Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 636 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 маусымда № 14-4-119 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-2 тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 13 сәуірдегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ә.Өсербаев