Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарың басшылыққа ала отырып, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. О. Мырзагалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі М. Тусупкалиев
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 26 шілдедегі
№ 661 қаулысына
қосымша
Бөрлі ауданы бойныша нысаналы
топтарға жататын тұлғалардың
қосымша тізбесі
1. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби білім алған жұмыссыздар;
2. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
3. Жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелгендер.
4. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері жазғы демалыс кезеңінде.
Ескерту. Қосымша 4 тармақпен толықтырылы - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 31.05.2013 № 505 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).