Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 1609 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қаңтарда N 2839 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын қамтамасыз ету мақсатында Зырян ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 26.06.2014 № 2525 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      1. Жұмыс орындарының жалпы есебінен үш пайыз мөлшерінде Зырян ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
      2. «Кәсіпорындар мен ұйымдарда мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы» 2006 жылғы 14 ақпандағы № 2073 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 10 наурыздағы № 5-12-24 тіркелген) Зырян ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Зырян ауданының әкімі                      Е. Сәлімов