"Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 48 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 наурызда № 8379 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 385-НҚ бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.11.2024 № 385-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 қарашадағы № 5359 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1584) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiнде:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі, заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркелу) туралы анықтама, жарғы, статистикалық карточка, салық төлеушісінің куәлігі, қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі (бар болған жағдайда) басқарушыны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі);".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Индустрия және жаңа


технологиялар министрі

Ә. Исекешев