Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру мақсатында Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жастар практикасы техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектерi арасынан тiркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын.
2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012.05.18 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Жастар практикасын өткiзудi қаржыландыру шаралары бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. С. Қарашинге жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Есенғалиев