"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 49 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 ақпанда № 8343 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес Ел бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 37, 38-жолдармен толықтырылсын:
«

37

Литва Республикасы

675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

-

560 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

38

Әзірбайжан Республикасы

500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

-

450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

                                                                   ».

      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Тулеков):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Жұмағұлов