Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 наурызда № 8390 тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2016 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) және Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы

      Ескерту. Номенклатура жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2016 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.10.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Білім беру ұйымдарының түрлері:

      1. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      1) бөбекжай;

      2) балабақша;

      3) отбасылық бөбекжай;

      4) санаторлық бөбекжай;

      5) "мектеп-бөбекжай" кешені;

      6) мектепке дейінгі шағын орталық.

      2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта):

      1) білім беру деңгейі бойынша:

      бастауыш мектеп;

      негізгі орта мектеп;

      жалпы орта білім беретін мектеп;

      2) оқыту бейіні бойынша:

      гимназия;

      лицей;

      бейіндік мектеп;

      3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:

      шағын жинақты мектеп;

      тірек мектеп (ресурстық орталық);

      түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;

      кешкі мектеп;

      девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

      ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы;

      аурухана жанындағы мектеп;

      4) халықаралық:

      халықаралық мектеп;

      5) интернаттық ұйымдар:

      мектеп-интернат;

      әскери мектеп-интернат;

      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

      көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат;

      санаториялық мектеп-интернат.

      6) біріктірілген:

      мектеп-гимназия;

      мектеп-лицей;

      қосымша білім беру мектеп-орталығы;

      мектеп-интернат-колледж;

      оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

      оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

      оқу-тәрбие орталығы (кешен);

      оқу орталығы.

      3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

      1) колледж;

      2) училище;

      3) кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      4) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған колледж;

      5) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      6) түзету мекемелері жанындағы колледж;

      7) әскери – техникалық колледж;

      8) жоғары колледж.

      4. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары:

      1) колледж;

      2) жоғары колледж;

      3) училище.

      5. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.10.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:

      1) ұлттық зерттеу университеті;

      2) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

      3) зерттеу университеті;

      4) университет;

      5) академия;

      6) институт;

      7) консерватория.

      7. Мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      1) мамандандырылған мектеп;

      2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп - лицей);

      3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);

      4) мамандандырылған мектеп - интернат;

      5) мамандандырылған мектеп - лицей - интернат;

      6) мамандандырылған мектеп - гимназия - интернат;

      7) мамандандырылған музыка мектеп - интернаты;

      8) мамандандырылған спорт мектеп - интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп - интернат - колледж);

      9) мамандандырылған хореография мектеп - интернаты (мамандандырылған хореография мектеп - интернат - училищесі);

      10) мамандандырылған әскери мектеп - интернат;

      11) "Білім-инновация" лицей - интернаты;

      12) мамандандырылған мектеп - кешендер;

      13) мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;

      14) мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.

      8. Арнайы білім беру ұйымдары:

      1) арнайы бөбекжай;

      2) арнайы балабақша;

      3) арнайы мектеп;

      4) арнайы мектеп - интернат;

      5) арнайы кешен "балабақша - мектеп - интернат";

      6) арнайы кешен "мектеп - интернат - колледж";

      7) психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;

      8) оңалту орталығы;

      9) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

      10) логопедтік пункт.

      9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары:

      1) балалар үйі;

      2) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйі;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат;

      4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернат;

      5) отбасы үлгісіндегі балалар үйі;

      6) отбасы үлгісіндегі балалар ауылы;

      7) пана үйі;

      8) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы;

      9) жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы);

      10) қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы.

      10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) мектепке дейінгі дамыту кешені (орталық, академия);

      2) оқушылар сарайы (үйі, орталығы, кешені, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы және басқалары);

      3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталығы, экология және өлкетану балалар-жасөспірімдер орталығы);

      4) жас техниктер станциясы (орталық, балалар және жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі);

      5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспірімдер туризм орталығы);

      6) балалар аула клубы, балалар әскери патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары);

      7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер);

      8) балалар сауықтыру орталығы (орталығы, кешені, қала сыртындағы сауықтыру лагері және күндізгі уақытта ұйымдастырылатын лагерь, палаталық лагерь, киіз үй лагері);

      9) балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі;

      10) олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;

      11) балалар қызығушылығы мен жұмыстары бағыты бойынша ұйымдар;

      12) балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталықтары.

      11. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) қосымша білім беру институты;

      2) әдістемелік орталық (кабинет);

      3) қосымша білім беру (өңірлік, өңіраралық, салалық) оқу орталығы;

      4) білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның қосымша білім беру құрылымдық бөлімшесі.