Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 02.12.2014 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде квота белгіленсін.
2. "Қазығұрт ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 421 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-6-117 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінің 2010 жылғы 05 қарашадағы № 66-67 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкіміБ | Д.Қыстауов |