуден өткен, жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындалған кезден бастап бір жыл ішінде жүргізіледі.
Тексеріс нәтижесі бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бақылау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 62 бұйрығына
2-қосымша
нысан
Жеке негізде (жеке сот орындаушыларының) атқарушылық
құжаттарды орындау қызметінің
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексерісті тағайындаған орган _______________________________________
Тексеріс белгілеу актісі ____________________________________________
(күні, №)
Тексеріс жүргізілетін бақылау субъектісінің аты, әкесінің аты, тегі _____________________________________________________________________
Жеке идентификациялық нөмір (ЖИН) ___________________________________
Тексеріс жүргізілетін жердің мекенжайы ______________________________
Тексеріс жүргізілген кезең __________________________________________
Тексеріс жүргізу мерзімі ____________________________________________
(тексеріс жүргізу үшін кеткен күндер)
Тексерістің басталған және аяқталған кезі ___________________________
(күні, уақыты)
№ |
Талаптар тізбесі |
Ия |
Жоқ |
1 |
Жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс-әрекетті жасау кезінде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның талаптарын сақтауы |
||
2 |
Жеке сот орындаушысының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығымен бекітілген іс жүргізу ережесін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6628 нөмірімен тіркелген) сақтауы |
||
3 |
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 307 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталу талаптарын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6629 нөмірімен тіркелген) сақтауы |
||
4 |
Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы |
||
5 |
Жеке сот орындаушысының Кәсіби ар-намыс кодексін сақтауы |
||
6 |
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығымен бекітілген атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6630 нөмірімен тіркелген) сақтауы |
||
7 |
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6625 нөмірімен тіркелген) талаптарын сақтауы |
||
8 |
Жеке сот орындаушысының әрбір көмекшісімен еңбек шартының болуы |
||
9 |
Жеке сот орындаушысына қатысты прокурорлық әрекет ету актісінің болмауы |
||
10 |
Жеке сот орындаушысына қатысты сот тәртібінде жойылған, кейін заңды күшіне енген атқарушылық әрекеттің, жеке сот ұйғарымдарының болмауы |
||
11 |
Атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде жеке сот орындаушыларының қызметіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың негізді шағымының болмауы |
||
12 |
Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру |
Лауазымды тұлғалар:
_________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы) (қолы)
Бақылау субъектісі:
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы) (қолы)
Ескерту: бірнеше парақта жазылған тексеру парағын тексерісті жүзеге асырған орган тігіп, нөмірлейді.