Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 635 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 маусымда № 14-4-120 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5-5 және 5-6 тармақшаларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ә.Өсербаев