Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 41 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 наурызда № 7-9-117 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      2. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Н. Қарағойшин