Әлеуметтік көмек көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 шілдедегі N 4/9-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 06 тамызда N 2633 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 5678920–баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 2–бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1–тармағының 14) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдар;
      2) жасына байланысты зейнеткерлер;
      3) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелейтін тұлғалар;
      4) саяси қуғын–сүргін құрбандары;
      5) оралмандар;
      6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған немесе бұрын «Ардақты Ана» атағын алған көп балалы аналар;
      7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар, соның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары оқу орындарының (жиырма үш жасқа толғанға дейін) күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылары;
      8) балалар, соның ішінде жетім балалар және ата–аналарының қамқорынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, сондай–ақ тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан студенттер;
      9) күн көріс деңгейінен төмен табысы бар тұрмысы төмен азаматтар;
      10) онкологиялық сырқаттармен және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
      11) өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, табиғат апаттары).
      2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мынадай қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      4) салық төлеушінің тіркеу туралы куәлігі;
      5) отбасының табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) тиісті уәкілетті орган беретін қиын (төтенше) жағдайдың болғанын растайтын құжат;
      8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығынды растайтын құжаттар, немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы;
      9) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
      10) туберкулезге қарсы кабинеттен анықтама;
      11) екінші деңгейдегі банкте жеке шот.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Н. Серохвостова

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ә. Баяндинов