«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген, «Заң газеті» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2180) жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:
1-бөлімде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
21 |
Қант диабеті |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Глибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген; |
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Таңбаларымен бір реттік инсулиндік шприцтер |
»;
2-бөлімде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
3 |
Қант диабеті |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Инсулин аспарт, картридждердегі ерітінді; |
»;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов) осы бұйрықтың:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы Е. Байжүнісов