Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6395 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерді, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуінде:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы Ереженің 34 және 35-тармақтарында айтылған ҚЭН, сондай-ақ қосымша материалдарды Әкімшілер титулдық бланкіде бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның немесе жауапты хатшының қолы қойылған жеке ілеспе хатпен, сондай-ақ электрондық көшірмесін қоса тіркей отырып ұсынады.
Ілеспе хатта ҚЭН-нің атауы, мәлімделген сома және Инвестициялардың жүзеге асырылу жылы, қоса тіркелген құжаттар тізбесі көрсетіледі.
ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруларға, қосымша дәлелдемелерге немесе ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға немесе жауапты хатшы қол қояды.
ҚЭН-ді әзірлеуге жауапты Әкімшінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы ҚЭН-нің, сондай-ақ қосымша материалдардың, оның ішінде теріске шығарулардың қосымша дәлелдемелердің немесе ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпараттың әрбір парағына қол қояды.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) еншілес және тәуелді ұйымдары әзірлеген ҚЭН мен техникалық-экономикалық негіздемені мақұлдауды бюджеттік кредит беру бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялар бағдарламаларын жоспарлау мен іске асыру, сондай-ақ оларды түзету кезінде Қор Басқармасы жанындағы тиісті Комитет жүзеге асырады. Уәкілетті мемлекеттік органға жолданатын қаржы-экономикалық және техникалық-экономикалық негіздемелердің әрбір парағына осы бағытқа жауапты Қордың басқарма мүшесі, ал оларға қосымша өзге материалдарға – осы бағытқа жауапты Қордың құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.».
2. Қазақстан Республикасын Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (Д.А. Қалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың 30 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялануын;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев