«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасы Д.С. Есімовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Е. Байжүнісов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен бекітілген
Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді
жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін
қалыптастыру қағидасы
1. Жалпы ереже
1. Осы Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
1) өтініш беруші – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру туралы хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
2) қабылдайтын ұйым – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдары немесе хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын Халыққа қызмет көрсету орталығы;
3) түпкілікті қабылдаушы – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізумен байланысты қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы (тоқтатылуы) туралы хабарлаған субъектілердің тізілімін жүргізетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
2. Тізілімді қалыптастыру тәртібі
3. Тізілімдер өтініш беруші ұсынған мәліметтердің негізінде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылды.
Тізілімге деректерді енгізу өтініш беруші «Лицензиялаудың және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1655 қаулысымен бекітілген нысан бойынша хабарлама ұсынған күні түпкілікті алушы жүзеге асырады.
Тізілімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады және Exсel форматындағы электрондық түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сұратуы бойынша тізілімдерге енгізілген деректер ұсынылады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті мемлекеттік басқару органына жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді іске асыру мекенжайының, сондай-ақ тіркеу деректерінің өзгеруі туралы хабарлама түскен жағдайда тізілімге хабарлама берілген күні тиісті өзгерістер енгізіледі.
4. Тізілім денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының интернет ресурстарында мемлекеттік еркін қолжетімділік режимінде орналастырылады.
5. Сот дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.
6. Тізілімге хабарламада көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан орны, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын ақпараттың, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы деректер енгізіледі.
7. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді.
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдары медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді.
Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімі тәуекелдерді басқару жүйесін және тексеру жүргізу жоспарын қалыптастыру үшін ай сайын Комитетке және оның аумақтық бөлімшелеріне тапсырылады.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен бекітілген
қосымша
Нысан
Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді
жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімі
№ |
Хабарламаның түскен күні мен уақыты |
Заңды тұлғаның толық атауы, БСН / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН |
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайлары, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайлары |
Қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы, қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың тоқтатылуы, хабарламада көрсетілген деректердің өзгеруі туралы мәліметтер |
Өтініш берушінің байланыс деректері (электрондық почта, телефон, факс) |
Қызметті (белгілі бір әрекетті) жүзеге асырудың басталу уақыты мен орны |
Қызметті (белгілі бір әрекетті) жүзеге асырудың тоқтатылу уақыты мен орны (егер ол Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделсе) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |