Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 сәуірдегі N 2/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 04 мамырда N 5-7-116 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 1626 қаулысына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. «Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 26 шілдедегі № 24/8- IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-83 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 25 тамызда «Бесқарағай тынысы» газетінің № 35 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                          Т. СҰЛТАНОВ
      
      
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы                     Қ. САДЫҚОВ

Бесқарағай аудандық мәслихат
сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 2/5-V шешімімен бекітілген

Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 1626 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелері

      1. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашаққа кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      5) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.
      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекке дейін әрекет ететін абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      6. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:
      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын үй ғимаратын жалға (жалдауға) берген тұлғаларға;
      жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдары бар отбасыларға, келесі тұлғаларды қоспағанда:
      50 жасқа толған (жынысына қарамастан);
      І-ші, ІІ-ші топтағы мүгедектерді күтетін;
      18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетін;
      80 жастан асқандар немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатын.
      Жұмыссыз мәртебесі бар азаматтар үшін тұрғын үй көмегі уәкілетті органда тіркелген айдан бастап тағайындалады.
      7. Электрмен, газбен қамтамасыз етуге, байланыс қызметтеріне, тұрғын үйді ұстауға арналған шығындар көрсетілген түбіртек-шоттарға сәйкес нақты шығындар бойынша қабылданады.
      8. Жылумен, сумен қамтамасыз ету бойынша шығындар қызмет көрсетушілердің бағалары бойынша қабылданады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі анықтамаларды әр тоқсан сайын тапсырады.
      10. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
      11. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттармен өтініш берген айдан бастап тоқсанға тағайындалады.
      Толық емес айға тұрғын үй көмегін алу құқығы туындаған кезде тұрғын үй көмегі сол айдан кейінгі айдан бастап тағайындалады.
      12. Тұрғын үй көмегін қайта алуға өтініш берсе ағымдағы тоқсанда ұсынылған құжаттардың уақытына қарамастан тоқсанға тағайындалады.
      13. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      14. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      15. Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
      16. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      17. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.

3. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін
әлеуметтік норма және нормативтер

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі нормалар есептелінеді:
      1) алаң нормалары:
      жалғыз тұрып жатқан азаматтарға – 30 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасыға – 30 шаршы метр;
      3 және одан да артық адамнан тұратын отбасыға – әр адамға 18 шаршы метр.
      2) газды шығындау нормасы:
      айына бір адамға – 5,5 кг.
      3) электр қуатын тұтыну нормасы:
      1 адам тұрса – 90 кВт;
      2 адам тұрса – 180 кВт;
      3 адам тұрса – әр адамға 90 кВт;
      электр плиталармен жабдықталған үйлерде – бір тұрғынға 120 кВт;
      газ плиталар болған жағдайда - 90 кВт.

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      18. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен беріледі және ақшалай төлем түрінде белгіленеді.
      19. Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы іске асырылады.